SM Entertainment Қазақстанда кастинг жариялайды

  • Автор

SM Entertainment – Оңтүстік Кореяда беделді продюссерлік орталығы Қазақстандық өнерпаздарға кастинг жариялайды. Кастинг Алматы қаласында 2011 жылы 11 шілдеде өтеді. Іріктеуге ұлты, жасы, жынысына қарамастан кез-келген азамат қатыса алады. Финалға шыққан жеңімпаз әлемдік сахналарда SM Entertainment қатысушыларымен бірге Азия құрлығының атынан өнер көрсетеді.

Бұл продюссерлік орталық қазіргі уақытта әлемге танылып үлгерген BoA, Super Junior, SNSD, SHINee, f(x), KANGTA, The Trax, Го А-ра, Ли Ён Хи сияқты өнерпаздармен жұмыс істейді. (Корея индустриясымен таныс емес адамдарға айтарым, өз арасында өте танымал топтар, әншілер, дарынды өнерпаздар).

Бес саусағынан өнер тамған әрбір адам осы кастингке қатысып, өз өнерін көрсетсе болады. Жеңімпаз SM Entertainment орталығымен жеке контрактіге отырады.

Толығырақ мына жерде.
©Yesasia

Ұқсас посттар

8 пікір

qisyq
Ал, таланттар қапы қалмаңдар…
chimaq
synaqtan otip sm gha kirgensong 5,6 jyl tarbiede bolatyn chyghar a....?
Altygradus
Зере андағы комментті мында көшіре салайыншы:)))

7 күн демалыссыз жұмыс істеп, күніне 3 сағаттан ғана ұйқтасам да, бәріне шыдайм, ең бастысы жетістікке жетсем деген адам үшін өте жақсы мүмкіндік екен.

бірақ СМ энтертейнмент бір сұмырай компания, соңғы жылдары осылармен соттасу көп боп кетті. жалпы кәрістердің шоу бизнесінің бір ұнамайтын тұсы, талантты жасты прям езілгенше пайдалануды ғана көздейді, мысалға ана Тохошинки болсын, қыздардың Кара тобы болсын, Жапонияда миллиондап пайда табады, ал әртістерге берілетіні мүлдем мизер. Қанша пайда кіріп жатқанын да айтпайды екен оларда.Жапон нарығына кірмесе мүлдем білмес едік қанша табатынымызды, ондай жаңалықтарды продюсерлерден емес жапон газетінен біледі екен
chimaq
:)))ongbaghanyq jaqtary rasynda kop aitylyp jatady ,superjunior daghy qytailyq anchi han kyung sodan chyqqan,ana jyldary korgen qorlyghyn aityp jylap jatatyn tv da,aqyry sottasyp chyghyp ketti gho...))
Altygradus
а иә СуЖудың шуы ол бар.Фанаттары қанша ереуіл жасап еді.
Тохошинки молдам обал боп кетті.Солардың лайв концерттеріне барсам деп жүр едім:(
monti
Кастинг Алматы қаласында 2011 жылы 11 шілдеде өтеді.
нақты адрес қай жер. сағат қаншада,
спамдатып таныстарға лақытар отырайын)))
Zere
Қазір орны анықталып жатыр. Мен берген ссылкамен жүрсең сол жерде жазылуы керек.
monti
а рахмет сайты мен де енд ашылды :)
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.