"Канададан келген" сүт

  • Автор
Бала кезімде әр көктем сайын үйдегі сиырдың бұзаулауы ерекше оқиға еді. Ол туралы ең бірінші, әлбетте, анам біліп қоятын. Таңғы сағат алты-жетілерде шырт ұйқыда жатқан біз анамның «Сиыр бұзаулапты!» деген даусынан ұйқымыз шайдай ашылып, ұшып түрегелетінбіз. Шала киініп, аяғымызға есік алдындағы гәлөш-мәлөшті қоңылтаяқ сұға салып, мал қораға қарай жүгіретінбіз. Жаңа туған бұзауды қызықтап, жынысын «тексеретінбіз» — ұрғашы болса «дұрыс екен» деп қуанатын едік, баламысың деген. Енесі болса жаялықтай тілімен бұзауын мейірлене жалап қойып, аса маңызды кейіппен ыңыранып тұратын. Содан көп ұзамай-ақ уыз көже ішіп, айран-сүтке қарық болатынбыз. Айтып-айтпай не керек, өзімізге молынан жететін, әлсін-әлсін қаладағы тума-туыстарға да кетіп жататын. Өз әулетімізге танымал, «хит» өнімдер еді ғой, шіркін.
Ал «Родина» агрофирмасының жөні бөлек. Оның сүтін бүкіл Астана біледі.

***

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
«Родина» агрофирмасы» ЖШС — Астанадан 70 км қашықтықтағы Родина ауыл аймағында орналасқан көпсалалы ауылшаруашылық кәсіпорны. Ол дәнді дақылдар, көкөністер мен жеміс-жидектер өсірумен және мал шаруашылығымен айналысады. Республикалық «Алтын сапа», "Қараөткел" байқауларының бірнеше мәрте жеңімпазы.
Шаруашылық жетекшісі — Сауэр Иван Адамович.
Кәсіпорын 450 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Орташа жалақы шамамен 75 мың теңге болса, әр жұмысшыға шаққандағы жұмыс өнімділігі жылына 34-35 мың долларды құрайды.
Осы агрофирма қарамағында заманауи сүт кешені жұмыс жасайды. Ендігі әңгіме сол туралы болмақ.

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
Сүт кешенімен таныстыру үшін бізді Веревкин Андрей Павлович күтіп алды. Бұл кісі агрофирма директорының идеология жөніндегі орынбасары екен. «Қарапайым блогшысыңдар» деп мұрнын шүйірген жоқ, барлық сұрақтарымызға жауап беріп, көреміз дегеннің бәрін көрсетті. Жалпы экскурсия барысында Андрей Павловичтің мықты PR-маман екендігіне көзім жетті.

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
Агрофирма мал шаруашылығына қатысты пилоттық жобаны жүзеге асырып отыр. Ол үшін Канададан 2012 жылы 752 гольштейн тұқымының ірі қарасы әкелінген болатын.

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
Бұл асыл тұқымды ірі қара далада емін-еркін жайылмайды, күндіз-түні тұрақтары осы жер. Жейтін жем-шөбі де ерекше болуы себепті, бұларға арнап толық рационды қоспа жем дайындайтын зауыт салынған.

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
Сиырлардың жағдайы жаман емес, мысалы кенет бірінің арқасы немесе басқа жері қышып кетсе, бірден айналып тұрған арнайы "қасығышқа" барып, қышыған жерін тоса қояды. Сүттері құнарлы болу үшін бұл қасқабастарға классикалық музыка қойылып тұрады.

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
Сүйкімді бұзауларға санитарлық норма тұрғысынан (бұзаулардың қауіпсіздігі үшін!) бөтен адамдарды кіргізбейді екен. Бұл бұзаулар жасанды ұрықтандыру жолымен дүниеге келеді, ол үшін сперма Канададан арнайы алдырылады. Туылатын бұзаулардың 96 пайызы — ұрғашы бұзаулар. Бұл — ғылым, балақан.

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
Ал мынау — сауын орталығы.

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
Бұл жерден шұбырған сауыншы қыздарды таппайсыз, кешен «Карусель» сауын құрылғысымен жабдықталған. Құрылғы бір айналымда 50 сиыр саууға мүмкіндік береді. Бір айналым небәрі 12 минут.

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
Сауылған сүт құбыр бойымен тікелей сүт зауытына барады.

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
Сүт зауытының іші тап-тұйнақтай, барлық процесс автоматтандырылған. Тәулігіне 50 тонна шикізатты өңдеп, сүт, айран, қаймақ, қатық, кілегей, йогурт, сүзбе, ірімшік, май секілді сүт өнімдерін өндіреді.

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
Жұмысшылардың жалпы саны — 20.

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
Сауын орталығынан құбырмен келген сүт танкерге құйылады.

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
Танкерден сепараторға келіп түсіп, майлылығы қалыпқа келтіріледі. Бұл жерде тек майлылығы 3,2 пайыз сүт шығарылады екен.

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
Мына танкерлерде термоөңдеуден өтіп, пастерленеді.

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
Содан соң бірден пакеттерге құйылады. Қызметкерлердің айтуынша, сүтке ешқандай консервант қосылмайды.

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
Пакеттегі дайын сүтті тек қабылдап алып, тез-тез жәшікке салып отыру керек.

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
Ол жұмысты мен де атқарып көрдім. Бірақ зауыт қызметкерлері «анадай маникюрмен бізге жұмысқа қабылдануың екіталай» деп күлді

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
Жәшік-жәшік сүт арбамен қоймаға қарай әкетіледі.

ОҒМ жазбалары: Канададан келген сүт
Осылайша, күнде таңғы сағат төрт жарымда бір машина сүт пакетіне 110 теңге бағамен Астанаға қарай жол тартады.
Ас болсын!
Фото — Эльвира Ергалина
AKY

Еркіндікті ештеңеге айырбастаман…

    Ұқсас посттар

    52 пікір

    patick
    Арқа қасығышқа жаттым. Сиырлар крутой екен
    Marco
    Сауын сәтінің фотосы жетпей қалды
    AKY
    Сиырлар таңертең және кешке сауылады. Ал біз тал түсте бардық)
    bizbike
    Үшінші суреттегі сиырлар дәл сәнбикелердей сүзіп тұр ғой көздерін.
    AKY
    Фотоға түсіп үйренген сиырлар екен, тек позироват етіп тұра қалады)))
    AKY
    Айтпақшгы, бұл сәнбикелерге дауыс көтеріп, боқтауға тыйым салынған. Ренжіп қалса, сүт бермей қояды. Сиыр сипағанды білмейді емес, біледі екен
    satibaldi
    Ренжіп қалса, сүт бермей қояды.
    Жыныстың осы түрінің барлығына тән қасиет дер едім
    sammita
    бұзауларға санитарлық норма тұрғысынан (бұзаулардың қауіпсіздігі үшін!) бөтен адамдарды кіргізбейді екен

    жағдайы біздің роддомнан жақсы деші, партнерскийіңдіс
    Соңғы түзету:
    sammita
    молодец, қысқа әрі ең күшті пост сенікі болды, сен миллион аласың (кофеге апасарың ба?)))))))
    өте арзанға шығады екен, 110 теңге, дүкенде 170 т шамасында.

    сенің маникюрыңмен арқа қасу жұмысына алуы мүмкін
    AKY
    сенің маникюрыңмен арқа қасу жұмысына алуы мүмкін
    әхәхәххәхә
    satibaldi
    «Родинаны» жұрт мақтап жатады осы. Зарблады алғанда алмасам.
    sammita
    басқа жері қышып кетсе
    қалай сонда, шалқасынан жатып қаси ма
    bizbike
    Қасығыш төмен жақта да бар шығар, соған тоса қояды ғой.
    sammita
    көрмедім, чесалка жоғарыда гана тұратын.
    bizbike
    Мүмкін қозғалмалы шығар, ыңғайыңа қарай жылжитын?
    AKY
    Тек күлкі бұныкі
    Arys_arlany
    Сиырдың арқасында құрты болады. Күн ысығанда құрттар қозып, сиырларға «оқырау» тиеді. Мына жануарлар санаторийде жатқандай екен ғой. Құрты жыбырласа дереу қаси қояды.
    sammita
    причем тут оқыра? бұлар далада жайылмайды, осында күні-түні. Оқыра түгілі шыбын қондырмайды үстіне.
    Gastarbaiter
    Сиырдың арқасында құрты болад ы
    Қағида емес.
    Тек күзде сона шағып, жұмыртқа салып кетсе ғана дернәсілдері терінің астында көктемге дейін білеудей құртқа айналып, денесін қышыта бастайды. Қолмен сыққан кездер болып еді, бала күнімізде.
    Біз жақта «оқалақ» дейді.
    Соңғы түзету:
    Aya
    мен де зарблады алған соң осы сүтті алғым келед))
    sammita
    Астанаға келіп аласың ба арнайы
    Aya
    Алматыда сатпаймекен не?
    sammita
    жазып жатырқ қой еш жерде сатпайды басқа деп) фудмастеріңді ішііііп жүре беріңдер)
    Соңғы түзету:
    Aya
    зарблады түссінЧ алдымен!
    Arys_arlany
    фудмастер қымбаттап кетті девальвация деп. Сайрам сүттіңкі жетеді
    Arys_arlany
     сағанда жұқты ма))))
    zholantai
    сиырлары сиыр-ақ екен,
    Anar70
    шіркін, қасқа, қара-ала, қызыл сиырлардың сүттері-ай...)))
    satibaldi
    Жә енді, тап осы сүтке қарап тұрмаған болар күнің
    Marco
    Родина дегенді көп кездестірмеппін, әлде мән бермеймін бе. Көбіне мумуня мен нәтиже алатын сияқтымыз.
    Мына материалдан кейін родинашылар көбейетін сияқты ғой. Процент сұрамадыңдар ма?
    sammita
    АКУ-сыз-ақ атағы елге мәлім болған, сенің сөреден көрмейтінің де содан. тап-пай-сың. Астананы әрең қамтамасыз етіп отырмыз дейді Сауэр ағам.
    sammita
    құдай-ай, маған не болған, Марко жазса соңынан пікір жазам күні бойы, кеш бойы 1-арна тағы бар, ят-ай
    Соңғы түзету:
    Marco
    ахахаха))) бүгін бір жұмыстың жұмысына көз қырымды ғана салып қойып, пікір жаза бастап едім, жұрттың көзіне көп түсіп кеттім)))

    а, не дейсіз?
    satibaldi
    Мен түсінбедім: эхиноккок таяқшаларын қалаға келгенде қоса ма сонда?
    satibaldi
    Төртінші фотода сізге шөп беріп тұрған қыз кім?
    Gastarbaiter
    Еңбегі журналистке бергісіз, жазу мақамы блогерге бергісіз.
    ПС. Өштім, қалғандарын ертең оқимын. Осы аптада блогерлер ерекше көсілген сияқты. Уикендте оқитын «дым» бар
    danakyz
    ооо Родина) бір-екі жыл бұрын бұзауды қойш, сиырларына кіріп көруге рұқсат бермеген еді
    Korkem
    Құщті-ақ! Тек келесіде Эльвирадан бөлініп кет))) Екеуіңнің суреттерің бір жерден екен
    SaryQazaQ
    Бәрі фотореп жасауға бейім. Қосылып voxpopuli ашсақ болады екен
    Simona
    қасқабастарға классикалық музыка қойылып тұрады.

    сперма Канададан арнайы алдырылады  Неге бiр бұқаны қосып жiбермеген?
    AKY
    Тек қана ұрғашы бұзау туылуы үшін, жасанды жолмен ұрықтандырылады. Бұқаның тіпті керегі жоқ, бұ заманда, және бұл тек сиырларға қатысты емес, әхәхәххә
    AKY
    Атышулы «Сүт» тақырыбы екі жыл бұрын шамамен осы уақыттарда болған екен :)
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.