Арманмен қанат жайғандар/Dream high

  • Автор
Жақында көріп бітірген кәріс сериалы жайында жазбақпын. Бұл сериалды бесеу көрмесе, үшеу көрер.)) Соңғы уақытта Корей сериалдарын көру озып барады, сол үшін сериалдары туралы қазақша жазсам артықтық етпес.


Таяуда «Dream high» сериалын көріп бітірдім. Көрсетілімі басталғанша асыға күтіп жүрдім. Бастапқы 2-3 сериасын ұйықтамай көріп шықтым, қалғанын асықпай көре бастадым. Сериал ұнады. Арман-мақсаттар туралы көп қанатты сөздер айтылады ішінде, сонысы ұнады. Сюжеті қарапайым болғанымен тереңірек үңілсе көп нәрсе түсінуге болады. Ұққаным, өмірдегі қиыншылықтарға қарамастан еш мойымау керек. Іштарлық көрсетпей, өзгенің қуанышымен бөлісе білсең, бақыт та, сәттілік те, достар да сен жағыңда болады. Жастар көрсе үлгі аларлық сериал екен. :) Енді, кәрістер тек қана сериалын қызық қылып қоймай, сонымен қатар саундтректерінде джынды етіп жазады. Өлеңдері жақсы, не дегенімен кілең айдолдарды жинаған ғой сериалға.
Рөлдерде: Suzy, Kim Soo-hyeon,Taecyeon, Ham Eun-jeong,Wooyoung,IU.
Сонымен, Кореяның ең беделді «Кирин» өнер мектебіндегі өз армандары үшін күрескен 6 студент туралы.
Сон Сам Дон- жеке ферма ашсам деп армандап жүрген қарапайым ауылдың жігіті. Бірақ, Ко Хе Ми атты қызға ес-түссіз ғашық болып, соның артынан «Кирин» мектебіне түсіп кетеді. Сол жақта өзі білмеген керемет таланттың иесі болып шығады.

Чжин Гук — бұзақы, керемет төбелескіш, сонымен қатар проф. бишілерден кем түспейтін брейк дэнсер.

Ко Хе Ми- айтқанынан қайтпайтын, өзін жоғарғы сорт, ал қалғандарын екінші сорт санайтын қыз. Амалының жоқтығынан осы мектепке түсіп, өмірден көп сабақтар ала бастайды.

Юн Бек Хи- сезімтал, қарапайым жанұяның қызы. Бірақ. құрбысының(Ко Хе Ми) сатқындығынан кейін мүлдем өзгеріп, басқа қызға айналады. Өмірінде үлкен сахнаны армандамаған бұл қыздың бағы тез жанады…

Джейсон- тәрбиелі, ақылды, өзіне сенімді, ауқатты отбасыдан шыққан жігіт. Бишілік, әншілік қасиеті де баршылық.

Пил Сук- ақкөңіл мінезді, талантты қыз. Махаббаты үшін өнерден де бас тартуға дайын.

Қол боста қарауға болады, жалпы сюжеті өте қарапайым. Прям көргенде арманда көрмегенде арманда дей алмаймын, бірақ талғамда талас жоқ дейтін бе еді, очм солай. Ал, мынау трейлер:


Пыс: Мына суреттегі әнші бізде Азиада да келген әнші емес пе?

Ұқсас посттар

30 пікір

Zere
Жазбаңа рахмет! Осы сериалдағы кейіпкерлердің көбі танымал әншілер ғой. Сосын қыздардың сүйіктілері. Мен ойлайм, ең бастысы — рейтинг үшін түсірілген ба деп. Басты рөлде ойнайтын T-ara-ның әншісі қазір «Молодежены» реалити-шоуына түсіп жүр. Кеше соның бірінші сериясын қарадым.
Erkekyz
Менде солай ойладым рейтинг қуғандар-ау деп. Ал, шоуды онлайн қарадың ба? Мен аниме.кздан өткенде көрейін десем видео не найдено деп көрсетпей қойды. :(
Zere
Ол үшін қосымша вкладкада nur.kz-тің видеосын ашып қоясың. Сол кезде ашылады. Білмеймін неге олай екенін ))
Aramza
ассалаумәликім кәріс ханымдар! иттеріңіз дәмді болсын!
monti
басты саунтрек қатты ұнады кеше күні бойы үйде билеп соған))) бұл жолы мұғалімдеріне қатты крышам кетті))) прям жылайсың, бірақ қатты ұнатқан актер/актрисса болмады, проста жылау үшін* көргем сықылд бов қалдым))))
сат айтпақшы, шұлыққа дейін шылқылдап)))) түнде 4 біттім/ау.
бірақ была«й бітед деп ойладым, анау Юн Бек Хи, приздент баласына қосылад деп. анау балалар кімдікі, садикте жұмыс жасайтын бов кеткен бе? Джейсонның подругасы?)))) әлде өзі етті ме балдарды)))) ық/ық)))
сосын саясат көрдім ше))) ана жері, япньға барып, таласып, корея жеңіп, сосын достық жеңді деп қойғаны)))
сосын талапшыл/еңбекқорлықты айтам/ау, флеш/моб көшеде жариялап жіберуі. Сіңілісі пысық))) оппа көрмегелі көп болды ғо сені деп))))
Джейсонның қызын сцераний барсында сонша қорлапт)))) то арық то андай ғып дачы)))) туйй осындай сериалдарым көп болса ғо))) алдында тентек сүйіс(озорной поцелуй) жаман крышам кетіп ед. Кимге бола)))
мында да Кимді басында көрсетіп қалд ага))) осы пост оқып, көру керек екен дегенмен. онша қызықпадым, Кимді әуежайлан көріп қлып ужас аяғына дейін сол ойнайды екен деп қалдым дачы кинода)))

сосын отырған жерде тұра алмай қалған сәтім, басындағы сериясында)))) неге десеңдер, Киринің директоры, очм, осы типтес актерлерге жаман құлайтын бовтым))) анау 2 мұғалімнің түрін/ай күліп шегің қатады. Досы өн бойы, іш кимімді киіп алдың сен деп)))) былай естесс. көріну үшін жасайды, бірақ көп корейліктер комплексті сияқт меніңше өмірде)))
тағы көөөөөөп позетив бола берсін достар))))
Erkekyz
Джейсонның подругасы?)))) әлде өзі етті ме балдарды)))) ық/ық)))
Типі тола кезімде бақытты едім деп, бәрін тастап балабақшаға кетеді ғой, әйтпесе әжептуеір азып, әдемі болып қалып еді. Әдемі жұп ретінде екеуі қатты ұнады, сондай әбат, жақсы жарасып тұрады.
Altygradus
өнер мектебі ма сонда??
Менің арманым өнер универі, академиясының кампусында бір апта оқу небір-небір студенттерді көруге болатын сияқтыЧы,Nodame Cantabile-ден кейн пайда болған
monti
өнер мектебі ма сонда?? ага көрЧ енд ураган)))
Менің арманым өнер универі, академиясының кампусында бір апта оқу
ә чө, бір-ақ апта?)))) менде ондай жағдай болса бар ғо білмейм)))
Altygradus
сол бір аптаның өзі жететін сияқты))) ондай өнер шыңын түсіне қоймас адам үшін))) Өзің де бір қызық боп кетесің ғой ондай ортада жүрсең
Нодаме Кантабиле де джынды, онда көбіне музыканттарға қатысты
monti
сен блогыңа жазған скрипашка жайлы шіркін соған қолым жетсе ғой)))) скрипканы жаман жақс көрем дачы)))) еще қыз есімде қапт, құлағы қалқиып қаған ага))))
кейде бар ғо жалықтырып жіберед ага орныңнан тұрмай көріп жата берсең, тем более мен іш пысқыш адаммын)))
2 күн прикинь орнымнан тұрмай көрем деп, чуть андай* бов кете залдадым))) тіпті күндіз сағат 3те пижамамен сыртқа шықсам, а чо қазір тұрдың ба деп, мен әлі ұйықтағам жоқ деп үйдегілерге)))) еще көп жерге түсініктеме беріп жазад ғо, соларды қайта оқып шығам терминдерін))))
Altygradus
менде екі күн болды бисер жасап бір жарым сериал қарап тастадым Жазам ол туралы блогыма Енді бар ғой күүүүүЧт
monti
кореялық, аты не мүмкін менде ол бар шығар. келесі кезекті сен айтқан сериалға берем))) маған кажся, япньдікі тез әрі нақты сияқты көрнед кореялық көп жылап, еще бізд жылатып, көзден дым жоқ ісіп кеткен, ертесінде жұмысқа келесің со күйі))))
мен ойлайм, көздері мөлдіреп жасаурап тұрғандары, мүмкін қандай да бір спец. қосып қиналмай))))
10 күні репортаж жасауға кастингке барсамба деп отрм)))) че пачем не жайлы болад дегендей))))
Altygradus
кәріс сериалдарынан шығып қалдым соңғы кездері, тек героинясы бөлек форматтағы бір қыз болмаса, бәрі бірдей әйтпесе, біраз уш пысад, ана Магераренай оннадағы сияқтыбір ерекше героинялар болса көруге болат
оооо дааппай даппай бар, фотигіңді көтеріп бар міндетті түрде, күтеміз
meirzhan
«Secret garden» (Таинственный сад) туралы жазыңдаршы, білсеңдер. Соны көріп жатырмын.
Altygradus
бір кәріс подругам мақтағасын, ой осынын көрейін деп сайланап едім, Ақзеренің рецензиясын оқып ойымнан қайтып қалдым Актері красавчик енді, 2-3 ай боп қалды теңіз флотында әскери борышын атқарып жатыр
monti
Ақзеренің рецензиясын оқып ойымнан қайтып қалдым
орентац. бөлек жандар жайлы ма?))) маған школный тема ұнайд))) сосын тарихи сериалдары.
сосын кеше анау ауылдан кеген бала сондай талант, анимелер сала бастайд))) сонда дим дачы, ауылбай деп оны кемситип, сенде тілдік айырмашылық бар деп))) мен айтам олардын ауылбай дегени кызык кен, все есть и дамыған бола тұрып деп))))
сосын ауылдары соқа ұстап, жер жыртып, романтика))) сенде блогыңа көп сиыр жайлы фукисимаға байланысты жазып едің ғой. Былай картадан кіп/кішкентай жерлер, сонша малды қайтып?.. шынымен логикаға сыйғысыс тұстар)))

Магераренай оннадағы
аты таныс есіме түспей тұр)))
Altygradus
Магераренай оннадағы

аты таныс есіме түспей тұр)))
ииии ана адвокат боламын деп 11 рет емтихан тапсыратынЧы
monti
ииии ана адвокат боламын деп 11 рет емтихан тапсыратынЧы
онымен енд кәдімідей ауырғам ужас)))) еще анау енесін тастай алмай ауруханаға жұмысқа тұрғаны енді сұмдық))) ара/арасында онында кейбір ұнатқан тұстарымды қойып көріп тұрам))))
meirzhan
Сериалары көп болғаны болмаса, жаман емес. Сол сериалға пародия да бар екен.
monti
пародия қандай болад? басқа елдерде ұқсас версиясын жасап шығару ма?
meirzhan
жоқ, кәдімгі пародия. Сол сериалға. TV-шоуда. Бір ұлдар актерлер сол сериалды қайталайды, күлкілі қылып.
«Большая разница» сияқты. Бірақ оған қарағанда көлемдірек.
monti
)))) ондайы бар, ага шоулары қызық деп Зереден етіп едім, инет әттең шектеулі көруге(((
еще меде кытай, корей, япнь түсірген ұқсас версиялард салыстырып қарауды ұнатам)))
meirzhan
Бізге де сондай шоулар түсіру керек. Бірақ алдымен сериалдың өзін түсіріп алу керек екен ғой.

біраз көре бастағасын тілдерді ажырата бастайсың.
жапонша біраз мұмсақтау, ұзақтау естілетін сияқты.
Erkekyz
13 сериясынан соң көремей кеттім. Былай бір көруге тұрарлық сериал дер едім. Талғамда талас жоқ па не деуші еді, көбісіне ұнайды осы сериал. Рейтинг жағынан да жоғары. Бірақ актерларға сөз жоқ  Хен Бин мен Ха Джи Вон керемет ойнаған.
meirzhan
13 сериясынан соң көремей кеттім.
Почти бәрін көріпсің ғой.

Иә, көбіне ұнайды. Бірақ маған онша ұнамады.
Gulistan
Қазір Еларнада кешкісін болып жатқан не сериал? кім біледі?
Gulistan
атын таптым, "Үмітсіз махаббат" екен.
Erkekyz
Ия, атауы осылай. Бұрын көшіріп алайын ба жоқ па деп ойланып жүретін едім. Кейін Еларнадан көрсететінін естіп қуанғанмын. Бірақ өте ішпыстырарлық сериал деп таптым. Маған тек актриса ұнайды Ли Е Вон.Ол маған сонау "Ұлы ханша СонДоктан" бері ұнайды. Кеше әйтеуір ескі махаббатымен жолыққан жерінен бітіп еді ғой.
Gulistan
сонда үмітсіз махаббат бұрынғы жігіті үшін бе, әлде қазіргі ме?
Erkekyz
Қазіргі жігіті үшін шығар. Меніңше бұрынғы жігіті араға қыстырылып, махаббаттарын үмітсіз ете бастайтын шығар деп ойлап қоямын.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.