Andy Lau - Wu (OST Shaolin)

  • Автор
Бұрын қытайдың киноларындағы төбелестері ұнаушы еді. Кейін қыздары ұнай бастады. Енді өлеңдеріне отыра бастаған сияқтымын :)))
Төменде — барлығымызға демей-ақ қояйын, көпшілігімізге «Дом летающих кинжалов» фильмі арқылы аты болмаса да түрі таныс Энди Лаудың орындауындағы «Шаолинь» фильмінің саундтрегі.

Ән «Wu» (ағылшынша «Enlightenment»)) деп аталады екен. Қазақшасы «Ақиқатқа көзді ашу» сияқты бірнәрсе («Нирвана», опшым). Фильмге келер болсақ, асып бара жатқан ештеңесі жоқ, кәдімгі қытайдың фильмі. Кунгфуынан сымфуы* басымдау. Бұл фильмді негізі Джеки Чан ойнағаны үшін көрген едім.

Фильмнің сюжеті шамамен мынадай: Қытай Республикасы құрылған алғашқы жылдары елде нақты бір билік жоқ. Қолбасшылар өзара қырылысып жүреді. Сонда өз мақсатына жету үшін ғибадатханада адам өлтіруден тайынбай, керек десе серттескен бауырын өлімге қия салуды да сөлекет санамайтын Хоу Цзи деген бір генерал өзі сатқындықтың құрбанына айналады. «Күшік асырап ит еттім — балтырымды қанатты, кісіге мылтық үйреттім — ол мерген боп мені аттының» кері, опшым. Содан, әскерінен, байлығынан, отбасынан айырылып, сол өзі адам қанын төккен Шаолинь ғибадатханасында манақ болып, сол жерді паналауға мәжбүр болады.
Фильмді көру барысында "Жұбайы сол кездерді былай еске алады: «Лібә, қатты өзгеріп келді»." деген сөз есіме түсіп кетті :)))
Басты рольде — осы әнді айтатын Энди Лау. Джеки Чан қосалқы рольде ойнайды.
Фильмдегі төбелес көріністері «Ип Манға» жетпейді. Дегенмен, маған фильмнің финалындағы көріністер мен дәл осы саундтрек ұнап қалғанын мойындауым керек.

Мына өлең фильмнің өзі сияқты на любителя болуы мүмкін. Ұнату үшін фильмнің өзін көру керек шығар.

***

*Сымфу (ағылшынша: «wire-fu») — кинода сымдардың көмегімен адамның физикалық қабілеттері жете бермейтін трюктерді қоюдың түрі. Мысал ретінде Джет Ли ойнайтын және қытайдың ұшып жүріп төбелесетін барлық фильмдерін келтіруге болады. «Матрицадағы» төбелестер де сымфуға жатады, айтпақшы.

Ұқсас посттар

14 пікір

sammita
алғашқы абзацтан шошып отырмын:))
omarbirat
Неге? Қытайдың кинолары көбінесе төбелеске арналған ғой? Актриса қыздары да әдемі екені өтірік емес.
chimaq
80-jyldary jet li oinaghan the sholin tempal dyng jangalap tusirgeni ghoi,men korgem joq ,action movies korgim kelmeidi…
悟wu degen tusinu ,bilu degendi bildiredi…
omarbirat
Мынау ол фильмге ұқсамайды. Джет Ли ойнайтынды бала кезімізде көргенбіз. Әлде басқа фильмдері де бар ма еді?
chimaq
janglap tusirgen degende rasynda uqsamaiy,biraq sonyng negizinde bolghan,jet li oinaghan turinde anggimening tarihy sui tang patchalyghy kezinde,al janga turi min guo kezinde bolghan,,,,,,))
omarbirat
Мына фильмде оқиға 20-ғасырдың бас кезінде болады. Сол кездері бір әскер қолбасшысы Шаолинь ғибадатханасын өртеп жіберген екен ғой. Соны фильмге негіз қылып алған болса керек.

Ал Джет Ли ойнайтыны шынымен тамаша фильм. Интернеттен тауып алып, қайтадан көрмесем… :)
chimaq
osy taqyrypty korip,qandai eken dep tauyp korip edim,basyn biraz kordimde oshirip tastadym,,,,,maghan jaqpaidy…
jet li oinaityny :http://www.tudou.com/programs/view/YHfbB7uboZs/
konvict
кешіріңіз, сіз қызсыз ба?
konvict
Джеки Чан үшін плюс қойдым
Gastarbaiter
Арқан-фу көрсем бітті сенгім келмейді киноларына. Онг Багтың біріншісі ұнады дегенмен.
omarbirat
Онг Бакта трюктер таза жасалған ғой. Екінші, үшіншілері қуып кеткен. Қытайда Джеки Чан, Само Хунг, Йен Бяолардың орнын басатын актер қалмаған сияқты. Қазіргі актерлері өңшең әншілер, Донни Йен (Ип Ман) мен Джет Лиден басқасы :)
Gastarbaiter
Бойконың 3- сериясы да жақсы қойылған төбелестері. Нағыз мордобой. Бірақ үшеуі де аяқ сындырумен бітеді нақ:)
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.