ЖОО-дағы келеңсіздіктер

  • Автор
Қазір қай ЖОО-нына бас сұқсақ та парақорлықты көреміз. Аттестация мен сессияға жақындаған күндері оқытушылар, жастардың тілімен айтқанда «қатая» қалады. Кейбір «ұстаздар» тіпті шын өз күшімен оқып, 5-тік бағаға лайық болғысы келген студенттерді жақтырмайды, тіпті құлатуға тырысуы да мүмкін. Парақорлық дендеген жерде қандай білім мен тәрбие туралы айтуға болады. Оқытушылардың пара алуын жалақының аздығымен байланыстыратындар бар. Әрине, айыратын нәпақалары көңіл көншітпейтіні рас, бірақ дегенмен де мүлде ақша алмай қызмет істеп жүрген ғалым-ұстаздар баршылық. Олардың киімдері де, өздері де қарапайым. Жаяу жүреді. Бірақ ары таза.
Тағы байқағаным, оқытушылардың парақорлық деңгейі студенттердің материалдық жағдайларына байланысты екен. Мәселен, көбі грантта оқитын, қарапайым отбасыларынан шыққан студенттер оқитын ЖОО-да парақорлық мейлінше аз болады.
Кейбір ғалым-оқытушылар өзінің ғылыми атағын алға тартып, көп дандайсиды. Менің ойымша, ЖОО-да қандай кафедра, қандай кабинет, бөлім болсын барлығы студентке қызмет етуі тиіс. ЖОО-да ең басты фигура – студент, оған жоғары дәрежелі білім мен тәрбие беру және осының бәрін жүзеге асыру үшін жағдай жасау. Ал кейбір ұстаздар бұл жерде өздерін бәрінен тым артық көріп, кергиді. Егер ғылым қуса ғылыми институттарда жұмыс істесін.

meirzhan

Әлі белгісіз

    Ұқсас посттар

    16 пікір

    urimtal
    Өте жақсы жазыпсың!

    Негізі мәсәле екі жақтан бар. Студенттерді де сүттен ақ, судан таза дей алмас едім. :)

    Бірақ түптеп келгенде студенттің білімге қатысты жеке түсінігінде сияқты. Шын білім қуған студент бар, ақшамен бәрін жапқысы келетіндер сосын жалқаулар кездеседі. Бұл тек Қазақстанда емес, күллі әлемнің университетіндегі жағдай (тек Батыстық үлгідегі оқу орындарында шпорға өте қатаң қарайтыны ұнайды). Шетелдік профессорлармен де сөйлескенде осы жайтты айтады. «Пара алмайтын оқытушы емес, бере алмайтын студент болады» деген сөз бекер айтылмайтын сияқты.

    Көп студенттер оқу орны білімді де, тәжірибелі етіп шығарады деген елеспен жүреді. Шындығында университет білім бермейді тек бағыт сілтейді.
    meirzhan
    Әрине, мұғалім деген періштелерді алтынмен жолдан тайдырып жүрген студенттер де баршылық. Үйіндегі бала-шағаның жағдайы оқытушыны тура жолдан тайдыруы мүмкін.
    Студент білімді және тәрбиелі болуға өзі тырыспаса, оқытушыларға ақшасын беріп, әйтеуір ілініп жүре береді. ЖОО-нын бітірген кейін де бұндай студенттер ақшамен бәрін шешуге тырысатын әдетінен арыла алмай қалуы ғажап емес.
    Бұрын бұл мәселеге бас қатырмайтынмын. Оқытушылар қауымымен таныс болған сайын біраз ойландаратын болды.
    urimtal
    Ректор оқытушылардан ақша жинатады-мыс kaz.gazeta.kz/art.asp?aid=85736 сұмдық!
    ushkin
    Айтпа, менің мединститутта оқитын құрбым -группасының старостасы. Сессия сайын сынақ кітапшаның арасына ақша салып мұғалімге апару олар үшін қалыпты жағдай. Дегенмен, парақорлық белең алмаған университеттер де бар. Мысалы:ҚазҰУ.
    meirzhan
    Жаңа конференцияда парақорлық туралы айтылды. Тыңдап отырған «оқытушылар» нендей күйде болды екен?
    satibaldi
    белең алмаған университеттер де бар
    Шүкіршіліктерінің кескіні, бейшара қаззақтар-ай
    j_7
    Сәлем Мейіржан, мен келдім, бірак,,,
    meirzhan
    «Бірақ… қайта кеттім» — дейсің бе
    satibaldi
    Қазір қай ЖОО-нына бас сұқсақ та парақорлықты көреміз.
    Естиміз десейш білә, енді до того түсіп кетпеген шығар әлі?
    satibaldi
    Ит-шошқа тақырып.
    meirzhan
    1 жыл бұрынғы постқа қазіргі уақыт көзқарасымен жазылған ит-шошқаның құсық пікірі.
    meirzhan
    ит-шошқаның
    Нақты адам емес, жалпылама айтқаным )
    araika
    Парақорлық біздің оқу орнында болмады деп мақтанғалы жатсам...әлгі оқиға бар екен ғой. Бірақ, сырттан келген жау еді. Бір оқытушымыз тест кітапшасын дайындап беремін деп, ақша жинағанбыз. Оны өткізіп қойғанда, істің ақ-қарасы айқындалып, кейін әлгі кісі ақшамызды қайтадан қайтарып берген-тін. Әрине, бізікілердің араласуымен.
    meirzhan
    Парақорлық біздің оқу орнында болмады деп
    Сенің білмеуің мүмкін ғой просто.
    а так қазіргі унив-тегі жүйе парақорлықтың негізінде құралған.
    KILYZAMAN
    Жұмыссыз жүргеніме жаны ашып кемпірім мұғалім болсайшы дегенді айтады. Сөзім жоқ…
    meirzhan
    «Сөзіңіз жоқ» болғанына не себеп? Жалпы сізге алыс емес кәсіп қой. Сіз мехматты бітірдіңіз.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.