Сегіз жоба Астананың 20 жылдығына арналған үздік брендбук атануға үмітті

  • Автор
Астана жаңалықтары: Сегіз жоба Астананың 20 жылдығына арналған үздік брендбук атануға үмітті

Астананың 20 жылдығына арналған брендбукты анықтау байқауына өтінім қабылдау аяқталды. Нәтижесінде үздік 8 төлтаңбаның жобасы іріктелді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Байқауға елорда мен еліміздің басқа аймақтарында жұмыс істеп жатқан заңды және жеке тұлғалардан 61 өтінім (150-ден астам жұмыс) түсті. Атап өтетін жайт, қатысушылар арасында елорда мектептерінің оқушылар мен әлемнің беделді университеттерінің түлектері – дизайнерлер бар. Жастардың азаматтық ұстанымдарын көрсетуте белсенділік танытқаны қуантады», — деді Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы және үздік брендбукты анықтау комиссиясы төрағасының орынбасары Ерлан Каналимов.

Байқаудың идеологиялық маңызын ескере отырып, ұйымдастырушылар жұмыс тобының аноноимді дауыс беруі үшін арнайы парақшалар әзірледі. Жоба авторларына өз жұмыстарын таныстыруға мүмкіндік жасалды. Жұмыс тобының дуыс беру нәтижесінде байқаудың үздік 8 жұмысы іріктелді.

«Алдағы уақытта іріктелген үздік жұмыстар таныстырылып және келістірілу үшін Қазақстан Республикасының елордасы — Астана қаласының 20 жылдығына дайындау және өткізу жөніндегі комиссияның қарауына жолданды», — деді Е.Каналимов.

Айта кетейік, үздік брендбук байқауына өтінімдер қарашаның 6 мен 27 аралығында қабылданды. Елорданың 20 жылдық мерекесіне арналған төлтаңбаны анықтау байқауын Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы өткізді.

Үздік брендбук авторы 8 млн теңге көлемінде сыйақы алады. Ал үздік қолтаңба елорданың 20 жылдығын мерекелеу кезінде жарнамалық және маркетингтік, сонымен бірге мәдени шаралар кезінде қолданылады.
  • жоқ
  • 0
  • ?
  • 441

0 пікір

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.