Жүзден астам астаналық консультациялық кеңес алды

  • Автор
Астана жаңалықтары: Жүзден астам астаналық консультациялық кеңес алды

Астанада жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен азаматтарға консультациялық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ-нің мұрындық болуымен өткен шараның мақсаты азаматтарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру, қала тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау, оларға консультациялық кеңес беру болып табылады.

«Big Шанхай» базарының жұмыскерлері мен келушілері үшін ұйымдастырылған шара барысында «Тұрғын үй басқарамасы», «Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы», «Жұмыспен қамту орталығы», «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі», Халыққа қызмет көрсету орталығының және басқа да мемлекеттік мекемелердің өкілдері азаматтарды қабылдаған болатын.Мемлекеттік қызметшілерден бөлек олар заңгер, психолог сияқты маман иелеріне жолықты.

«Тұрғындар көбіне белгілі бір жерге арнайы барып кеңес алуға уақыт таппайды. Сондықтан осындай көшпелі қызмет көрсету шарасын қолға алдық. Мәселен, сауда орталығынан зат алуға келген адамдар мамандардың консультациялық көмегіне жүгініп, бүгінгі таңда іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы толық мағлұмат ала алады», — дейді Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ-нің жұмысқа орналастыру және кәсіби бейімдендіру бөлімінің жетекшісі Айдана Мұсатаева.

Шара барысында мемлекеттік мекемелердің консультациялық кеңесін жүзден астам астаналық алды.
  • жоқ
  • 0
  • ?
  • 23

0 пікір

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.