Астаналықтар алдағы аптада қайда бара алады

  • Автор
Астана жаңалықтары: Астаналықтар алдағы аптада қайда бара алады

Елорда әкімдігінің медиа орталығы 20-26 қараша аралығындағы мәдени шаралардың бағдарламасын ұсынады.

20 қарашада бейбітшілік және келісім сарайында «Казахстан, дружественный к ребенку» конференциясы мен концерті өтеді.

21 қарашада М. Горький атындағы театр П. Морозовтың романтикалық «Ассоль» феериясын көрермен назарына ұсынбақ.

Дәл осы күні кешке бейбітшілік және келісім сарайында «Көңілді тапқырлар алаңы» атты әзіл концерті өтеді.

22 қарашада «Жастар» сарайында «Менің Тәуелсіздігім – менің теңдігім, менің Егемендігім – менің ынтымағым!» атты айтысты, ал Қуанышбаев атындағы театрда Р. Отарбаевтың «Әміре» драмасын тамашалауға болады.

23 қарашада «Астана» концерт залында өтетін «Қарағымай» атты Сүлеймен Ибрагимовтың шығармашылық кешіне немесе қазмедиа орталығындағы «Jaidarmanlive» әзіл кешіне баруға болады.

Дәл осы күні кешке М. Горький атындағы театрда А. Пушкиннің «Евгений Онегин» қойылымының тұсауы кесіледі деп күтілуде.

24 қарашада қазақ ұлттық өнер университетінің органдық залында Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының ішекті камералық оркестрінің «Жас таланттар» атты концерті ұйымдастырылады.

25 қарашада елорда циркі астаналықтар үшін «Великий русский цирк» атты шоу бағдарламасын ұсынады.

Сондай-ақ, бұл күні «Астана» концерт залында композитор Е. Абдықалықованың «Көздеріңе ғашықпын» атты шығармашылық кеші өтеді.

26 қарашада «Астана Операның» камералық залында «И песни удаль, и романса грусть» атты концерт өтеді.

  • жоқ
  • 0
  • ?
  • 454

0 пікір

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.