Рейтинг
+5.62

Алиша

10 оқушы, 25 тақырып
/ / 57 / 4270 / 0
Коллаж - мінездеме

1.Атың? — Әлиша 2.Сүйікті фильмің? – «Өгей әке» 3.Сүйікті сусының? – Қызанақ шырыны 4.Бір сөзбен өзімді қалай сипаттаймын? — Өте уайымшылмын. Болмашыны көңіліме алып қаламын. 5.Өскенде кім болғың келетін? – Қолдарына микрофон ұстап ап, жүгіріп жүретін апайларға ұқсағым келетін. 6.Қазіргі көңіл-күйің? – Бақыттымын. 7.Арманыңдағы қала? – мемлекет – қала Сингапур 8.Туған жерің? – Атырау облысы, қақпақты қара...

/ / 24 / 1441 / 0
Керектің көмегі

Сүйінші! Ағаммен татуластым! Сіздердің, осы сайттың арқасы деп отырмын өзім. Өйткені, осы жердегі кей пікірлерді басшылықа алдым, нәтиже — көңіл қуантарлық. Еркеқыздың Мәскеудегі сіңлісін тауып, оған хабар тастауға көңілім дауаламады деген сөзіне Қуан: «Басқа біреу болып сөйлесіп көрсеңші» деген ой тастады. Мен де осылай істедім. Лена Лобода болып тіркеліп, 3-4 фотосуреттер салып қойдым /өзімше ұқсастарын таңдап/, тұрғылықты мекен ретінде ағам тұратын...

/ / 34 / 2420 / 0
Бірің әсең болсаң....

Қыз-жат жұрттық. Жұбыңмен бірге сол жұрттың босағасын аттаған алғашқы күннің тебіреніске толы болатынын бастан кешкендер жоққа шығармас. Осы күні жігіттер кездесіп жүрген қыздарын алдын ала ата-анасына таныстырып, тойға дейін үйде сан талай түнетеді ғой. Осы күні деймін-ау, біздің кезімізде де мұның аса таңсықтығы болмаған. Біз күйеуіміз екеуміз бір ауылда өстік, ата-анасын сырттай танушы ем. Ол кісілерді анадайдан көзім шалып қалса, жолымды...

/ / 7 / 1352 / 0
Билет жоқ ,әттең,қолымда....

Кейде ауылда қалған балалығымды сағынамын. Алаңсыз, беймаза шақ. Кешкі тамақты ішіп ап, қойдың алдына кетемін. Қойды ауылдағы аурухананың маңынан күтіп алушы ек. Үй мен екі ара біраз жер. Сол жерге жеткенше адымдап болашағымды болжап барамын. Түгел, түгел емес, түгел, түгел емес… Түгел болса, рахат. Қаннен қаперсіз ойынға кетесің. Әдетте «ши шығаратын» қошқарлар....Қыз қуу… Қыз қуған қошқардың соңынан сен қуасың...Әрбір үйдің қорасына дейін тағы...

/ / 25 / 5027 / 0
Жалғыз досым, алыстасың менен сен...

Көзден кетсе, көңілден кетеді. Биылғы ақпанның 11-ін күнтізбенің көп күндерінің бірі сынды аттап өтуім осы бір сөздің бекерге айтылмағандығына көңлімді иландырғандай болды. Мен онымен екінші курста жүргенде таныстым. Дебат тауып берген көп достарымның ішіндегі бірі де, бірегейі еді ол. Әп дегеннен тіл табысып кеттік. Оның фамилиясы менікімен бірдей екен. Мұны білгеннен кейін ол маған қарындастай, мен оған ағамдай қарадым. Қуансам — «сүйіншілей»...

/ / 66 / 1715 / 0
Мен мұнда қалай келдім?

Ғаламтордың беттерін былай да былай ақтарғаныммен, форумдарға әуестігім жоқ-тұғын. Бірақ, осы жердегі біраз адамның блогтарына барлау жасап тұратынымды жасырмай-ақ қояйын. Оларға қызыға қарайтынмын. Бір күні Құрмаш Маханов орындайтын «Кездесу мен қоштасу» әнінің авторын іздеп, Гугл құдіретке жүгіндім. Ол тапқан тізімдер ішінен «Кездесу. Алғашқы бет!» деген жазуға көзім түсіп, соны шертіп кеп жібердім. Шертуім мұң екен, қайнап жатқан пікір майданының...

/ / 29 / 2622 / 0
Бармысың, бауырым?!

Өткен бір жазбамда агент арқау болған жағымды бір жаңалықпен бөліспек боп едім ғой. Айтайын… Өз басым үшін агент біздің әулетті жиырма жылға жуық сергелдеңге салған мәселенің бір түйінін шешіп берді. Әулеттің тұңғышы мектеп бітірісімен Қарағандыға кетеді де, сол жақта үйленіп, екі ұлды болады. Кейін сонда қаза болады. Ағамның көзі тірісінде қатынасып тұрған немерелерімен кейін байланыс үзіледі. Бұған елдегі аумалы – төкпелі кезеңнің әсері де болса...

/ / 32 / 2452 / 0
Әулеттің сиқын бұзған әлеуметтік желі

Мынау М-Агент деген бәлеге байланғандар көп-ақ, байқасам. Өткен жолы бір таксиге отырсам, көлік жүргізуші көлігімен бірге қалтафонын да «айдап» келеді. «Тюң-тюңг»… О, бір хабарлама келді. «Фшть»… жолдаманың иесіне жауап та жол тартты. Бұған деген тәуелділігі алдында оның санасы қауқарсыз… Аттың басын жібердім… Әлеуметтік желінің әлегі бір әулеттің әрін кетірді. Бір танысымның күйеуі ауысымдық әдіспен жұмыс жасайды. Бір ай үйде болса, келесі...

/ / 6 / 2661 / 0
Табылдының соңғы сұхбаты

Мынау — Табылды ағаның «Айқын» газетінің тілшісіне берген соңғы сұхбаты. Осы жерде ақынның шығармашылығына қызығушылық танытушылардың бірқыдыру екенін ескере отырып, осында жариялауды жөн көріп отырмын. Алдымда «Жанарымның жарқылы» жатыр… Біртуар ғой ол! Арманда кетті… Табылды ДОСЫМОВ: Мұнай, ақша, байлық жүрген жерде өнердің бағаланбайтыны белгілі — Осыдан екі-үш жыл бұрын басылым беттерінде жарық көрген сұхбаттарыңызды жинап, өзіңіз...

/ / 14 / 4225 / 0
Қайран атам...

Ер адам неғұрылым егде тартып, қарттық меңдеген сайын соғұрылым шарасыз бола бастайтын сияқты. Өзім атамның тәрбиесінде болғандықтан ба, қарияларды қатты жақсы көремін. Әжелер әдетте пысық келеді. «Әй, шал! Болсаңшы… Жүрсеңші...Қарасаңшы көзіңе....». Аталар келеді артында… Неге екенін білмеймін, олардың бәрі маған аянышты көрінеді. Менің атам өте аңғал кісі еді, жарықтық. Аузын ашса, көмекейі көрінеді деп дәл осы кісіге қатысты айтылғандай....

/ / 45 / 1595 / 0
Әй, жігіттер...

Біздер, яғни әйелзаты қонағымыздың алдында қысылып қалмауымыз үшін дастарханның мол, әсем болғандығын қалаймыз. Ал, еркектер… олар үшін қонақ шақыру — темекі тұтатқанмен бірдей. Бір күні атам енеме: — Құдағайларды қонақтап жіберейік, ертең қойды өрістен алып қаламын, -деп еді енем ыршып түсті: — Әй, жалақы түссін, саған бәрі оп-оңай екен! — Бір қазан бауырсағыңды пісір, қойыңды ертең сойып беремін, басқа не керек.Өзіміз ғой, сынаушы...

/ / 32 / 3383 / 0
Ол туғанда сүйінші сұралмаған...

Некесіз туылған сәбиді қазақ «ойнастан туған» дейді. Бәленшенің ойнастан тапқан баласы, түгеншенің ойнастан тапқан қызы… Осы бір сөздің әлгі бейкүнәнің жүрегіне өшпес сызат саларын ойлап жатқан ешкім жоқ. Адамға ата-ананы таңдау мүмкіндігі берілмеген. Ата-ананың жасаған күнәсі үшін баласы жауап беруге тиісті емес… Осылай дейміз де… Ойлап отырсам, бүгінде баланы «жолдан тауып алатын» қыздарға қоғам «түсіністік» таныта бастағандай. "Өзі үшін...