Денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдық: ауруды қалай болжауға болады

  • Автор
Астана жаңалықтары: Денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдық: ауруды қалай болжауға болады

Әлкей Аманжолов – EffLife IT компаниясының директоры мен негізін қалаушы, ақырғы Startup Weekend-тің жеңімпазы. Байқауда ол қорғаған «EFF Med control» жобасы ауруларды болжаудың автоматтандырылған жүйесіне бағытталған.

Жас кәсіпкер медицина саласына тек 2016 жылы келген болатын. Бұл жылы ол жеке компаниядан денсаулық сақтау саласындағы жобаны құру жөніндегі тапсырысқа ие болған-ды. Жас IT стартаперлерді медициналық технологиялармен, жалпы диагностикамен танысу мүмкіндігі қызықтырмай қоймады, әрине. Жас кәсіпкердің айтуынша, осы тапсырыс Startup Weekend байқауына қатысуға түрткі болған. Іс-шараның талаптарына сәйкес, блокчейнді пайдалану арқылы жобаны жетілдіру керек еді (мәліметтерді сенімді сақтаудың инновациялық жүйесі).

«Мен блокчейнге нені қосамын деп көп ойландым. Денсаулық сақтау саласы үшін оның жалғыз өзінен тиетін пайдасы шамалы. Бұл – мәліметтерді сақтаудың күрделі жүйесі. Егер оның көмегіне біршама уақыт ішінде ешкім жүгінбесе, онда блокчейнді пайдаланудың еш мәні болмайды. Дәрігерлер медициналық құжаттарды тек адам сырқаттанған жағдайда ғана пайдаланады емес пе?!», – деп түсіндірді Әлкей Аманжолов.

Бұл тұста бизнесмен өз жобасына телемедицина жүйесі мен нейронды желі әдісін енгізуге шешім қабылдайды. Стартапердің сөздеріне қарағанда, бұл бөлінген тәуелсіз жобалар. Кейіннен ол сол жобаларды біріктірген екен.

«Қарапайым тілде айтқанда, телемедицина арқылы дәрігер әлемнің бір шетінен басқа жерде жасалып жатқан оталарды бақылай алады. Сонымен қатар, науқас туралы мәліметтердің барлығы бір құрылғыда жиналып, ақпарат алмасу процесі жүреді. Дәлірек айтқанда, біз науқас ем қабылдаған бар әлемнен ақпарат жинап, оны серверді сақтаймыз. Бұл жағдайда адам әлемнің қай шетінде жүрсе де, өзінің медициналық аккаунтын белсенді етіп, Bluetooth, Wi-Fi немесе USB арқылы іздеу принципі бойынша қондырғыны қосса жеткілікті», — дейді ол.

Нейронды желі. Жүйеге енгізілген ақпараттың көмегімен компьютер ауруды өзі болжап, өзі анықтайды. Бастысы, сараптамалардың немесе тексерістердің нәтижелерін өз аккаунтына мобильді қосымшада енгізуді ұмытпау керек.

«Мен нейронды желінің бұл үлкен жүйедегі ең басты буын екендігін түсіндім. Оны басқаша жасанды ақыл немесе өзі үйрететін машина деп атайды. Қазіргі таңда ол виртуалды жүйеге айналды. Оның өздігінен дамуға арналған әлдеқандай әлеуеті бар», – деп түсіндірді жобаның жас авторы.

Желі TensorFlow машиналы оқытуға арналған ашық бағдарламалы кітапханасы арқылы іске қосылып, кез келген заңдылықтарды іздеу шаралары жүзеге асады.

«Жүйе өздігінен барлық ақпаратты өңдеп, барлық сәйкестіктер мен дәлсіздіктерді іздей бастайды, бұдан кейін алынған барлық мәліметтердің сараптамасы жасалады. Сау адамның көрсеткіштеріне сай келмейтін нәтижелер бар болса, компьютер оларды салыстыру арқылы анықтап, белгі береді. Бұл жүйеге өлі адамның да көрсеткіштері енгізіледі», -дейді Әлкей Аманжолов.

Жобаны іске асыруға екі жыл кетеді. Оның құны 200 млн теңгені құрайды.

«Менің есептеулеріме сәйкес, екі жылдық жұмыстан кейін біз екі-үш айдың ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларының кризистерін 90 % дәлдікпен болжай алатын боламыз. Бірінші кезекте, бұл – инфаркт, инсульттер», – дейді ол.

Жүйе мобильді қосымшаға ұқсас. Дәлірек айтқанда, әр адам осы бағдарламаны өзінің ұялы телефонына жүктей алады.

«Мысалы, мен қосымшаны жүктеп, өзімнің медициналық кабинетімді ашып, оны іске қосып, диагностикалық құрылғыны Bluetooth, Wi-Fi немесе USB арқылы таптым дейік. Осыдан кейін менің телефонымда тексерістердің нәтижелері пайда болып, автоматты түрде сақталады», — деп түсіндірді ол.

Бұл жүйеге дәрігер қатыспайды. Оның міндеті болжам анықталған соң, науқасты емдеу болып табылады.

«Әр адамның міндеті – жүйе болжай бастасын деген мақсатпен тәртіпке сәйкес айына немесе аптасына бір рет өз мәліметтерін (сараптаманың немесе басқа тексерістердің нәтижелерін) серверге жіберу», — деп толықтырды Әлкей Аманжолов.
  • жоқ
  • 0
  • ?
  • 33

0 пікір

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.