Шын сезім, қашан келесің? (аудио)

  • Автор
ОҒМ жазбалары: Шын сезім, қашан келесің? (аудио)

Махаббат бар деп сенесің,
Көрсең де жай бір елесін.
Тулатып бойда қанымды,
Шын сезім, қашан келесің?

Құшаққа еркін енесің,
Толқуға сәттік ересің,
Балқытып, баурап тәнімді
Шын сезім, қашан келесің?

Кей кезде үміттенесің,
Кей кезде күдіктенесің.
Елітіп нәзік жанымды,
Шын сезім, қашан келесің?



Ақтөбелік Айболат Мамиров деген жігіт осы өлеңіме ән жазуға ұсыныс жасаған. Мен қарсы болған жоқпын. Біраз уақыттан соң әннің сұлбасы дайын болды, сілтемесі арқылы бір файлообменниктен жүктеп алдым.
Айболат_Мамиров_Шын_сезим_кашан_келесин.mp3

Әнді тыңдай келе, сөздерін біраз өңдеу керектігін байқадым. Сол күні-ақ біраз өзгеріс енгізіп, Айболатқа қайта жібердім:
1. Махаббат бар деп сенесің,
Көрсең де жай бір елесін.
Тулатып бойда қанымды,
Шын сезім, қашан келесің?
Құшаққа еркін енесің,
Толқуға сәттік ересің,
Балқытып, баурап тәнімді
Шын сезім, қашан келесің?

қ/сы:
Өрлетіп қиял өрнегін,
Мөлдір мұң ойды меңдеді.
Аңсаумен алау сезімді
Шөлдеді жүрек, шөлдеді.

2. Кей кезде үміттенесің,
Кей кезде күдіктенесің.
Елітіп нәзік жанымды,
Шын сезім, қашан келесің?
Білемін, биік белесің,
Көңілге демеу бересің.
Бақытқа бөлеп таңымды,
Шын сезім, маған келерсің...


Ол бірден қуана құп алып, әнді қайта жаздырып, салып жіберуге уәде берген. Содан бері хабар жоқ.
Айболааааат, осы жазбамды көре қалсаң хабарлас! Таяуда телефонымды жоғалтып алғам, номерің сонда кетті. Әніңді күте-күте шыдам таусылды, черновой вариантты инетке таратып жібердім)))
Халайық, қатты сынай көрмеңіздер, ол да, мен де жай ғана любительдер)))
AKY

Еркіндікті ештеңеге айырбастаман…

    Ұқсас посттар

    28 пікір

    asaubota
    черновой варианты да жақсы шыққан
    AKY
    Рахмет)
    Nurgisa
    Жаман емес! Жақсы тыңдалады екен. Аудиофайлды жүктеп, тыңдап көрдім. Соңғы нұсқасы боп жатса бөлісуді ұмытпассың!
    urimtal
    Егер чероновойы осындай болса, онда соңғы нұсқасы бұдан да керемет болып шыққан болар. Жақсы екен!
    AKY
    Соны өзім де естігім кеп жүр. Тауып беріңдерші, а? Танитын болсаңдар.
    asaubota
    Киви.кз-ке салып, плеер кодын осында қойып қойдым. түсірмей ақ осы жерден тыңдауға болады
    AKY
    Оййй, рахмеееет!
    bazuka
    http://www.zhastar.biz/index.php?name=forums&op=showthanks&u=Aibolat%20Mamirov&PHPSESSID=ae78f2abfd3c551b459d9ed2b9e18a0e
    хе хе жастарды қарап отырып мынаған көзім түсіп кетті)))
    bazuka

    хе хе жастарды қарап отырып мынаған көзім түсіп кетті)))
    bazuka
    жаңа ғана Әйгерімнен алып қайта қайта тындап отырым. күшті! Айболатты танымаймын екен Әйгер, Есеттен басқа әншіні танымаймын))
    Aibolat-Mamirov
    Салем, Айболат деген мен болам) танысып кояйык)
    VKM
    Айгера, супееер.Сегіз қырлы, бір сырлы деуші ма еді?:))))Сыйлаймын
    Zere
    Әйгерім, ән жақсы шыққан, бірақ әншінің даусы (((((
    AKY
    Ол композитор ғой. Өзі орындай салған сосын.
    Dinara
    жақсы шығыпты Әйгерім, әлі талай керемет дүниелер туатын сияқты ғой бұйырса :)
    AKY
    Әне махаббат қайда жатыр Айболат екеумізге плиз 500-ден
    Nurgisa
    Әйгерім, мына әнді қайтадан саласың ба? Сілтемелердің біреуі де істемей жатыр менде. Рахмет!
    VKM
    Файлообменник істемейді ғой.
    Aibolat-Mamirov
    Немене?))) кайда?? Мен бирденеден кур калдым ау дим??!!))
    Nurgisa
    Иә, Айболат, екеуіңізге… Бес жүзден…
    sammita
    келді ме сезімің сонымен
    AKY
    махаббат апталығына
    VKM
    Күшті осы өлең, Айгера!
    admin
    Basic көрмеген шығар бұл постты?
    madlen
    «Шын сезім қашан келесің?» деп жүрген Айгера да махаббатын тауып, тұрмысқа шықты ;)
    VKM
    кімге екенін айтатын адам бар ма? Жездемізді тани жүрейік)
    MERmukhanov
    Тойына барып келдік :)
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.