Елордада бүгін қар жинауға 800-ден астам техника тартылды

  • Автор
Астана жаңалықтары: Елордада бүгін қар жинауға 800-ден астам техника тартылды

Жауған қарды тазалауға Астана көшелеріне 814 техника шығарылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Бүгін Елорда көшелерін қардан тазартуға жалпы алғанда сегіз жүзден астам арнайы техника шыққан. Оның ішінден «Алматы» ауданы бойынша — 270, «Есіл» ауданы бойынша -188, «Сарыарқа» ауданы бойынша – 87 бірлік арнайы техника шыққан.

Ал, астана көшелеріндегі тазалыққа жауапты «Астана-Тазалык» ЖШС – 201, «Астана-Зеленстрой» АҚ – 68 бірлік техника мен қарды қолмен жинастыруға 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған. Сонымен қатар, 70 м3 құм мен тұз аралас қоспа шашылған.

Еске салайық, Астанада жолдар мен көшелерді екі мердігер компания тазалайды: «Астана Тазалықта» қысқы маусымға 266 арнайы техника дайын, ал «Астана Зеленстрой» АҚ 205 техника сақадай сай. Бұдан басқа, көшелердегі қар тазалау жұмыстарына «Алматы» ауданынан 468 бірегей техника шығуға дайын, «Есіл» ауданынан – 487 және «Сарыарқа» ауданынан 414, барлығы – 1 840 техника жұмылдырылмақ және елордада қар шығару жұмыстары жұмыс, демалыс және мереке күндеріне қарамастан тәулік бойы жүргізіледі.
  • жоқ
  • 0
  • ?
  • 25

0 пікір

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.