Сабын мен дін

Діннен еш хабары жоқ, сабын өндіргеннен басқа ештеңе білмейтін бір кісі бірде діндар кісімен әңгімелесіп отырып былай дейді:
-Сендердің сенімдеріңнен пайдасы болса, адамдарға тек жақсылық әкелсе, оыншама жылдар бойы дүниеде жамандық, күпірлік қалмайтын еді ғой ?!
Иманды кісі сабыншының бетіне бір қарады да:
— Ондай болса, сен жасаған сабындардың да түкке керегі жоқ. Өйткені, олардың бір пайдасы болғанда, айналамызда кір мен ластық қалмас еді? — деп уәж айтады.
Сабыншы дереу қарсы шығып:
-Адамдар сабын қолданбаса менің кінәм не?
-Адамдар діннің әмірін орындамаса діннің кінәсі не? Егер шариғаттың талаптарына барлық пенде мойынсұнса күллі дүние баяғыда түзілген болар еді,- деп діндар жауап қатады.
Ғибратты әңгімелер: Сабын мен дін
( «Жәннатқа асығыңдар» қауымдастығынан алынды)
AknietTanirbergenkyzy

Бақыттылардың Бақыттысы!!! Аллаға мың да бір шүкіршілік!!!!..

    Ұқсас посттар

    8 пікір

    KONILDI
    Базар жоқ, орынына қойып тастаған екен
    ken
    «Кім қарсыласының аузын жауып тастаса, соныкі дұрыс» дейсің ғой?
    KONILDI
    Енді дұрыс болсын, болмасын жауап айта алмаған адам орынында қалды дегенге саятын шығар.
    Aya
     бірінші рет күлдіре алдыңыз
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.