Астананың сол жақ жағалауында жарықтың уақытша сөндірілуінің себептері белгілі болды

  • Автор
Астана жаңалықтары: Астананың сол жақ жағалауында жарықтың уақытша сөндірілуінің себептері белгілі болды

Электр қуатымен қамту қызметі шағын станциядағы қысқа тұйықталудың салдарынан орын алды. Апат толығымен жойылды деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Сенбі күні Астананың сол жақ жағалауындағы бірқатар тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарда электр қуатымен қамту қызметінің уақытша ажыратылуына қысқа тұйықталу себеп болған деп мәлімдеді елорда әкімдігінің медиа орталығына қалалық энергетика басқармасында.

«11 қарашада сағат 12:13-те Есіл ауданының «Левобережная» шағын станциясына қарасты кабель желілерінде орын алған қысқа тұйықталудың нәтижесінде қаланың сол жақ жағалауындағы бірқатар нысанда электр қуатымен қамту қызметі ажыратылған болатын. Сағат 12:27-де «Керуен» СОО мен «Изумрудный квартал» БО аралығындағы апатты-кабельдік желілер ажыратылды. Кабельді арнада өрттің шығуы жөніндегі ақпарат келіп түскен соң, жұмыскерлер жедел түрде қорғаныс министрлігі, Ұлттық кітапхана мен «Изумрудный квартал» БО (екінші қуат көзі) ғимараттарын, сондай-ақ, «Бәйтерек» монументін электр қуатымен қамтамасыз ететін кабельдік желілерді ажыратты», — деп атап өтті басқармада.

Дәл осы уақытта республиканың қорғаныс министрлігінің қызметкерлері өрт сөндіруші топты шақыртты. Кабельді арнада шыққан өрт сағат 13:20-да өрт сөндіру тобының күшімен ауыздықталды.

«Апатты жоюға «Астана –АЭК» АҚ техникасының 6 бірлігі мен жөндеу және жедел әрекет ету бригадалары, барлығы 23 адам жұмылдырылды. Сағат 18:25-те Ұлттық кітапхана, «Бәйтерек» монументі, «Изумрудный квартал» БО жарықпен қайта қамтамасыз етілді. Қорғаныс министрлігінің ғимаратына жарық сағат 21: 58-де берілді», — делінген хабарламада.

Апат жексенбі күні сағат түнгі 0:16-да толығымен жойылған болатын.
  • жоқ
  • 0
  • ?
  • 21

0 пікір

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.