Құдай бар ма?

  • Автор
Бір кісі сақалын алдыру үшін шаштаразға барады. Орындыққа жайғасып, сақалын алдырып отырып әңгімелесе кетеді. Әртүрлі тақырыпта сөз қозғалып, сөзден сөз шығып, бір мезетте Аллаһ, дін туралы әңгіме ашылады. Сонда Шаштараз айтады:
— Мен сен айтқандай Аллаһқа сенбеймін. Егер Аллаһ бар болғанда, мұншалықты дерт-қиыншылықтарға душар, өмірі машақатқа толы адамдар болмас еді. Тастанды сәбилер, жесірлер болмас еді. Аллаһ бар болғанда ешкімге қиыншылық тарқызбас еді…
Келген кісі қажетсіз пікір таласқа кіргісі келмегендіктен, үндемей қоя салады. Сақалын алдырып болған соң орнынан тұрып, терезеден сыртқа қарайды. Дәл сол мезетте сыртта шашы сақалы өсіп кеткен адамды көреді. Шаштаразға қарап:
— Білесің бе, меніңше шаштараз деген нәрсе жоқ,- дейді.
— О не дегеніңіз? Жан-жақтың бәрінде шаштараз қаптап тұр.
— Жоқ. Өйткені шаштараз бар болғанда жолда жүрген шашы өсіп кеткен адамдар болмас еді.
— Алдыңызда тұрмын емес пе шаштараз болып, олар маған келмесе, менің не жазығым бар?
— Өте дұрыс айттың! Сөздің түйіні де осы жерде. Аллаһ бар, ал адамдар оған бет бұрмаған болса, бұл Оған бұрылмағандардың таңдауы. Дүниеде мұншалықты дерт қиыншылықтардың болуының себебі де осы… Сондай-ақ өзің айтқан дертсіз, қиыншылықсыз, ұрыс-керіссіз, машақатсыз өмір жаннатта болады. Ал бұл дүние – сынақ жері…
aues

Сұрамаш өзім туралы

    Ұқсас посттар

    20 пікір

    qonyrbai
    Шаштараз демекші, шашымды алдыруым керек еді.
    zholantai
    мен де, мына постты оқып, шаш алдыру керектігім есіме түсіп кетті
    Gastarbaiter
    ой, біләәә))) Аш ішектің перестальтикасын наққа жіберіп тұрып атты
    zholantai
    сіздің миыңыз бар, ма жоқ па?
    Бар болса, кәне, көрмей тұрмын дегендей болыпты :)
    aues
    ми мен ақылдың айырмашылығын кім біледі?
    Beytanis
    Ми — тәннің бөлшегі, ақыл — жанның бөлшегі.
    Ispek92
    Тас ғасырынан бері келе жатқан БОЯН Кркич
    Arys_arlany
    Бұл жазбаның авторы басқа ғой, көшіріп басу неге керек? Мен ойлап қалдым, кім мұндай ауыр тақырыпты таңдап алып, жауапкершілікті мойнына жүктеп осы сайтқа салды екен десем.
    satibaldi
    Шынымды айтсам… жеген әңгіме
    ken
    сенетіндер бар, сенбейтіндер бар. сосын тағы бір топ бар- үшінші топ. ол топтағылар үнемі өз өзіне құдайдың барлығын не жоқтығын дәлелдеп жүреді. жоқтығы/барлығы туралы сәті түскен кезде айтып жүреді. бар екенін дәлелдеп жүретіндер үнемі әңгімелер, мысалдарды ойдан құрап шығарып жүреді. тауықтың жұмыртқасынан жазуларды көреді тб. жоқтығын дәлелдеп жүретіндер де дін туралы тақырыпты жібермейді, аргументтері дайын, соларды айту парыз. дін туралы тақырыптарды іздеп жүріп оқиды, міндетті түрде теріс камент қалдырады.
    ал алдыңғы екі топтағылар бәрібір бұлардың сөздеріне құлақ аспайды — сенетіндері сеніп, сенбейтіндері сенбей жүре береді. мыналар соны білсе де дәлелдеумен әлек… өз өзіне. өзім де бір кезде осы үшінші топта болғанмын. содан білемін.
    Marco
    satibaldi
    Заманауи гностикалық-пәлсапалық зерттеулер әлдеқашан: "Құдай бар болуы да, жоқ болуы да мүмкін; бірақ адамға ол маңызды емес" деген тұжырымға келгелі 60 жылдың қыры боп қалды. Жүріңдер сол лібәдтар, данетки ойнап
    serjan
    Құдай бар болуы да, жоқ болуы да мүмкін
    (((((((
    satibaldi
    Мынадай "қиссасымақтар" — 1910-20 жылдары дінде көтбұрыс жасап, еуропалық стайлда — логикамен уағыз жүргізбек болған ишанмуллалардың дүбәра еңбектері. Нәтижеден түріктердің өздері бұтқа жіберіп қойып, шығыстық уағыз методикасына қайта оралды.
    Ал қаззақтарға жаңа жаңалық болып жатыр. Типінақ, құдайдың атын атап ақыратын арыстандар
    aues
    Меніңше қызық әңгіме сияқты, осыншама негатив қайдан туындайды екен. Әлде шынымен мақаланың бағасы осындай ма? Аударма өзіміздікі, қызық көрінгендіктен бөлісуді жөн көрдік.
    AknietTanirbergenkyzy
    Негізі дін деген өте ауқымды тақырып. Алланың бар екендігіне сенуге келер болсақ, оның бар екендігіне мына қоршаған орта, жаратылыстардың өзі дәлел!)
    satibaldi
    оның бар екендігіне мына қоршаған орта, жаратылыстардың өзі дәлел!
    satibaldi
    Негізі дін деген өте ауқымды тақырып.
    Вы сегодня на удивление догадливы
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.