«Астана-Легия» матчына қоғамдық автобустар бөлінеді

  • Автор
Астана жаңалықтары: «Астана-Легия» матчына қоғамдық автобустар бөлінеді

26 шілде күні сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында «Астана» – «Легия» командалары арасыда чемпиондар лигасының матчы өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары спорт алаңына 11 қоғамдық көлікпен жете алады: № 10, 12, 27, 37, 40, 51, 53, 501, 502, 503, 506.

Сағат 18.00-ден «Астана Арена» спорт кешеніне жанкүйерлерді жеткізу үшін 4 жерден арнайы автобустар ұйымдастырылады. Арнайы автобуспен жету үшін «Қазақстан» СК, «Нұр Астана» мешіті, Астаналық цирк және «Жастар» сарайының алдына бару қажет. Жол ақысы – 90 теңге, жол жүру билеті жарамсыз.

Ойын аяқталған соң қалаға № 10, 12, 28, 40, 51, 303 қоғамдық көліктермен жетуге болады. Сағат 21.00-ден Қабанбай батыр даңғылы бойынша стадионның тұрағы мен «Астана Арена стадионы» аялдамасында жанкүйерлерді қалаға апаратын автобустар ұйымдастырылады. Сондай-ақ «Астана Арена» стадионының тұрақ алаңына қалалық таксидің ресми тасымалдаушылары келетін болады
  • жоқ
  • 0
  • ?
  • 154
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

1 пікір

MickThatsMyNick
Че то мына жолы легия фандарының үні шықпай қалды ғо Астанада.)) саны да көп болмады, киініп келген. 3 жыл бұрынғыдай емес, Ақтөбеде жартылай жалаңаш жүріп.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.