Үш насихат – үш мың дирхам

  • Автор
Ғибратты әңгімелер: Үш насихат – үш мың дирхам
Бір заманда енді үйленген бір жас жігіт ілім үйрену ынтасымен ауылдан кетеді. Ұзақ сапардан кейін қалаға жетіп, медресе іздеп жүргенінде, жұмысшы іздеп жүрген бір бай кісімен кездеседі. Бай кісі жоғары ақы ұсынғандықтан, ниетін өзгертіп, оның жанында жұмыс істей бастайды. Жиырма жыл оның қасында жұмыс істеп, үш мың дирхам ақша жинайды. Сөйтіп, ауылына қайтуға шешім қабылдайды.
Жолда түнеген жерінде біреу «Менде сондай бір насихат бар, мұны алған адам дүниеде де, ахиретте де рахат өмір сүреді» дейді. Әлгі адам «Үйден ілім үйрену үшін кеткен едім, ілім үйрене алмадым, ең болмағанда осы насихатты алайын, қалған екі мың дирхам маған жетеді» деп, оған мың дирхам беріп, орнына «Қаза мен тағдырда не бар болса, сол орындалады! Тағдырдағыдан басқасы болмайды» насихатын алады. Сапарын жалғастырады. Басқа бір түнейтін жерде тағы да осындай біреуге кезігеді. Ол да «Менде сондай бір насихат бар, мұны алған адам дүниеде де, ахиретте де рахат өмір сүреді, бірақ құны мың дирхам» деп айқайлап тұрады. Әлгі адам «Мың дирхам ақшама да мұны алайын, қалған мың дирхам маған жетеді» деп, мың дирхам төлеп, орнына «Жүрек кімді жақсы көрсе, сол сұлу!» насихатын алады. Жолын жалғастырып бара жатқанда басқа бір түнейтін жерде тағы біреуді кездестіреді. Бұл кісі де «Менде сондай бір насихат бар, мұны алған адам дүниеде де, ахиретте де рахат өмір сүреді, бірақ құны мың дирхам» деп айқайлап тұрады. Адам бұл жолы өз-өзімен күресе бастайды. Бір жағынан ілім үйренбегенінің ауыртпалығы, бір жағынан қалған соңғы ақшасы! Ақыр соңында ілім үйрену ынтасы ауыр басып, «Тағы жұмыс істеп ақша табармын» деп мың дирхамын оған береді, орнына «Өзің ұнатпайтын, түсініксіз жағдайға тап болғаныңда асықпа!» деген насихатты алады.
Сапарын жалғастырады. Жолда топталған адамдарға кезігеді. Жандарына жақындағанда олар: «Мына құдықтың ішінде бір жынды бар, қасында бір қыз бар. Ауылымыздың суын тоқтатты. Ішіне кім түссе де бәрін өлтіріп жатыр. Бізді бұл қиыншылықтан құтқарған адамға мына ыдыстағы алтындарды береміз» дейді.
Адамның ойына бірінші «Қаза мен тағдырда не бар болса, сол орындалады! Тағдырдағыдан басқасы болмайды» деген насихат келеді. Құдыққа түседі. Жынды «Саған бір сұрақ қоямын, жауап берсең суды ашамын. Мына қыз сұлу ма, әлде мына құрбақа ма?» деп сұрайды. Екінші насихат ойына келеді, «Жүрек кімді жақсы көрсе, сол сұлу» деп жауап береді. Жынды «Жарайсың! Осы кезге дейін бәрі қыз сұлу деді, олар білмеді, сен таптың» дейді. Жынды құрбақаны жақсы көргендіктен, бұл жауапты ұнатады, сөйтіп суды ашады. Ал әлгі адам алдыңғы ақшасынан да көп болған алтындарды алып ауылына қайтады.
Үйінің терезесінен қарағанында, ішінде әйелінің жанында бір жас жігіттің қалжыңдасып тұрғанын көреді. Бірден пышағын қынынан сұырып тұрғанда үшінші «Асықпа!» деген насихат есіне түседі. Пышағын жасырып, есікті тоқылдатады. Жұбайы есікті ашып жанындағы жас жігітке «Қара балам, әкең келді!» деп қуанады.
aues

Сұрамаш өзім туралы

    Ұқсас посттар

    3 пікір

    Meyirim
    Шынында «журек кiмдi суйсе сол сулу». Керемет ангiме.
    bake
    Сөзге тоқтары аз, кері істері анық. Кері тартпа көпті қаратады: ергені — жем, ермеген — жау. Қапырық та қалған тартыссыз шабыттары жоқтарға
    neoaskar
    Мұның тағы бір версиясы бар еді. Жігітке бір ақсақал сұрақ қойыпты дейді. (ол кезде жігіт жиырма жыл дәріс алып үйіне қайтып бара жатыр екен). "Ілімнің бас-аяғы не?" деп, жігіт жауап бере алмапты. Сұрақтың жауапбын әлгі кісі үш жыл қойымды бақсаң айтамын депті. жігіт үш жылға қой бағып қалады. үш жылдан кейін: "Ілімнің бас-аяғы — сабыр" депті. әлгі жігіт үйіне келсе, әйелінің қасында жас жігіттің жатқанын байқайды да ашуға булығып, өлтірмекші болады. сосын қой осыншама іліп алып, бір сабыр ете алмасам, ілімнің босқа кеткені болар деп. үйдің іргесіне ұйықтап кетіпті. азанда тұрғанда келіншегі айқайлап жатыр дейді. «Балам тұр, әкең келді» деп. Міне сабыр сақтай алмасаң зор өкінішке тап боласың…
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.