Жаз бойына қарағандарым :) (жалғасы)

  • Автор
Жалғасы:

Келесі көрген сериалым «Очаровательный прокурор» (Prosecutor Princess) немесе «Ханшайым прокурор».

Бұл сериал туралы қателеспесем @Zere де koreanfanatik.wordpress.com де жазған еді. Сериал бір сөзбен айтқанда ұнады. Бітіргенше, не болар екен, қалай болар екен деп аса қатты құштарлықпен көріп отырдым. Былай қарап тұрсаң аса бір маңызды сюжеті жоқ, жеңіл сериал, бірақ қандай да бір изюминкасы бар, тоже сериалдың ортасынан былайға қарай платочек дайындап отыру керек. Таңқалғаным мынау болды: басты рөлдері актрисаның Kim So Yeon. Мен оны IRIS, «Все о Еве» атты сериалдарда көргенмін. Осы сериалдарда жаман образды сомдайтын актриса бірден ақкөңіл, жұмсақ мінезді қыздың образын сомдауы қатты таңқалдырды. Егерде кастты білмегенімде оны танымас та едім, Құдай біледі. Бұл актрисаның да талантына тәнті болдым, енді ол менің фаворит актрисаларымның біріне айналды. Басты рөлдегі актер Park Shi Hoo да тамаша, ұнатып қалуыма сәл қалды. Тағы Ма Херидің (Kim So Yeon) киімдері мен таққан сырға-жүзіктері өте қатты ұнады, әсіресе аяқ-киімдері. Оның ішінде Грейс Келлидің аяқ-киімі.
Осыдан кейін «Обмани меня» «Lie to me» деген сериалды қарадым.

13 сериясын жүктедім, қалғаны әлі аударылмаған еді. «Өте қызық» деген соң алып едім, менің талғамымдағы сериал емес екен. Басты рөлдегі актер Kang Ji Hwan бұрын «Фейерверк», «Хон Гиль Дон» сериалдарында көргенмін, ұнайтын. Мына сериалда да жаман емес, қатал директор болып көрінгенімен, жаны таза, қамқор, романтик екен. Жалпы сериалда романтикалық сәттер молынан көрсетілген. Актриса қазіргі Еларнадан көрсетіліп жатқан «Дворец» сериалындағы басты рөлде ойнайтын актриса Yoon Eun Hye екен. Талғамда талас жоқ, мүмкін сіздерге ұнар, бірақ маған ешқандай да әсер қалдырғаны жоқ. Бұл да аяқсыз қалды, кейін мүмкін көрмес те шығармын.
Келесі сериал менің сүйікті актерім Lee Jun-Hyuk ойнайтын «I am legend» деген сериал. Мұны да актерім үшін жүктеп едім, өкінбедім. Сериал «Обмани меня»ға қарағанда әлдеқайда қызықты екен .

Бай, беделді әулеттің келіні кезінде жетімсіреп, қиыншылықта өскен қыз (Kim Jung Eun) еді. Тумасынан қызуқанды, не қаласа соны істейтін, бұзақы болады. Ондай мінезін көтере алмаған енесі оны аристократ етіп тәрбиелеуге тырысады. Қыздың ақшасы болды, айтқаны болды, бірақ ол- бақытсыз еді. Шыдай алмаған ол күйеуімен ажырасуға бел буады. Бәрі осыдан басталады. Негізі жанры драма және музыка. Қыз тұрмысқа шықпай жатып, құрбыларымен бірге рок жанрында ән салатын. Осы арманын жүзеге асыруға ол тырысып бағады. Сериалдан түйетін тағы бір ой карьера мен отбасын бірге алып жүрудің қиындығы. Сериал қызықты, мыжғылап, бұрынғыны еске түсіріп созып жатпайды, оқиға желісі тез-тез өрбиді. Тек үнді фильмдеріндегідей сияқты арасында ән айтулары көп енді  
Baby-faced Beauty деген сериалды бастап қарап жүр едім. Оның небәрі 3 сериясын ғана қарадым, қалғанына үлгермедім. Әзірге сериал туралы ештеме дей алмаймын, бірақ жатқан позитив сияқты.

Сосын айтпақшы, @meirzhan сен Secret garden туралы сұрап едің. Мен сол кезде маған ұнаған жоқ деп жауап беріп едім. Шынында да ұнамап еді, үйде компьютерде әлі тұр екен, қайтадан қарап шығып едім ұнап қалды, так что сөзімді қайтарып алайын.)))
Baby-faced Beauty мен Обмани менядан басқа сериалдардың OST-лары керемет енді, әлі тыңдап жүрмін.

Әзірге бары осы болды көргендерім.

10 пікір

meirzhan
Е, бәсе қалай ұнамауы мүмкін деп ойлап ем. Мұның дұрыс болды.
Zere
Secret garden несімен ұнады?  Мен әлде бірдеңесін түсінбей жүрмін бе? )
meirzhan
Мүмкін тағы көру керек.
Сосын не ғой. оны 3Д көзілдірікпен көруді ұмытпа. сонысында қызық.
Erkekyz
Шынымен де қайта көру керек пе екен. Бірінші көргенімде дым эмоция болмайтын, кейінгі қарағанымда күліп, мамасының айтқандарына денем түршігіп кетті, уж қатты айтады қызға.
OST жақсы.
Esmeralda
Secret garden басқа фильмдерге қарағанда онша емес
monti
да жууу, бір кірсең шыға алмай қаласың осы корей киноларына
Менің ғұмырыма жетер сериал көшіріп алдым қыздар айтпақч

менің көріп тастағандарым:
1. Махаббат оқиғасы Гарвардта
2. Менің келнім 19
3. Тентек сүйіс(онымен әлі аурып жүрім)
4. 3 әке, 1 ана
5. Бәрі Ева жайлы басын бастап тастап кетім  ескі сериал сияқты
Erkekyz
Тентек сүйістен басқасының бәрін қарағам, бәрі кушті сериалдар .
monti
менде 11 сериясы ғана бар тентек сүйістін, қалған аяққы жағын үзік/үзік инеттен қарадым((( кайф болмай қалды толық 16 серия+ спешал сериалдарын көре алмай(((, маған жазып берген қыз, қалғаны жоқ деді(бақырып жылаған смай) енд көк базар жақтан арнайы іздеп көру керек кен. мықты сериал көруге кеңес етем
бірақ байқа, Ким Хенге ғашық бов қалма
еще, фандарымен кездесу болған ғо япньде, от 2000 орынға 10000 адам кепті, сосын билеттерін фандары 1000 доллар, құнын 2000 сұрап жүр дейд, лижбы, попасть, бір қызығы бір фаннын қасына келіп, сөйлеп атса Ким Хен, анау фанкасы, сөйлей алмай жылап, егер өмірде мен көрсем менде сөйтетін шығармын деп ойлап қоям, жоқ әлде сөзім жоқ бассалып суретке түсіп, құшақтап аларма екенмін
Erkekyz
Маммма, мынадан кейін өзімді фанат деуге ұялып отырмын
Келесінде бұйыртса обяз көремін.
Esmeralda
Күшті «Очаровательный прокурорды» мен де жақсы көрем, сәтті шыққан, OST-тары вообще керемет, Ма Херидің туфлиін айтсаңшы, сондай туфли алғым келед
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.