Тұңғыш Президент күніне орай Астанада өтетін мерекелік шаралар бағдарламасы

  • Автор
Астана жаңалықтары: Тұңғыш Президент күніне орай Астанада өтетін мерекелік шаралар бағдарламасы

Елордада мерекеге орай бірқатар мәдени шаралар мен концерттер өтеді.

Әкімдік алдындағы қалалық алаңда елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына белгілі қазақстандық артистердің қатысуымен тегін концерт ұсынылады. Мерекелік концертке Досымжан Таңатаров, Маржан Арапбаева, Дос, ағайынды Жүгінісовтер, «Рензо» тобы, «Аламан» триосы, Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының артистері және т.б. қатысады.

Тұңғыш Президент күніне орайластырылған шаралар Астана қаласының барлық мәдени мекемелерінде ұйымдастырылады.

Қалалық кітапханаларда «Елбасы – ел тірегі», «Лидер и моя республика», «Ел жүрегі – Астана», «Астана – символ Независимого Казахстана» және басқа да көрмелер өтеді. 30 қараша мен 30 желтоқсан аралығында Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған фотокөрме ашылады.

1 желтоқсанда сағат 19:00-де «Астана» концерт залында «Елімнің жүрегі – Астана» атты патриоттық әндердің эстрадалық концерті өтеді. Сахна төрінде Майра Ільясова, Бағдат Сәмединова, Алтынай Жорабаева, Естай Мұқашев, Жеңіс Ысқақова, «Шалқыма» халық биі ансамблі және басқалары өнер көрсетеді.

Астананың театрлары мерекенің құрметіне өз көрермендеріне арнап спектакльдердің премьералық көрсетілімдерін дайындады. Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында желтоқсанның 1-і мен 3-і аралығында сағат 18:30-да «Шәмші» атты музыкалық спектакльдің тұсаукесері өтеді. М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 1 желтоқсан күні сағат 19:00-де «Алпамыс» атты қазақ эпосының желісі бойынша қойылған Б.Пармановтың «Аманат» спектаклі көрерменге жол тартпақ. Сонымен қатар, 1 желтоқсан күні сағат 12:00-де Астана қаласының Қуыршақ театрында мерекеге орай «Король Лев» спектаклі көрсетіледі.

Мереке аясында алғаш рет 3D Mapping Show ұйымдастырылады. Бұл – Бейбітшілік және келісім сарайы (Пирамида) ғимаратында 360 градуста көрсету форматында ұсынылатын елес-қиялыңды жаулап алатын жарықтық және лазерлік инсталляциялар. Осылайша, ғимараттың қасбетіндегі бейнеконтентті көпшілік барлық қырынан көре алады. Шоуды 1-3 желтоқсан аралығында тамашалауға болады. Басталуы – сағат 20:00.
  • жоқ
  • 0
  • ?
  • 407
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

0 пікір

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.