Бордама шай

  • Автор
Мен оқыған университетте (А. Яссауи атын. ХҚТУ) шетелдік студенттер көп еді. Өзге де түркі тілдес ұлттардың жастарынан бөлек, Өзбекстан, Монғолия, Қытай және т.б мемлекеттерден келген қандастарымыз болды. Әзір де бар.
Монғолия мен Қытай елдерінен келген қыз-жігіттермен жақын араластым. Ондағы қазақтардың тұрмысымен таныстым. Қазақта болған, бірақ Қазақстанда ұмытылған делінетін салт-дәстүрлерді білдім. Екі елдегі қазақтардың дастарханынан дәм таттым. Дәмі аузымда қалған, таңсық ас-судың бірі: «бордама шай» деген сусын болатын.
Бордама шайының Қазақстандағы қазақтар арасында бар-жоғын білмеймін. Алғаш рет Монғолиядан келген қазақ бауырлардың қолынан іштім. Оған дейін түр-түсін көрмек түгілі, атын естімегенмін,
Кейіннен қаншама рет ішсем де қалай дайындалатынын сұрамаған екенмін. Сонымен, апта басында дайындау тәсілін сұрастырып, өзім бір әзірлемек болдым. Үш рет әрекеттендім. Сәтсіз аяқталды. Десе де, не қарекет жасағанымды көрсетейін.

Бордама шайды кейде "ұн шай" деп те атайды. Шыжғырылған құйрық майда қуырылған ұнға сүт қатқан қою шайды қосу арқылы әзірлейді. Шөлді қандыратын сусын, әрі қарын тойдыратын азықтық. Суға қайнатылған күріш, арпа не жарма қосып нәрлі тағамға айналдыруға да болады.

Ал сол кезде...: Бордама шай
Ал сол кезде...: Бордама шай
Қажетті заттар: Қойдың құйрық майы, жарты кесе ұн, қою қызыл шай. сүт және тұз.

Дубль-1

Ал сол кезде...: Бордама шай
Алдымен, 4-5 дана төртбұрыштап кесілген құйрық майды ыдысқа салып, шыжғырамыз.

Ал сол кезде...: Бордама шай
Майы шығып, түсі қоңыр тартқан сәтте үстінен ұн саламыз.

Ал сол кезде...: Бордама шай
Жақсылап араластырып, ұнды қоңырқай тартқанша қуыру қажет.

Ал сол кезде...: Бордама шай
Сол аралықта қызыл шайға сүт қостым.

Ал сол кезде...: Бордама шай
Ал сол кезде...: Бордама шай
Сүт қосып жүргенімде ыдыстағы ұн мен шұжық күйіп, қарайып кетіпті. Тастауға тура келді.

Ал сол кезде...: Бордама шай
Осы аралықта сүт шайға шай қасықтың үштен бір бөлігіндей тұз салып, араластырдым.

Дубль-2


Ал сол кезде...: Бордама шай
Екінші рет құйрық майды шыжғыруды тағы солай бастадым.

Ал сол кезде...: Бордама шай
Бұл жолы жалын шығып, жанды. Өртенді.

Сосын не қате жібердім деп ойлана келе құйрық майды жұқа кастрюльге емес, аллюминий қазанға шыжғыру керек екендігін түсіндім. Негізі, оның алдын қалай жасалатынын сұрағанымда, "қазанда дайындаған жөн" деп айтқан. Бірақ, үйде ондай қазан жоқ еді. Жалға алынған пәтер ғой. Не ыдысының жайы келіссін. «Не де болса, дайындаймын» деп өзімді әбден қайрап алған едім. Ақыры, көрші пәтерден қазан сұрап, алып келдім.

Дубль-3


Ал сол кезде...: Бордама шай
Ал сол кезде...: Бордама шай
«мхм» деп қойып, қайта бастадым. Оның алдын 4-5 дана кубик құйрық май салған едім. Бұл жолы 7 данасын бірден салдым.

Ал сол кезде...: Бордама шай
Не дегенмен "қазан шіркін, ыдыс біткеннің төресі ғой", жайымен шыжғырды.

Ал сол кезде...: Бордама шай
Ал сол кезде...: Бордама шай
Ұн салып, Қызарғанша қуырдым.

Ал сол кезде...: Бордама шай
«Бісміллә» деп сүт шайды құйдым.

Ал сол кезде...: Бордама шай
Сүт шайды құйған соң, жақсылап араластыру шарт. Ұн іртік-іртік болып қалмас үшін…

Ал сол кезде...: Бордама шай
Обалы не керек, араластырудың бабын келтірдім. Әбден сапырдым. Бір рет бұрқ етіп қайнаса болды. Қайнатып, отын сөндіріп, басқа ыдысқа аудардым.

Ал сол кезде...: Бордама шай
Расын айтқанда түрі ұнамады. Мен ішіп жүрген бордама шайлардың сипаты мұндай болмайтын.

Ал сол кезде...: Бордама шай
Іштім. Дәмі өзіме ұнады, сонымен қатар ұнамады. Ұнның қуырылған дәмі басыпты. Одан бөлек, шыжғырылған құйрық майдың дәмі де қатты сезіледі. Көп қосып жіберіппін. 2-3 дана жететін еді.

Ал сол кезде...: Бордама шай
Осылайша, менің бордама шай әзірлемек болған әрекетім өзіме ұнамсыз нотада аяқталды. Білетіндердің әзірлегенін көріп, үйреніп алу керек-ті.

Күріш қосылып дайындалғаны тіпті керемет. Шаршауды басады. Сіңімді. Шөлді қайтарады. Алдағы уақытта жасалу жолын білетін достарымның бірінен үйреніп аламын. Сол кезде тағы жасаймын.
Егер ішіп көрген болсаңыз, айта отырыңыз. Жақсы сусын.

Мен досымның жолдаған хабарламасы бойынша әзірледім. Whatsappта жазғаны былай еді. Пунктуациясы мен жазба қарпінің түрі сақталды.
BORDAMA WAI dep atalady. Jasalu joly: En aldymen kuiryk maidy turap kazanga salp kuyrady. Sosyn erigen maidyn wujygyna kosyp kesemen jarty kese un salady sosyn ony jaksylap kuyrady uzdiksiz kuyrady. Unnyn kyzaryp piskeni baikalganda babymen kainalgan bir wainek boiauy wykkan sutti waidy ustine kuiady. Un ilenip kesektelip kalmas uwin azdan kuiip uzdiksiz aralastyryp turady. Yagni un irtiktelip kalmau uwin jakslap uzak uakyt sapyrady. Unda waiga kosylyp suiylganwa sapyrady. Keiin azdap gana taryltyp tuz salady. Sosyn daiyn bolady mindetti turde kazanga jasaidy.

Ұқсас посттар

27 пікір

rakisheva
Керемет! Əбден еңбектенген екенсің  Бірақ келесі жолын аты қандай шайды ішпеу керек екенін біліп алдым XD
zholantai
))
Негізі, жақсы сусын, бұрындары өзіме ұнайтын, прості өзім дұрыс әзірлей алмадым, сөйтіп түрін же, түсін де құрттым, адам ішетін асқа ұқсамай қалд))
qonyrbai
Керемет екен! Бірақ іше алмайтын сияқтымын.
zholantai
Иә, қалай әзірленетін, не қосатынын естіп, көргенде мен де іше алмайтын сияқтымын деп ойлайтын ба едім,
MamaAya
Мен Алматыға қыдырып барғанда бір кафеден ұйғыр шайы деп акелді, аты есімде жоқ, құрамында майы бар ма, тұзы бар ма түсініксіз шай ішіп көргем. Ұнады, ұнамады. Сол сияқты болса керек… Жалпы, бұл шайдың біз білмейтін бір құпиясы бар ғой. Белгілі бір себеппен ішілетін болса керек. Білмегенімізбен таныстырғаның үшін бәрібір де рахмет!!!
rakisheva
Ұйғырлардыкі қателеспесем "əткеншай" деп аталады. Бірақ ішіп көрмеппін
Zhan
Гастаның еңбекқорлығы «жұғайын» депті саған. Маладец!
Kelinshek
Мен ішіп көргенмін. Шешемнің жасағанын қанша көрсем де өзім жасап көрмеппін. Меніңше, сіз ұнды ұзааақ қуырып, қатты қызартып, күйдіріп жібергенсіз. Май да күйіп кеткен ғой. Не де болса жасай беріңіз, машықтану керек. Сонда, дұрыс шығады.
zholantai
өзіңіз жасап, мүмкін болса видеоблог қылып ұсынсаңыз, қатып кетер еді
aikarakoz
(!) видеопост*
zholantai
иә,
ал, неге видеоблог емес?
aikarakoz
Құйрыз майдың иісі келді мұрныма, фуф
Постыңызға базар жоқ
zholantai
сол құйрық майдың иісін үйдің ішінен кетіре алмай жүрм, не амал жасайтынымды, сіңіп қалыпты, әбден көк түтін қылғанмын ғо
abzalsariyev
Блогыңның бағасын беру үшін дәмін тату керек сияқты)
Әдресімді жазып ал: Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұран даңғылы 38
zholantai
мекенің крутой го, өзі)) Астанада Монғолиядан, Астанадан келген достарым бар, Астанаға барғанымда достарым дайындаса, дәмін татқызамын
sammita
Жарайсың, Жолантай) Құйрық майды шыжғырғанда араластырып тұрмаса күйіп кетеді. Моңғолиядан келгендердің кейбірі шәйға тұз қосып ішетінін білем. Ал бізде кәрі адамдар сүт қатқан шәйға шыжық (шыжғырылған май түйірлерін) қосып ішеді.
zholantai
иә, Қытайға барғанда тұз қосылған шай ішкенмін, ұнады, атам марқұм қызыл шайға шыжық салып ішетін, ол кезде кішкентаймын ғо, иииии дейтін едім,
Ispek92
Іше алмаймын, ертең 24 мамырда Реал ЧЛ-ды алғанда қуанғанымнан байқамай ішіп қоюым мүмкін, ал былай іше алмайды екем. Бірақ еңбегіңе базар жоқ, жюрилер айтқандай дубльдарың өте-мөте орынды шыққан.
zholantai
айтып отырм ғо, мен дұрыс әзірлемедім негізі ше, әйтпесе бұрын универде оқып жүргенде ішкенде дәмді көрінетін, дәмі де дұрыс болатын
Ispek92
Жалпы менде жұрт секілді құйрық май намайтындардың спискісіненмін
zholantai
мен де сол спискіден едім, ну соңғы уақытта сытылып жүрм
Arys_arlany
зарблады алған соң істеп көрмесем
zholantai
қойш, не тиын керек мұны істеуге,
Marco
Тұздалмаған құйрық дұрыс болатын шығар, а?
zholantai
соны сұрамаппын, мен кәдімгі шыжғырылмаған, тұздалмаған құйрық майды пайдаланыдым, қазір ойлап отырсам, шыжғырылған, тұздалған шыжықты пайдалану керек пе ед, сонда майдың дәмі шықпас па еді деп,
rauka
құйрық май қосылған шай)))))))))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.