Амазия

Болашақ Амазия құрлығыСолтүстік Америка мен Азия жарты миллиард жылдан кейін Солтүстік полюсте тоғысады. Болашақ құрлық жайлы осындай теориямен Йель университетінің геологтар тобы шықты. Ресейлік ғалымдар америкалық әріптестерінің гипотезасына шүбә көзбен қарауда. Әзірге тек бір нәрсе ғана анық – құрлықтар жаймен орындарымен ауысуда және миллион жылдардан соң, Жер планетасы мүлдем басқаша болып көрінеді. Геологтар болашақ суперқұрлықты «Амазия» деп атады. Ғалымдар ол Атлантикада құрылады деп бекітуде. Басқалары болса, Амазия Тынық мұхитының орнында болады деп болжап жатыр. Росс Митчелл үшінші нұсқаны ұсынып, Амазияны Солтүстік-Мұзды мұхитының аумағына орналастырды. Аталған теориялар, құрлықтар бір жерде тұра бермей, олардың үнемі жылжитындықтары туралы анықталған өткен ғасырдың ортасында болған геологтардың революциялық ашуларының арқасында тууда. Сонымен қатар, мұхит түбіндегі жер қыртысының құрылымының, құрлықтікінен біраз айырмашылығы бар. Соңғы 200 миллион жылда құрлық картасы өзінің өзгеруін жалғастырып келеді. Мәскеу мемлекеттік университетінің геологиялық факультетінің профессоры Николай Короновский былай дейді:
«Бұл процесс үнемі жүріп келеді, материктер қозғалуда. Егер 200 жыл бойы дәл осылай қозғала берсе, онда Австралия Индонезиямен қосылып, ал Африка ығысады». Жер физикасы интитутының директорының орынбасары Евгений Рогожин «теориялық тұрғыдан, Азия мен Америка әйтеуір бір күні тоғысады», деп санайды. Оның сөздерінен:
«Орталық-Атлантика жотасы бір орында тұрмай, үнемі қозғалып келеді. Еуразия шығысқа қарай қалқыса, ал Америка, оның ішінде Оңтүстік пен Солтүстік, батысқа қарай, Тынық мұхиты жағына қарай қалқып келеді.
Бірақ бұл жай ғана абстрактілі сызба», — дейді ғалым. «Өйткені суперқұрлықтардың пайда болу теорияларында мұхит түбіндегі жер қыртысын ескеру қажет. Ал оны америкалық геологтар, есепке алмауда», — деуде профессор Рогожин. «Бүгінгі жағдайға қарап, алыс болашақтағы құрлықтар туралы жалпы ойлану қажет пе?», — деп сұрақ қояды Николай Короновский. Өйткені, миллион жыл ішінде, ол өзгеріп те қалуы мүмкін. Мысалы: егер Орталық-Атлантикалық жотаның солтүстік бөлігі ашылса, су құрлыққа қарай ағып, оның бөлігін қопарып алады. Онда әлемнің физикалық картасы басқаша болмақ. Мәскеу мемлекеттік университеті ғаламшардың осындай болашағына сенбестікпен қарап, басқаша бағалап отырған профессормен Евгений Рогожин де келіседі. Рогожин: «500 миллион жылдан кейін қалай болатынын болжап айту қиын. Өйткені ол уақытта Жер мүлдем болмауы да мүмкін. Ол ішінен жылу бөлумен дамып жатқан дене сияқты таулар құрып, Айға ұқсап қала алады». «Америкалық геологтарға, бірінші кезекте, өзекті мәселелермен айналысқандары жөн болады», дейді сарапшылар, «мысалға сөнбеген бірнеше жанартаулар орналасқан тынықмұхиттық отты сақинаға немесе Калифорния жағалауларындағы жер сілкінулеріне байланысты зерттеулер жүргізу керек. Себебі, осы аумақтардағы жер асты құбылыстары Жер бедерін алыс болашақта емес, қазірдің өзінде өзгертіп тастауы да ғажап емес».

сурет мына сайттікі: jankoy.org.ua/amerika-aziya-amasia/
MickThatsMyNick

2011-ші жылы www.yvision.kz те еркін-нормативсіз блогерліктен бастадым. 2012-ші жылы күтпеген жерден журналистика саласына келдім. Сондықтан инетте өзімді нормативсіз ұстай берсем, айып етпессіздер!

Филантро — мизантро — перфекто және консерво саясатын ұстанушы.

P.S. Нигімді оқыған кезде «Мик» дегеннен кейін сәл пауза жасау керек.)

    Ұқсас посттар

    8 пікір

    asaubota
    неге ертегі?
    MickThatsMyNick
    қай қауымдастыққа орналастырсам болад?
    asaubota
    егер лайық қауымдастық таба алмасаң өзің құр немесе жеке блогыңда тұра берсін.
    neoman
    Жердің беті планетамыз пайда болғалы бері өзгеріп келеді, 200 миллион жыл деп оттамасын. Орыстардыкі дұрыс, плиталардың қозғалысын болжау қиын, олар бағытын өзгертуі де мүмкін. Жалпы, оны болжап не керек, 500 миллион жылда талай планета келіп кетер біздің орбитаға)
    MickThatsMyNick
    осылайша шығыс батысқа, ал батыс шығысқа айналып кетуі мүмкін.)))
    Barshvariya
    Ол қай жағынан қарағаныңа байланысты ғой. Гылобысты жайып жіберсең бүгінде осыған ұқсас жәйтті байқайсың.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.