Дүмше балықшыдан бір әңгіме

Есіңізде ме, үйдегі аста-төк айран-шұбаттан жеріп, дүкеннің бөтелкеге құйылған кәуділгі қара суына құмартып тұратын балалығымыз? Көршім Гена тіскебасарға алып шыққан котлетін біресе көзіме, біресе мұрныма тақап; үйдің жанындағы өзенге барып қалай шабақ аулайтынын, оны еттартқыштан қара нанмен араластырып өткізіп, ұқыптап пияз бен аскөгін және салып, қалай қуыратынын айтып бергенде ауыздың суы құрып, сол балалық оянды: мана жеген ет пен ішкен сорпа бекер, жалпы бар өмірім бекер өтіп жатқандай көрінді. Шешімім де көп күттірмеді: «жұмыстан келген соң бір сағатқа қармақпен балық аулауға барып тұрам!». Тіпті алтын желбезек балықтарды суырып алып жатқанымды және қасымдағылардың бұл табысыма деген қызғанышын елестеттім. «Тәңірдің таңы атсын осы бар ғой!» деп, күпініп-дөңбекшіп шықтым. Не құдірет десейші осы желігуді: таң ата енді ашылып жатқан базардан қармақ-инені далбаса қымбат бағаға іле кеттім. Балық аулайтын асай-мүсейді жұмысқа алып келгенімде, әріптестер «біздің үйдің қасында 800 теңгеден толып тұр, ит жемейд» дегенде, төрт есе қымбатқа алғанымды бір-ақ білдім. Желігу деген осы ғой.

***
Елек өзенін біреулер облыстағы, біреулер республикадағы, ал базбіреулер ластығы жөнінен тіпті әлемде бірінші орында тұр дейді. Әйтеуір ферроқорытпа зауыты руда шайған суын осы өзенге ағызып жіберіп, өкіметке 5 млн айыппұлын төлеп тастап қарап отыра береді дегенді естігем. Ал былайғы халық «кілем жуып алу керек ед» деп, осы өзенге тартып кететінін күнде көріп жүрмін. Бұған жағалауда қалатын көңілді отырыстардың қалдықтарын қоссаңыз — су орнына у ағып жатқанына күмәніңіз қалмайды.

Дегенмен қала халқы осы өзенге құмар-ақ. Ел аузында «земснаряд» деп аталып кеткен, қаладан — Жыланды, Заречная елді-мекендеріне баратын көпірдің асты құжынайды да жатады. Қызық көрініс енді: мына жақта біреулер улап-шулап, суға күмп беріп секіріп жатса, мына жағында дүниеден баз кешкен кейіптегі кісілер балық аулап отырады. Білмейм: біздер секірмек түгілі, сөйлесек те үлкендер «балықты үркіттің әкеңаузы!» деп, құйрықтан тебуге үлгірмей қалса, қармақпен қақ шекеден қойып қалатын. Әлде көлдің жөні бөлек шығар. Даланың көлдері өзінің берекетімен көп еркелетіп жіберген шығар. Електі менсіне қою қиын енді қай жағынан қарасаң да…

***

...Қармақ салғаныма жарты сағаттан асса да, әлгі су басындағы үнсіздік назымы бар ғой, әлгі «дүниебоқ» дейтін ойлар ше, жаңағы — құрығанда ғаламның құпиясына бас салатын күй ше, түсіндіңдер ғой ғой әйтеуір: сол — келмеді. Қаланың қайнаған өмірі тым жақын болғасын да шығар. Алда-жалда алдымнан жүзіп өтетін қалдықтар ойды тіпті басқа арнаға бұрып жатыр. Балық пен пәлсапа жөнінде қалып, түнде осы маңда болған отырыстың бейнесін құрастыра бересің еріксіз.

Мінеки, мынау жайбарақат жүзіп бара жатқан қарбызды хеллоуиндік асқабақша ойып жепті. Бір жігіттер бір қыздарға осылайша ебін көрсетіп қырындады білем, ой пәлі-ай десейш! Ал әнебір пенопласт үстінде ішілмеген бөтелкесімен жүзіп барады. Ол да түсінікті: сыраны салқын ұстау үшін суға батырып, мойындарын пенопласт қалтқыға байлап қойып, кейін қай жерге қойғанын ұмытып кеткен сірә. "Өй дауылбай!" деп, сырадан айырылып қалған аңғал бауырыма достары мұрнын тыржитты да, қырдың артындағы дүкенге барып, екі әйтпесе үш жартылық әкелді. Ал мынау, арасында иірімге айналып-айналып алып жүзіп келе жатқан қарбыз тіпті қызық: бүтін. Бірақ оның бүтін емес екендігіне кепілдік беремін. Бұл әлгі — қарбызға шприцпен арақ егіп екі-үш күн ұстап, сосын төрт қасықтан асап мұрттай ұшатын қуақылардың ісі. Бал ашып болып отырмын әйтеуір: балық жайына қалды.

Жүйесіз ойлардан да шаршап, қайтайын құрысын дей бергенім сол еді, суда әлдекімнің монументалды көлеңкесі пайда болды. Көлеңкенің тізесі бергі жағадан басталып, басы арғы жағаға барып бірақ тірелді. Артыма бұрылдым.

-Резван! — деді көлеңке иесі қолын созып.

Оның артындағы бұта арасында тап жаңа пайда болған қуыс пен жапырылып жатқан шөпті көріп, «Кавказдықтардың да қаңғыбастықпен күнелтетін түрлері болады екен-ау!» дедім ішімнен. Резван болса — суға батырып қойған ішіп-жеміме көрінеу де көрнекі түрде көзін сатты. «Переселендерге көрсеткен дархандықты тағы қайталап жіберейік ендеше» дедім ішімнен өзімді де, оны да кекетіп. Судан қалтаны көтеріп қалып едім, бәсе, бұлар тамақ сұрайтын ба еді: бірден сыраға жармасты. Өзінің айтуынша, «түндегі қым-қиғаш шытырман оқиғаға толы тірліктен» бас көтере алмай жатыр екен. Мен оған құтқарушы пайғамбар болдым әйтеуір. Шишаның қақпағын алдымен күрек тісімен икемдеп, болмағасын азу тісіне қарай жылжытып тістеп қалды да, қақпағын қылт еткізді. Сосын қалайы қақпақты сонша жиіркенішпен түкіріп тастап (енді ше, ішуге ең аяғы қақпаққа дейін кедергі!), қылқылдата жұтты дейсің! ішуінің тездігіне қарап, екінші бөтелкеден өзіме бірдеңе ауысатынына үмітім азая берді. Жоқ: сыраны тауысып, келесі бөтелкеге иек артпады. Маған сырамның қарымтасын қайтарғысы келді ме, дөрекі де сауатсыз орысшасымен:

— Мен саған керемет рецепт айтайын! Ешкімге айтпа! — деді.

-Неғылған рецепт? — деймін мен.

-Мынау жауынқұртпен аулап отырған ісің — іс емес, — деді ол, — ал есі дұрыс мұжықтар басқаша аулайд! Тіпті бассейннен де, ваннадан да бір шелек балық алып кетуге болатын рецепт!

— Ал, құлақ Сізде.

— Бұл жердің суының ластығы сондай, балықтар ине басындағы жауынқұртың ирелеңдеп жыбырлап, үш реверанс жасап, ламбада билеп жатса да көрмейд.

-Енді?

-Ақылды жігіт сияқтысың ғой: балыққа қалатын қандай сезім?

-Иіс?

-Иес, иес, окей-олрайт: иіс, иіс! Тек ешкімге айтпа жақсы ма? Әйтпесе сен сияқты демалу үшін балық аулаудың орнына, өнеркәсіпке айналдырып жіберед бұ халық, табиғатқа деген еш сыйластық қалмады әкесініңаузын, бұл жұрт бар ғой, бірдеңені көрсетсең… ал әлемде экология жаңағы, апаттарды айтам да… кешегі тайфундар мысалы… күлкім келед те, табиғат өзінен өзі жынданып жатқандай айтад жұрт… кеше түнде сиіп тұр мысалы жігіттер тура өзенге…

-Айтасыз ба, жоқ па?

-Айтам, айтам! Сонымен, валерьянка бар ғой кәуділгі?

-Жүрек талмасы мен мысық?

-Дәл сол дәрі! Ал диктофоныңды қос, хе-хе, айта бастаймын: жарты шай қасық валерьянканы ұнға құйып, қамыр илейсің де, ол қамырды мақтамен араластырып және илейсің. Мақта — қамыр суда еріп, ағып түсіп қалмау үшін арматура! Болды! Тек қармақты тартып үлгеріп отыр!

Неге екені белгісіз: бұл әдіс табыстың кілтіндей көрінді, жүз пайыз жұмыс істейтін тәсіл табылғандай қуантты. Резван «x-files-тен» еріксіз «мемлекеттік құпия жариялағаны» үшін екінші бөтелкені дәметті, мен де ұстата салдым. Оны қылғытып салған Резекеңнің ризашылығында шек болмады: енді маған тап жаңағы өзі айтқан соны әдіспен балық аулап отырған адамның тірі мысалын көрсетпек болды.

Шынымен-ақ! Қырдың ар жағында орыс шал отыр екен, үш қармақ тастаған. Тек тартып үлгеріп отыр, бір қармақты салса — екіншісін қауып жатыр! Тіпті балық аулағаннан гөрі ертеңгілік жаттығу жасап жатқан сияқты: қармақты үсті-үстіне көтеріп, қолын сермеуден босамай отыр. Бір сағаттан бері қалтқысына инеліктен басқа тірі жан жоламаған маған бұл көрініс қалай әсер етпесін?!

***

...«Вальерянканы аз құйдым ба? Бірақ жарты қасық деп еді, мен аямай бір қасық құйдым ғой? Тіпті иісі үйді алып кетіп, үстіме де сіңді. Әйтеуір есік алдындағы тал үстінде қонақтап отыратын тарғыл мысық мен қасынан өткенде елең еткен. Әлде, керісінше — тым көп пе? Жоға, иіс күшті болмай ма онда? Көріңде жанғыр Резван! Бір жартылық әкеліп тұрмын-ау тіпті оған!...».

Қармақтың қылын ұзарттым. Оным тек шаян ұстауға жарады. Бөтелке теріп жүрген біреулер:«бұ жердің тереңдігі 1,5 метр, өткен жылы марқұм Зарлықтың мүрдесін аулаған аквалангисттер айтқан, ендеше қармағыңды қысқарт» деп, ақыл айтып кетті. Зарлықтың қайырын берсін деп, қармақты қайта қысқарттым, бірақ бәрібір: нәтиже жоқ.

Ұятты қойып, қырдың артындағы әлгі құдіретті балықшы шалға барып, сұрақты төтесінен қоюға бекіндім. Балықты кәсіп ететін жұрт өзі қызғаншақтау келеді, айта салмас. Бірақ,«кім біліпті?».

Шал өзінің кешегі репертуарында екен: қызылгөз, табан балықты, арасында шортанды тек тартып үлгеріп отыр. Тіпті уақ балықтарды менсінбей, жіберіп қоя беретінге ұқсайды. Қипақтап-именіп, ұялып-сескеніп қасына жақындадым әйтеуір. Ол маған алая қарады.

-Не керек?

-Сіздің аулап отырғаныңызға қызығып… Маған ештеңе ілінбей жатыр күнұзаққа… Валерьянка да, жауынқұрт та кетіп жатыр, біреуі ілінсейш…

-Үйіңде сарымайың, нан мен қантың, шайың бар ма?

-А? Неге?.. Сарымайды алам ғой қажет болса… Бар да болу керек негізі…

Бір рецепт айтады ма деп қалыппын.

-Ал менде солар жоқ, түсінесің бе? Мыналарды еттартқыштан өткізіп котлет жасап, әйлеім базарға, пойызға апарып сатады, қартайғанда сөйтуге мәжбүрміз балам, түсінесің бе? Сенің жасыңда болсам, бұл сасық судың балығына қарамас та едім! Ендеше маған конкурент керек емес! Ренжіме! Ренжісең сабап кет — оған да көндім!

Мынадай кесіп айтып салғанды жиі көрмегесін бе, аузыма сөз түспей, аңқиып қалыппын.

-Сабағаны несі, оныңыз не...-дей беріппін.

— Осы жұрттың өзенге жасамаған «химиятерапиясы» қалған жоқ әйтеуір,-деп жалғастырды ол жібіп, — өткенде біреу күрішті валидолға бөктіріп әкеліпті, шек-сілемнің қатқанын-ай, муах-ха-ха-хааа!

Шал аңғарды жаңғырта, рахаттана күліп алды. Сосын қайтадан салмақтанып:

— Ұятың бар шығар, ең болмаса үш жүз метр алыс отырам деп уәде ет!-деді.

— Жоға, айтқыңыз келмесе айтпай-ақ қойыңыз...-деймін мен күмілжіп.

— Космостың құписын жасап не істейін? Мына жердегі арақ зауытта бидайдың қабығы бар, барып «жмых» деп сұрасаң — бере салад. Соны әкеліп осында кешке бір рет, таңертең бір рет шелекпен төгіп кетемін. Балықтар соған дәнігіп алад. Болды, қармақты тастай бересің де, тарта бересің…

***

… Ауылда шанышқымен салаттың жүгерісін теріп жегендей, балықты істікпен қадап ала беретін дархан уақыттар есіме келе береді. Жарты киләлік балық — балық емес еді. Тоқетері, Електің қала ішіндегі жағасы балық аулайтын жер емес-ау тегі. Ана жақтан зауыт уын құсып жатыр, мына жақта халық палас жуып жатыр. Жә қойшы, мойындайын: әлгі шалдан ұялып бармай жүрмін шынымды айтсам…

… Со қармағым қайда кетті өзі? Ие, есіме түсті: жалюз бен перде іліп нәпақа табатын бір досым «карнизге қолым жетпеген кезде жақсы екен» деп, сұрап ап кетті де, мол кетті. Бір орам қыл бар еді, оны домбыраға байлауға сұрап алып кеткен көршім жоқ қылды-ау деймін осы. Ал бір қорап инені кезекті бір отырыста Генаға сыйлай салдым. Өлердей қуанды. Орекең қызық халық осы: болмашыға баладай қуанып. Әлде тек ниеттің өзі азық па екен оларға?..
technosyndrom

Техник-программист

    Ұқсас посттар

    58 пікір

    a63a1
    әлгі су басындағы үнсіздік назымы бар ғой, әлгі «дүниебоқ» дейтін ойлар ше, жаңағы — құрығанда ғаламның құпиясына бас салатын күй ше, түсіндіңдер ғой ғой әйтеуір: сол — келмеді.
     дәл солай
    Abilakim
    тамаша жазба.Тамаша суреттер))
    a63a1
    Шал балықшылығыңа балта шапқан екен
    VKM
     Біздің ағашка әдемі жазады
    Менің папам балық аулау, охотаны жақсы көреді, барлық прибамбастары бар, бірақ уақыты ғана жоқ.Дәмдеп отқа істеген ухасы тамаша!
    meirzhan
    бірақ уақыты ғана жоқ.
    patick
    жалпы шенеуніктердің ермегі сол ғой — аңшылық пен балық
    AKY
    Ал былайғы халық «кілем жуып алу керек ед» деп, осы өзенге тартып кететінін күнде көріп жүрмін.
     талай жуғанбыз
    patick
    Біздер жайылмаға төсеп, ығып кетпеуі үшін таспен бастырып қоятынбыз. Екі-үш күннен кейін шығарып аласың
    AKY
    біздер таңертең семьямызбен бүкіл шашлық-машлығымызды, шәй-пәйімізді алып шығатынбыз. Сосын бір ужассный химикатпен кілемдерді көпіртіп тұрып жуамыз, оны сосын Елекке ағызамыз. Әбедте сосын рахаттанып шәй ішеміз. Түс қайта әлгі суға өзіміз де шомыламыз мәз-мейрам болып, «ағын суда арам жоқ» деп қойып. Ағысы шынымен әжептәуір. Кешке уже шаршааап үйге қайтамыз.
    Zhan
    Күшті, әсірелеу жоқ, ұтқыр шығарма. Кітап шығардыңыз ба или енді шығарғалы жатырсыз ба? Оқырманыңызбан.
    AKY
    сіз деп сызыла қалуын
    Zhan
    Қай жылғы екенін білмеймін.
    asaubota
    көптен бері мұндай дүние оқымаппыз ғой. нақмет рақ.
    bazuka
     мықты жазба.
    Елекке біррет суға түсем деп батып кете жаздағаным бар сонан кейін барып көргем жоқ)
    Aldeken
    Ереке, базар жоқ. Рахмет!
    bakhyt
    Күшті жазылыпты!  қарбызға шприцпен арақ егетінді білмегем. Ондай да болады екен деп отырмын таңғалып...
    Gastarbaiter
    Өте әдемі жазба, мен балық аулаудың философиясын түсінбейдім: тыныштық жақпайды өзіме, ал ішіме жүз грам барса, суға түсіп балықтарды үркітіп шалпылдататын ептібаймайыттарданмын, бірақ мына жазбаңның әр әрпінен ескен жылу мен тыныштық сезімі, тап сол балықшы біткен құмартатын рахат сезіміне бөлегендей әсер берді. Әр мәтіннің жайбарақат ырғағы мен қарапайым адамдардың бейнелері, олардың ішіне бойлап, еш жасанды астарсыз, оқырманды өмірге олардың көзімен қаратқыза білуің сүйсіндірмей қоймайды. Жазбаң мен оқырман арасындағы көмескі кедергілер сейіліп, әр кейіпкерің, әр оқиғаң қол созым жердегідей жақын көрінеді. Содан болар, менің де өмірге құштарлығым күшейіп, кәдімгідей демалып қалдым. Үлкен рахмет, Ереке!
    NaimanKa
    Жақын арада орысша «Старик и море» деген кітап оқыдым, сол кітаптағы байқұс шалға андағы рецепттерді берсе ғо шіркін…
    Ал жазғаныңыз жақсы екен , тіпті шалдың әңгімесін оқып (бірақ соны өз құлағыммен тыңдағандай болдым негізі ше) оған жаным ашып, ал өзімнің өмірім тамаша екенін түсіндім.
    Әйткенмен балық аулауды түсінбейм, жігіттерге қарап ішім пісіп кетеді.
    NaimanKa
    Айтпақш, біздің қалада күнде көпірдің үстінде балық аулап тұрған үлкен ағайды көрем (шал деуге ертерек қо дим оны). Соның да әйелі бір жерде кәтлет сатам ма екен...
    kozildirik
    Ағайларды шал деуге қимай жүргеніңе қарағанда… Найман қыздардан қорық деп отыратын әжем
    meirzhan
    Аягөз наймандардың ортасы емес пе.
    kozildirik
    Найманнан әйел алма деп ескерткені шығар жарықтықтың
    NaimanKa
    Найман қыздарынан көрген қорлығыңыз бар ма..? Бермей қойған бір нәрсесі бар мед әлде?
    kozildirik
    Наймманнан қыз алсаң бір жылың үш жыл болып есептеледі екен Ұсынғаны болса да қарамай, оңтүстіктен алдым. Кешігіп қалдыңыз қарындас Киноға барыңыз бойдақ жігіттермен
    Marationok
    Наймманнан қыз алсаң бір жылың үш жыл болып есептеледі екен
    Әнектегідей екен, татар қыздары туралы.
    kozildirik
    Дәл сол ғо, әжеме айтпаған ғой боян болмайт деп, сосын маған айтқандары
    Marationok
    О дүниеде сот жүріп жатыр, яғни қиямет күні:
    Біріншсінен сұрайды екен:
    -Қалай өмір сүрдің? Зұлымдық, жамандық жасадың ба? Әйелің кім? Немен айналастың?
    -Әйелім татар, жамандық ешкімге жасамадым, әйелімнен қорлық көрдім,- типі, былай да былай етіп жауап береді, сөйтіп оны «Сен жәннатқа барасын» деген екен. Екіншісі соны естіп алып:
    -Мен де екі әйелім болған, екеуі де татар, — деп сөзін аяқтатпай оған «Сен тозаққа барасын», деген.
    -Өй неге? Анада әйелі татар ғой, неге оны жәннәтқа мені тозаққа?
    -Саған тозақ та, жәннәт болып көрінер, — деген екен.
    meirzhan
    әбден боян болған стандартты шаблон ғой
    kozildirik
    Ренжімеңіз, әжемнің әңгімесін боямасыз айтып бергеніме. Ол мөлшермен сексенінші жылдардың аяғында айтқан еді. Ол кезде әлі боян болып үлгермеген, свежий болса керек. Соны мен бүгін еске алып, әжемді цитировать еттім. Осыншама шүйліккеніңізге қарағанда Найманның қызына ғашық болып жүргеннен саумысыз?
    meirzhan
    Орыстар өз-өздерін біткен алқаш санап, күнделікті көшеде балалайка тартып, көшеде аюлармен қатар жүреміз деген шетелдіктер таңған стереотипке сенгендері қаншалықты миға қонымсыз болса, наймандар ортасында өмір сүріп, осындай шаблонды стереотиптерге сену соншалықты ақылға қонымсыз.
    kozildirik
    Түууу, сен де бір… Қыздармен сөз қағысып отырғанда кәйіпті бұзып… Найман қыз көпірге кетті балық аулауға, артынан бара ғой АйтпақЧ Найман туралы еш стереотип жоқ, мен өзім Найманмын. Бәрін жақсы білемін
    Marationok
    Қонымды. Дегенмен, қанша сенбесеңде, «ойбой мынау әншейін ғана кездейсоқтық»- десең де, бірақ бәрібір онда бір логикалық байланыс бар. Сеңсен де, сеңбесең де.
    Marationok
    Осы сөзді, әлі күнге дейін түсіне алмай жүрмін, «Шаблонды Ыстандарт» деген не пәле өзі? Қайдан шыққан термін? Генрих Макмиллан ба, әлде Вадим Зеланд пе? трансерфингтің шыңдығы
    meirzhan
    оффтоп жасамайық, болды.
    NaimanKa
    Наймандардың қыздары алтын асық,
    Үлкендердің алдында кіші, жасық.
    Артынан қарата алмай жүгіресің
    Найманның сұлуына болып ғашық
    kozildirik
    Ары ойна бар, бойдақ жігіттермен!
    NaimanKa
    олар тормыз болып отырса қайтем
    kozildirik
    Онда ана көпірдегі шал деуге қимайтын ағаңмен балық аула
    NaimanKa
    Кешкіге қармағымды даярлап қойдым
    Daniar-Alan
    Наймманнан қыз алсаң бір жылың үш жыл болып есептеледі екен
     осы кен ғо кешегі айтып отқанң ))
    Marco
    Жақын арада орысша «Старик и море» деген кітап оқыдым
    Авторы Эрнест Хэмингуей деген жігіт-ау дим, да?
    NaimanKa
    иә, дәл өзі ғо. Сол кітап үшін оған ищо «нобель сыйлығын» берген дид, тек неге екенін түсінбедім.  Әйткенмен де кітап жақсы
    a63a1
    шім пісіп кетеді.
    жариттелмейме?
    NaimanKa
    сіздің кулинарлық фантазияңыз маған жат екен
    a63a1
    Іш піспейді пысады, сосын әқ емес ақ
    NaimanKa
    Жігіттер туралы менің постымды оқысаңыз сізге сол дұрыс болар деп ойлайм 
    Әзілден алшақтау адамсыз-ау дейм
    a63a1
    Жігіттер туралы пост? Қайда? Әзілдеп айттыңба?
    Gastarbaiter
    Найманка, Абзал, Көзілдірік сексуалды мәселелеріңді осы жазбадан тыс жерде шешіп алуларыңа кеңес берем. Иә, еркін блог. Иә, Админ Сталин емес. Бірақ… енді шамалы…
    Не-не тек осы жазбаның астын ұсақ әңгімемен былғамауға ұяттарың жетеді деп ойлаймын.
    punk
    ілмектер әдемі, жазба күшті, Гаста дұрыс айтады
    Не-не тек осы жазбаның астын ұсақ әңгімемен былғамауға ұяттарың жетеді деп ойлаймын.
    sammita
    Жиі жазып тұршы, бір деммен оқып шықтым
    Erlan
    Балық аулағанда аумен аулган унамайды, маган кармак салып, калткыннын батыпп шыгып турганы кызык, и калткы баткан кезде жанталасасын айдатартып )) 1 сынып шамасында шегени майстырып шпагат жіпке байлап суга лактыратынмын, 5-6 окитын кезимизде жалтырауыктын басына нан салып судын жагасындагы балыктарга тастайтбыз каппайды го
    n_benni
    Әсерлі екен! Дегенмен балық аулаған жақсығой… Тынығасың...Қазіргі қарбалас өмірде жан тыныштығын сақтауға үлкен үлес қосады.
    Marco
    Осыны оқыған сайын респектометрім істен шығып қала береді
    Marco
    Тағы бір мықты әңгіме
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.