Астанада тасқын сулардың алдын алу шараларының кешенді жоспары жүзеге асуда

  • Автор
Астана жаңалықтары: Астанада тасқын сулардың алдын алу шараларының кешенді жоспары жүзеге асуда

Көктемгі сулардың еруіне байланысты елорданың кейбір аудандарына су басу қаупі төнеді. Оның алдын алу мақсатында қаланың коммуналдық қызметтері судың астында қалуы мүмкін аудандардың мониторингін жүргізіп, нөсер су канализациясын тазартады. Ал су қоймаларының жанында орналасқан аудандар коммуналдық қызметтердің ерекше бақылауында, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана аумағында су астында қалуы мүмкін 27 учаске бар. Бұл жерлерде бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Кешенді жоспарды тиімді түрде жүзеге асыру мақсатында арнайы құрылған топ нөсер су канализациясы коллекторларының баулықтарын,қабылдағыштары мен торларын, су өткізу арналарын, құбырларды, арықтарды тазарту жұмыстарын қадағалап отырады.

Мәселен, бүгін Сарыарқа ауданында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қардың 430 текше метрі шығарылып, су өткізетін құбырлардың 550метрі, арықтар мен нөсер су канализациясының 440 метрі тазартылды. Қарды шығару, суды сору жұмыстарына арнайы техниканың 70 бірлігі жұмылдырылды.

Алматы ауданында қыскы кезеңде қардың 1,2 млн текше метрі шыгарылды. Аталмыш жұмыстарға арнайы техниканың 109 бірлігі тартылған болатын. Сондай-ақ, көктемгі кезеңде еріген суларды еш қиындықсыз өткізу мақсатында арық-науа желілерінің 11,9 шақырымы қар мен мұздан тазартылды. Су таскындары кезеңінің басынан суды сору шараларына 209 арыз түсті. Олардың барлығы бойынша тиісті жұмымтар атқарылды. 23 наурыздағы жағдайға сәйкес тасқындарға қарсы шаралардың аясында мердігер ұйымдар Есіл ауданының аумағын қардан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталмыш жұмыстарға арнайы техниканың 138 бірлігі тартылды. «Астана-Тазалық» ЖШС арық-науа желілерін қардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Тасқын суларға қарсы жұмыстар елорданың әр ауданында жүйелі түрде жүргізіледі.

Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов бүгін қаланың шеткі аудандарында болып, су астында қалуы мүмкін аудандардағы жағдайды өз көзімен көріп қайтқан болатын. Оның айтуына қарағанда, қаладағы проблемалы аудандардың саны көп емес. Алайда тұрғындардың өзіне тиесілі аумақтан қарды дер кезінде шығармауы салдарынан көшелер мен аулаларда сулар көптеп жиналса керек. Мысалы, Кирпичный ауданын, Көксеңгір, Арқалы, Қамысты көшелерін су біршама басқан.

Жалпылай алғанда, қаладағы су басу қаупіне қатысты жағдай бірқалыпты. Қазіргі таңда елордада ауа райы жауын-шашынды.

Жүргізіліп жатқан шаралардың барлығы төтенше жағдайдың, қала аумағындағы жеке аудандардың су астында қалуының алдын алуға септігін тигізіп, көктемгі кезеңдегі еріген, тасқын суларды қауіпсіз түрде өткізу жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Су басу қаупі төнген жағдайда елорда тұрғындары 109 номері арқылы қала әкімдігінің бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.

  • жоқ
  • 0
  • ?
  • 229
astananews

Астана қаласы жаңалықтары, іс-шаралар, мультимедиа

    0 пікір

    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.