Астананың Арбаты ашылды

  • Автор
10-маусым күні Есіл өзенінің жағалауында, Кенесары хан ескерткішінің маңында ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесінің ресми басталуына орай Елорда арбатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шараға қала әкімі Әсет Исекешев, қоғам және мәдениет қайраткерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

– Бүгін біз Елорда арбатының ашылуына жиналып тұрмыз. Әлемнің барлық қалаларында өз Арбаты бар екенін білесіздер. Бұл – зергерлер мен шеберлер, музыканттар мен суретшілер жиналатын мәдени орын. Олар – әр адамға ілтипат танытып, дарындары мен таланттары арқылы таң қалдыратын бірегей өнер иелері. Олардың қолтаңбалары қала мен аудандардың айрықша бейнесін әспеттейді: өздеріңіз көріп тұрғандай бұл жерге қолданбалы өнердің шеберлері жиналған. Есіл жағалауына ерекше рең беріп, халықтың сүйікті жеріне айналдырды, — деді «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Тұрлыбек.

Астана Арбаты қала әкімі Әсет Исекешевтің бастамасымен құрылды. Мәдени нысан өткен мен бүгінді байланыстырып, бейбітшілік пен келісімді нығайтады, өскелең ұрпақтың қазақ халқының әдет-ғұрпы мен тарихына деген қызығушылығын арттырады.

Арбатта қолөнершілер мен суретшілердің дүңгіршіктері бар 14 жартылай киіз үй орналасқан. Елордалық қылқалам шеберлері мен қолөнершілері бұл жерде бірегей бұйымдарын құрастырып, шеберлік сыныптарын өткізеді. Астана арбатының негізгі нысаны – хан ордасы болмақ.

Астана жаңалықтары: Астананың Арбаты ашылды

Астана жаңалықтары: Астананың Арбаты ашылды

Астана жаңалықтары: Астананың Арбаты ашылды

Астана жаңалықтары: Астананың Арбаты ашылды

Астана жаңалықтары: Астананың Арбаты ашылды

  • жоқ
  • 0
  • ?
  • 186
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

0 пікір

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.