Arular.kz

Астарлы астрология немесе қайдасың, менің филологым?

Махаббат машақатынан балшы-балгер, кемпір-сампыр жағалап кететін қыз-келіншектер аз емес. Қу сезім не істетпейді дейсің? Оның үстіне жауапсыз болса… Дәстүрлі «халық» балгерлеріне баруды өз басыма ар санаған мен, кәдімгі өзіміздің жатақханада тұратын, астрологиядан хабары бар докторантқа бармақ болдым (ғылымның көмегіне жүгінгеннің несі айып екен?).
Негізі, әлгі жігіт – экология ғылымдарының кандидаты, әйткенмен, астрологиямен шұғылданып жүргеніне 20 жылдай болыпты. Ақылы түрде келесідей қызмет түрлерін көрсетеді:
— сүйген жігітіңмен (қызыңмен) мінез сәйкестігі, ажырасу ықтималдығы;
— сенің жеке қабілеттерің, мінездемең;
— бизнес-серіктеспен сәйкестігің, бизнестегі жаңа бастамалар, келісім шарттардың сәтті-сәтсіздігін болжау, тағысын-тағы;
— белгілі бір мерзімге (1 жыл, 1 ай деген сияқты) жұлдыз жорамал жасау.
Көз таныс болған соң, ол маған ақысыз қызмет көрсететін болды.
Болаттың «атасының» рөлінде астрологиялық карта сызатын программа ойнайды. Сол картаға қарап қойып «пал аша береді» екен.
Ең алдымен, оған өз туған жылымды, айымды, күнімді (жобамен сағатына дейін) және туған жерімді айттым. Мені оған жетелеп апарған сезімімнің объектісі туралы дәл сондай мәліметті бердім (алдын-ала жасырын және астыртын түрде анықтап алғам). Ол барлық ақпаратты программаға енгізді.
Жауапсыз махаббатым екеуміздің астрологиялық картамыз мәз болмай шықты. Болаттың айтуынша, біздер бір-бірімізге мүлдем сай келмейді екенбіз. Жұлдыздарымыз қарсы болмақ түгілі, бір-бірінен теріс айналып кетіпті. Қосыла қалғанның өзінде, жолдың бәрі ажырасудың ауылына алып барады екен. Тура «шын «ғашықтар» қосылмайды, қосылғанмен бір болмайдының» кебі. Сезімімнің бір жақтылығына байланысты, Болаттың айтқаны жаныма майдай жағып, кәдімгідей жұбаныш болды)))).
Оны қойшы деп, жеке астрологиялық картама көштік. Қабілеттерім, потенциалым жағынан көп аса жаңалықтар ести қоймадым. Жалпы әдеттегі жұлдызнамадан оқып жүргендерді тағы қайталап айтып берді. Картам мінекей:
ОҒМ жазбалары: Астарлы астрология немесе қайдасың, менің филологым?

Өздерің көріп тұрғандай, ештеңе түсіну мүмкін емес, айқұш-ұйқыш бір бәле. Кейін мысал ретінде ол маған атақты адамдардың, көшбасшылардың, саяси және өнер адамдарының карталарын көрсетті. Негізі, тұлға неғұрлым ерекше болған сайын, астрологиялық картасы соғұрлым қарапайым болады екен. Обшым, өзімнен гений шықпайтынына тағы бір рет көз жеткіздім)).
Картаның болжамы бойынша, алда мені 5 потенциалды болашақ жарларым күтіп тұр екен. Олардың арасында әскери де, техник те, филолог та бар, және мен олардың бәрімен де (әрине бір мезгілде емес) жанұя құруым мүмкін немесе бір де біреуімен қосылмауым да мүмкін (упс), яғни нәтиже өзіме және оларға байланысты.
Соңында Болат менің бір жылдық жұлдыз жорамалымды жасап берді. Негізінен, алға қойған жоспарларымды жүзеге асыруға мүмкіндік көп екенін білдім. Қолайлы және қолайсыз күндері көрсетілген графикті флешкама салып алып кете бардым:
ОҒМ жазбалары: Астарлы астрология немесе қайдасың, менің филологым?
Бұл график бойынша бұл жылда ең шырқау биікке шығатын сәтті айларым – қыркүйек, желтоқсан және наурыз айлары екенін түсіндіре кетейін.
Бұл – өткен көктемде болған жағдай еді. Расында да, барлық қойған мақсаттарым жүзеге асты десем де болады. Өмірімде үлкен өзгерістер болды. Әлгі айтқан «потенциалды» жарларымды да бірінен соң бірін «кездестірдім». Технигін де, әскериді де. Ендігі қалғаны – филолог. Мүмкін менің бақытым сол шығар? Қайдасың, менің филологым???)))))))))))
" data-width="600" data-numposts="5">

21 пікір

avatar
Еліміздегі айтулы саясаткерлерге жасаған болжамы болса, сонысын жарияласа қызық болар еді.
avatar
Ол енді қып-қызыл конфиденшл))) Оны ол өлсе де бермейді.
avatar
балгер, астрологтардың ең басты қасиеті — психологтық ау деймін. қыздар осылайша негізі психологқа барып келеді.
avatar
Психсың деш)))
avatar
Кейбір балгерлер, не астролог па, нақты қалай айту керек екенін білмедім. Бірақ солар айын, туған жылын, бәрін қосып, сандармен болашақты біраз болжайтынын білемін. Сол себепті де бар болған соң, бұның бәрі бекер емес сияқты…
avatar
Түсінгенім, олар сен туған күні планеталар мен жұлдыздардың орналасуын есептейді. Сол арқылы карта сызады. Әр планетаның, жұлдыздың өзінің жауап беретін аспектілері бар. Есімде қалғаны, Херон — махаббатқа жауап береді. Оның басқа бір жұлдызбен, не планетамен аспектіленуі махаббаттың түрлі сипатын береді. Басқасы есімде қалмапты)). Қазіргідей автоматтандырылған программалар жоқ кезде, оластрологтар ар картаны қолмен сызыпты. Ол жерде өте мұқият болу керек. Бір жерінен қателессең, тұтас карта өзгеріп сала береді, демек болжам да дұрыс шықпайды деген сөз.
avatar
Дым ренжіме, ақыл сана өзіңдікі. Бірақ, мұның барлығы өтірік! Адамның миы шексіз. Егер қаласаң, қыркүйек, желтоқсанды күтпей-ақ, қазір де ең биікке шығуыңа болады. Ал оның айтқандарының барлығы сені «программировать подсознательно» деп аталады. Сен өз-өзіңді ол кісінің айтқан сөзіне қарай ыңғайлайсың. Психотерапияға келеді. Ал болжам жасау деген Ислам жағынан алып қарағанда, анық тиым салынған күнә! Ал «күнә-мүнә, Ислам-мисламыңды қоя қойш» десең, онда былай өзіңнің қарапайым ақылыңа салып қара. Мысалы, сенің постыңды оқып отырып, еріксіз езу тартуға тура келді… Сенің болашағың тек сенің ғана қолыңда. Қайдағы бір ет пен сүйектен жаралған адам сенің болашағыңды қайдан білсін? Өөөөөөөөөөөөй…
avatar
Жазбамның түбіне терең бойлама,
Мені жұмбақ адам екен деп ойлама))

Жаным, бетінде қалқып жүре бер. Еріксіз бе, ерікті түрде ме, езу тарттың ба? Бопты. Демек мен діттегеніме жеттім.
avatar
Айта кетейін «Программировать подсознательно» мен Психотерапияны қолдануға болады. Алайда оны бақсы-балгер, бақалшы-болжамшы емес, кәсіби тренерлер не психологтар жасайды. Олар болжамайды. Тек сенің потенциалыңды ашады. Нақтырақ айтқанда ашпайды, ол онсыз да бар. Тек оятады
avatar
Әйткенмен, ОҒМ ретінде, астрологияда да шындықтың бір ұшығы бар екенін айта кетейін. Мысалы, осы постымды жариялағаннан бері, 1-2 кандидатуралар пайда болды, «сен іздеген филолог мына мен» деп)))
avatar
шрек дейді негізі исламда ага? осындай істер. астролог. балшы, херомантия т.б. кейде ойлаймын шрек — деп мүмкін адам сол ойды ойлай беріп(әсресе жаман ой болса) запрог. етіп тастауды алдын ала алған шығар деп…
ондай нәрсеге сенгің келмседе сенуге тура келеді бірақ ;)
avatar
шрек емес, ширк :)

астрологияның болашақты болжау жағына мен де келіспеймін. бірақ адамның туған күніне қарап, оның мінез-құлқын, ауруларын, сәйкес келетін зодиактарын шығару ақылға қонымды сияқты.
avatar
Алма ТВдан прог. даж. Шірік деп айтып атр ед. аталуы қызық естілед кен…
avatar
астрология ғылыми түрде болжайды деп ойлайм бырақ мен ана газет журналдардағы жұлдыз жорамалдарға сенбим. АК тезірек филологты тауып үшеуінің бірін таңда енді))
avatar
Филологтардың өзі үшеуден асып кетті ғой бүгінгі күнде)))
avatar
мен де филолог едім, тізіміңізге қоса саласыз ба екен, кім біледі:)
avatar
Ибай, енді төртеу болды))
avatar
мынау да қыршыған бал
avatar
Бұл болжамдар шынымен расталуда

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.