Астанада қалалық шаруашылыққа қажетті мамандықтар анықталды

  • Автор
Астана жаңалықтары: Астанада қалалық шаруашылыққа қажетті мамандықтар анықталды
Статистикаға сәйкес, қазір Астанада жұмыспен қамтылғандар саны 500 мың, оның ішінде 300 мың кіші және орта бизнес саласында.
Халық санының өсуіне байланысты 2023 жылға қарай Астанада жұмыспен қамтылғандар саны 650 мыңға дейін өседі, яғни жаңа 150 мың жаңа жұмыс орна пайда болады.

«Big Data» технологиясының көмегімен ескірген кәсіптер мемлекеттік тапсырыс ішінен алып тасталынды. Қалалық шаруашылыққа қажетті мамандықтарды анықталды, мәселен: лифт қызметінің инженері, әлсіз тоқты жүйелер инженері, газдандыру маманы, қазіргі кезде жетіспейтін қазақ және ағылшын тіліндегі география мұғалімі, құрылыс және жобалау, киберқорғаныс, өнеркәсіп, көлік, медицина және білім саласындағы одан басқа бірқатар жоғары технологиялық мамандықтар бар.
Осыған байланысты мемлекеттік тапсырыс қайта қарастырылды.
Біріншіден, қалаға қажет мемлекеттік тапсырысты жоғары білім мен орта білімге көбейтілді.
Сонымен бірге, базарлар мен құрылыс объектілерінде жұмыс істейтін жастарға арнап, олар жаңа мамандықты үйреніп, қосымша табыс табатын мүмкіндігі болуы үшін қысқа мерзімді курстарды енгізілді.

Биыл бұл жоба аясында 30 мың адамды оқытуға жоспарланды, оның 17 мыңы мемлекеттік тапсырыс аясында білім алады.
— жоғары білім – 1000 адам (күндізгі оқу),
— бөлек катерогиядағы адамдар үшін жоғары білім – 102 адам (күндізгі),
— техникалық және кәсіби білім беру – 4547 адам (күндізгі),
— қысқа мерзімді кәсіби білім беру – 125 адам (кешкі оқу үлгісі),
— цифрлық сауаттылық – 10000 адам
— кәсіпкерлік бастамалары – 1000 адам.

Осы жылы, бірінші рет, мемлекеттік тілде білім беру көрсеткіші 45%-тен 65%-ке өседі. Оның ішінде, алғашқы рет келесі мамандықтар бойынша оқыту жүргізіледі:
— жобалаушы BIM менеджер,
— медициналық оптика, фармация,
— монтаж,
— тех қызмет көрсету және медтехниканы жөндеу,
— су құбырлары бойынша смета жасаушы,
— әлсіз тоқты жүйелерді монтаждаушы,
— лифтер.

  • жоқ
  • 0
  • ?
  • 294

0 пікір

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.