Рейтинг
+53.14

Ғибратты әңгімелер

188 оқушы, 33 тақырып
/ / 25 / 4010 / 0
Халал және харам

Бір жас жігіт Қағбада «Ей дұрыстардың көмекшісі болған Аллаһым! Ей харамдардан сақтанғандардың көмекшісі болған Аллаһым саған шүкір етемін!» деп қайталай береді. Біреу келіп «неге қайта қайта бір дұғаны қайталай бересің одан басқа ешнәрсе білмеймісің?» деп сұрайды. Оған былай деп түсіндіреді: “Осыдан 7-8 жыл бұрын Қағбада жүргенде ішінде мың алтыны бар қалташық тауып алдым. Ішімнен бір дауыс «бұл алтындармен мына мына нәрселерді жасайсың!» деп...

/ / 8 / 4794 / 0
Имам Ағзамның ақылы мен ғылымы

Бір атеист (Құдайға сенбейтін адам) христиан елінен Ислам өлкесіне келеді. Барған жерінде пікір-сайыстарда алдына шыққандардың барлығын жеңіп жүреді. Басра қаласына келіп, маған жауап бере алатын бірде бір ғалым таба алмадым дейді. Хазіреті Хаммад: «Сен алдымен біздің балалармен таласып көр» деп алдына ол кезде әлі жас болған Нуман бин Сабитті (Имам Ағзам) шығарады. Атеист ашуланып мінберге шығады да: «Ғалымдарың қайда? Маған соларды шақырыңдар!»...

/ / 0 / 2787 / 0
Шынайы жолаушы

Өмірді танығысы келген бір жас жігіт дүниені аралап, саяхаттап жүрген елдерінің бірінде мәшһүр бір ғалымның үйіне қонаққа барады. Саяхатшы ғалымның тұрған үйінің дуалдарының кітаптарға толы екендігін көреді. Қатты таң қалады әрине. Бірақ мұның мәнісіне бара алмайды. Үйде жерге төсеулі бір кілем, дуалдың түбінде бір төсек, ортада тұрған бір столмен орындықтан басқа ешнәрсе болмайды. Таңданысын жасыра алмай сұрайды: — Неліктен ешқандай заттарыңыз,...

/ / 3 / 2531 / 0
Ит пен қораздың тілі

Күндердің күнінде бір адам Мұса алейһиссаламға келіп: — Ей Мұса, мен үшін бір дұға етсеңіз жануарлардың тілін түсінетін болайын, олардан өзіме сабақ алып, жақсы адам болар едім-деп өтінеді. Сонда Мұса алейһиссалам: — Сен үшін осы халің қайырлы (жақсы), көтере алмайтын жүкті арқалауға тырыспа-деп жауап береді. Бірақ әлгі адам айтқан тілді алмай, қайтпай тұрып алады: — Ей Мұса нең кетеді, ең болмаса есігімнің алдындағы итпен қоразымның...

/ / 18 / 3564 / 0
Құрыдым, масқара!

Жұмысқа жаңадан кірген жас инженер жиналыс кезінде үстел үстіндегі газетке қарап отырып, кенеттен орнынан ұшып тұрып «Құрыдым, масқара» деп, жүгіріп бөлмесіне кіріп кетеді де есігін құлыптап алады. Барлығы не болғанын білмей абдырап қалады. Фирма басшысы жиналысты тоқтатып: – Оған бір нәрсе болып қалды ма? Абайлаңдар, өзін өлтіріп жүрмесін,- деп алаңдаушылық білдіреді. Қалғандары өз пікірлерін айта бастайды: – Білесіздер, бүгін биржа...

/ / 5 / 10093 / 0
Жақсылық пен Жамандық

Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, алпарысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара. 12 жасар немере өзін білгелі осы иттер үнемі атасының үйі алдында алпарысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді бұлар. Немере: «Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен — үйіңізді қорғауға біреуі де жетер еді ғой, неге екеуін ұстайсыз? Ал түстері ше — неге біреуі ақ, екіншісі қара болуын қаладыңыз?» деп...

/ / 0 / 2408 / 0
Қайсыбірі маңызды?

Ескі бір қауымда Журейж атты көп ғибадат ететін бір жігіт болыпты. Күндіз-түні ғибадат ететін. Бұл жігіттің кәрі анасы бір күні: Балам, келіп маған мына істерде көмектес! — дейді. Бұл кезде баласы нәпіл ғибадаттар жасап отырып келмеді. Анасы бұған қатты ренжіп былай деп бетдұға(қарғыс) етеді: Жаман әйелдердің жаласына жем бол! Олармен көрші тұратын жаман әйел бар еді. Бұл әйел бір күні қойшыдан некесіз түрде жүкті болады. Сол заманның...

/ / 9 / 4651 / 0
Нағыз жомарттылық

Өте бай және жомарт болған хазіреті Абдуллаһ бин Жафар-и Таииар бір құрма бағының жанынан өтіп бара жатқан еді. Бір қара нәсілді құл, бақшада жұмыс істеп жатқанда, оған үш мезгілдік тамақ әкеледі. Сол сәтте бір күшік құлдың қасына жүгіріп барады. Тамағының бір бөлігін оған бергенінде, күшік бірден жеп қояды. Екіншісін де, кейінірек үшінші бөлігін де береді. Бұны байқап тұрған хазіреті Абдуллаһ бұл құлдың қасына жақындап сұрайды: –Әй досым, не үшін...

/ / 10 / 3110 / 0
Өмірдің жаңғырығы

Бір кісі және баласы орманда серуендеп жүріп баласы шалынып құлап түседі. Ауырған жері жанына батқандықтан “Аххх!” деп айқайлап жібереді. Жандарындағы таудан “Аххх!” деген дауыс естігенінде бала таң қалады. Ешнәрсені түсінбеген бала “Сен кімсің?” деп айқайлайды. Алған жауабы тағы да “сен кімсің?” болып келеді. Бұл жауапқа ашуланып “Сен қорқақсың!..” деп айқайлайды. Таудан келген дауыс “Сен қорқақсың!” деп жауап береді. Бала әкесіне...