Қабырға хикаясы

  • Автор
Ғибратты әңгімелер: Қабырға хикаясыБір ауруханада екі қарт жатыпты, Екеуінің науқастары бір болғандықтан бір бөлмеге жайғастырылыпты. Тек бірі терезенің жанында, екіншісі есіктің дәл қасында жатады екен. Терезе жанындағы қарт күн сайын есік тұсындағы қарияға сырттағы тыныс-тіршілік туралы айтып отыратын:
— «Бүгін теңіз бір қалыпты. Аздап жел соғып тұр ғой деймін. Өйткені ана ұзақтағы кеменің желкені желбіреп тұр. Теңіз жағалауында шағалалар ұшып жүр».
Осылайша күндер өте береді. Күндердің бірінде әлгі терезе жанындағы ақсақалдың жүрегі ұстап нашарлап қалады. Әдетте, бөлмедегі қоңырау түймесін баса қалса дәрігерер жетіп келетін. Ал бүгін қасындағы қарт дәрігерді шақыртатын түймені баспады. Ғибратты әңгімелер: Қабырға хикаясыӨйткені терезеден дүниені өзі көре алмай, тек көршісін тыңдаумен ғана шектеліп жататын. Сол есіне түсті ме, шайтанның сөзіне еріп, қоңыраудың түймесін басуға құнт таныта қоймады. Осылайша, ол досын жазықсыздан жазықсыз өлімге қиды да жіберді. Келесі күні дәрігерлер есіктегі кісіні терезе жанындағы босаған орынға ауыстыратын болды. Осы күнге дейін тыңдауды ғана місе тұтқан адамның қуанышы қойнына сыймады. Енді табиғаттың сан қырлы нақыштарын өз көзімен көріп жататын болды. Орнына жайғаса салып, басын көтеріп терезеге асыға мойнын созып еді. Арғы жақта қара қабырғадан басқа еш нәрсе көрінбеді.
  • жоқ
  • 0
  • +5
  • 5657
totiya

мені негізі әлемдегі Ең Сұлу, Ең Ақылды санайды… анам…

    12 пікір

    torgai
    Көзімізді шел басқанада — өзімізге жақсылық ойлағанды түсінбейміз ғой.
    asaubota
    ойландыратын мысал
    zholantai
    «Достучаться до небес» деген тамаша фильм бар едi, ғажап туынды. Со есiме түсiп отыр. Ақырғы күнiне жақындаған Адамдар теңiзге ғашық болады ма,қалай өзi?
    AKA
    Бірнеше жерден оқыған соң жатталып та қалды ендігі.
    Marco
    Боян дегенді әдемі жеткізеді екенсіз
    Edu
    Үміті үзілген жаман ғой.
    satibaldi
    Байғұс кейіпкерлерді аяймын, біреулердің ғибратлі мысалы үшін түрлі жағдайда ажал құшыватад
    satibaldi
    Бір ауруханада екі қарт жатыпты
    Извращенцы.
    Momoko
    Сiздiн логиканыз базар жок екен
    assar
    Үндінің бір киносында дәл осы мысалды кіргізген арасына, тек терезе алдында жататын шалдың орнында 9-10 жасар науқас бала болады.
    Basic
    ғибратты әңгіме екен
    ken
    Морис Дрюон. Сары шашты қыз.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.