Стрип-пластика: денсаулық және «жансаулық»

  • Автор
Соңғы жылдары стрип-пластика (ағылш. Strip – «шешіну», plasty – «пластика») нәзік жандылар қауымы арасында кең таралған спорт түріне айналды. Кез-келген қаланың би клубтарында, спорт сарайларында міндетті түрде оған арналған зал мен жаттығу кестесін табасыз. Бағасы шамамен айына 8-12 мың теңгені құрайды.
Стрип-пластиканың тарихы Ежелгі Шығыстан бастау алады. Көптеген тарихи деректер шығыс матриархат мәдениетінде бөксені толқындата айналдыру қимылы бастапқыда ер адамдарды қызықтыру үшін жасалмағандығын растайды. Ол ең алдымен әйелдің бала туу мүшелерінің тонусын сақтау арқылы дүниеге дені сау ұрпақ әкелуіне арналған. Қазір де бұл би өзінің бастапқы міндетін толықтай сақтаған. Жалпы, аты бір қарағанда «ұятсыздау» көрінгенімен, заты оның этимологиясынан әлдеқайда алыс жатыр. Стрип-пластиканың кәнігі стриптизден басты айырмашылығы – би барысында шешіну міндет емес, сонымен қатар киілетін киімнің талғаммен таңдалуы, би қимылдарының ырғақты, көзқарастың жұмбақ болуы.
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»
Осыдан бір жарым жыл бұрын құрбыларыма еріп бидің осынау бір түріне жазылғанымда менің, әрине, денсаулық туралы ойлай қойғаным шамалы. Еу, еу, азғын қиялдарыңды бір шетке ысыра тұрғандарың жөн: менің мақсатым жай ғана артық салмақтан арылу болатын. Жалығып тастап кетпей ұзағынан айналысуымның себебі – бидегі жаттығулар мен қимылдардың сан алуандығы. Белгіленген 1 сағаттың алғашқы жартысы сергіту, жекелеген қимылдар мен созу жаттығуларына арналса, келесі жартысы би үйренуге жұмсалады. Енді осы спортпен шұғылдану кезінде өз бойымнан байқалған өзгерістермен бөліскім келіп отыр.

Салмақтың азаюы
Бірден салмақ тастай қоймайсың әрине. Өзім, мысалы, бастапқы жарты жылда небәрі 1-2 кг айырмашылық байқадым. Тек күзге қарай тұп-тура 5 кг тастадым. Бірақ бұл аса маңызды емес.
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»

Бұлшық еттің қатаюы
Таразы тіліндегі нәтиже аса көңіл қуантпағанмен, алғашқы айларда-ақ тартылып, жинақылана бастағанымды өзім байқадым. Киім де бұрынғыдан жақсырақ жарасатын болып қалды. Сөйтсем, босаң тартқан бұлшық ет қатайып, тығыздала түседі екен. Ал бастысы масса емес, көлем екені қыздар қауымына бесенеден белгілі.

Иілгіштіктің артуы
Студенттік кездің дене шынықтыру сабағы аяқталғаннан бері жүктеме көрмеген денем кәдімгідей қатып қалыпты. Масқара десеңші, алғашқыда биді былай қоя тұрып, тізе бүкпей еңкейгенде қолымды жерге әрең тигізетінмін. Кейін сіресіп қалған арқам қимылға келіп, жаттықтырушыдан мақтау сөздер ести бастадым тіпті. Бірақ шпагат деген бәлеге отыра алмаймын әлі күнге дейін, тіпті соған онша тырыспайтын да сияқтымын. Әйтпесе, менімен бірге келген Бану шпагатқа еш қиындықсыз-ақ отырып жүр ғой.
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»

Иммунитеттің жоғарылауы
Кез-келген би секілді стрип-пластика да жүрек пен қан тамырлары жұмысын жақсартып, қан қысымын қалыпқа келтіруге ықпал етеді. Мен енді үйдің 9-қабатына ентікпей, бір деммен жаяу көтерілетін болдым. Тағы байқағаным, иммунитетім жоғарылады: тұмау тигізіп ауыруды сиреттім.

Көтеріңкі көңіл-күй
Стрип-пластикамен айналысу бақыт гормондарының түзілуіне көмектеседі, эндорфиндер қанға түсіп, көңіл-күй көтеріле бастайды, маусымдық күйзеліс деген атымен жойылады-мыс. Өз басым күйзеліске аса бой алдыратын адам емеспін, әйтсе де, жалпы сымбатыңның жақсарғанын сезінудің өзі мәз қылады емес пе? Жаттығу залынан шып-шып терлеп, құрыс-тырысың жазылып, денеңді тәтті шаршау меңдеп шығудың кайфын айтпай-ақ қояйын.
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»

Комплекстерден арылу
Иә, иә, жан дүниеңнен ойып тұрып орын алатын жасырын/ашық комплекстерден құтылудың тамаша жолы бұл. Стрип-пластика менің өзгеруіме, ашылуыма (әлбетте, шектен шықпай) және өзімді тартымдырақ сезінуіме септігін тигізді. Айналамдағы адамдардан «өзгеріпсің» сынды сөздер мен комплименттер, «қандай диета ұстадың?» тектес сұрақтар көзге көрінетін нәтиженің болғанын растай түсті. Әлеуметтік желілердегі өзімнің спортқа дейінгі және кейінгі фотоларымды шолып шықтым, сіздер де көріңіздер,
дейін:
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»
және кейін:
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»
AKY

PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

    Ұқсас посттар

    56 пікір

    konvict
    Секси қыздар
    zholantai
    сынып отырған сол,
    zholantai
    плюстесеңдерсиші, бас бетке шықсын,
    ken
    күшті арықтапсың
    zholantai
    ашылуыма (әлбетте, шектен шықпай)
    ашыла түс, ашыла,
    Abilakim
    Бір ақынның «Шешін әйел» деген өлеңі бар секілді еді…
    Abilakim
    Кешірім,«Шешінбе әйел» екен)))Серік Ақсұңқар ағамыздікі
    zholantai
    алғашқы атауы қабылданады ))
    Abilakim
    Міне, еңбектің нәтижесі келбетіңнен де және жазбаңнан да көрініп тұр. Интернеттен көшірлемегн дүние
    zholantai
    Интернеттен көшірлемегн дүние
    мұныңыз енді, Abilakim атыңызға сын, кітаптан көшірілмей жазылған кітап дегендей болд ғо, копипаст емес дүние дейкЧ
    Abilakim
    Не дегім келгенін түсіндің ғой бастысы.
    Aya
     бір жарым жыл бойы тастамай баруға ерекше төзім керек қой. Жарайсың!!!
    Gastarbaiter
    Витриналық жазбалардан гөрі осындай ішінде адамы бар, блогердің тіршілігі бар, жазып отырған дүниесінің жанама болса да өзіне қатысы бар жазбалар ұнайды. +150!!!!
    Айырып алуыңа тілектеспін!
    Соңғы түзету:
    Emilia
    Мен де ойлап жүрмін баруды. Постты көріп одан сайын қызықтым
    rauka
    өзімнің бір байқағаным, фитнес клубтарға орыстың қыз-келіншектері көп барады. күн құрғатпай келеді, қазақтар басында жақсы бастап жүреді де, соңында лақтырып кетеді)))
    AKY
    Иә, бастапқыда мына залда қазақтардан тек біздер едік, кейін көбейді қазақ қыз-келіншектері.
    MamaAya
    Керемет!!!  Ойым қатты кетті. Жүктілерге де баруға болар ма екен?! -деген сұрақ туындап тұр.
    AKY
    Рахмет. Жүкті кезден гөрі, босанып болған соң қалыпқа келу үшін барған жөн — ау.
    Anar70
    супер!!! қатты қызығып кеттім, 8-12 мың дейсің бе?
    AKY
    Иә, орташа бағасы ғой, әлбетте 20 мыңдықтары да бар, Каспий-Маспийде.
    Мен күйші Динадағы «Пульсар» атты шағын орталыққа барам, 8 мың.
    satibaldi
    Саған не жоқ нақ
    AKY
    Түу, тақырыбыма қызығушылық танытқандарды үркітпей отырыңызЧ
    Arys_arlany
    тақырыбыңа емес, суретіңе қызығушылық танытып жатқандар көөөөөөөөөөөөп
    Zhan
    Керемет. Мынадан кейін менің де барғым келіп кетті ғо.
    Жалығып тастап кетпей ұзағынан айналысуымның себебі – бидегі жаттығулар мен қимылдардың сан алуандығы. Белгіленген 1 сағаттың алғашқы жартысы сергіту, жекелеген қимылдар мен созу жаттығуларына арналса, келесі жартысы би үйренуге жұмсалады
    Өзгеріс бары көрініп тұр!
    Tyulpan
    күшті, ӘКҮ

    босаңсып жүр едім, стимул беріп тастадыңыз
    AKY
    Бачате қалай жүріп жатыр?
    Tyulpan
    бачата жай еріккен кезде ғой)) мен классикаға лоялмын ..

    пы.сы. Мадленнің осы жерде сіз туралы айтқанына қосыламын
    Erkekyz
    Қызығып кеттім ғой. Керемет)
    madlen
    Біраз болды байқағанымызға, өте-мөте құлпырып жүрсің) Саған сондай жарасады) Осы темппен жалғастыра бер, сұлусың сондай!!!
    AKY
    Жаным менің!
    sammita
    не ддеген взгляд
    AKY
    әхәххәхә, қайдан келіп қалдың, ойбай))))
    sammita
    шеңберден бөтен қыз көз тігіп тұр екен, сөйтсем..)
    AKY
    әхәхәххәхәхә)))
    Anar70
    қысқасы, мен бүгін таңертең «зарядка» жасадым))))
    AKY
    Дұрыс, сол зарядкадан басталады ғой бәрі. Айтпақшы, қандай зарядка?
    Anar70
    «приседания» деген)))))
    Zilola
    мен сразым шестпен билеп үйренгім келеді )))
    Arys_arlany
    мына блогты Асылхан Ерболат оқыса, патриотизмге бір түкірер ме еді
    AKY
    Осындай тақырыпты айналсоқтап шықпайд екенсіңдер, кәнеки, «искусство» туралы тақырыпқа қайқайыңдар!
    Tamila
    АКҮ керісінше салмақ қосқысы келгендерге пайдасы бар ма екен?
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.