Құрбақаның қағидасы

  • Автор
Құрбақаны ыстық суға лақтырса, не болады? «Бұл жер ыңғайсыз, дереу бұл жерден кетуім керек» — деп құрбақа жылдам шешім қабылдайды да тездетіп судан тысқары секіріп кетеді. Ал егер дәл осы құрбақаны салқын суға салып, астынан баяу от қойса ше? Құрбақа әлсірей бастайды. Судың жылуын сезе бастаған құрбақа: «маған кішкене жылулық артық етпес»-деп ойлап, рахаттанып жата береді. Ал бұл оқиға сумен бірге қайнап, құрбақаның пісіп кетуіне әкеледі.
Әңгімеден түсінгеніміздей, ақиқатында, бұл өмірде барлығы кішігірім нәрседен басталып, жинала береді. Қарыздар, күнәлар, артық салмақ, денсаулықтың нашарлауы, білім, ауқаттылық. Күнделікті ұсақ-түйекті жете бағаламауға болмайды. Дүниенің алма-кезек екендігін әсте естен шығармаған абзал!
Ғибратты әңгімелер: Құрбақаның қағидасы
totiya

мені негізі әлемдегі Ең Сұлу, Ең Ақылды санайды… анам…

    Ұқсас посттар

    5 пікір

    007
    суреттегідей құрбақаны нососпен үрлеп көрдіңдерме?
    neoaskar
    жауыз, жарылып кетеді, қандай адам мынау хайуандарды қорлайтын а.,
    ken
    дәл осыны, құрбақаны суға салып астынан от қойса құрбақа пісіп қалғанынша суда жата беретінінің растығы туралы экспериментті жақында ғана теликтен көріп қалып едім.
    MamaAya
    (((( қайғылы екен!
    Momoko
    Автордын аиткысы келгенын тусiнгендеимiн! Барiмiзде курбаканын кебiн кешудемiз
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.