Миллион админге бұйырмады

  • Автор


2005 жыл болатын, әлі жұмыс таба алмай сенделіп жүрген кезім. Сол кездерде «Миллион кімге бұйырады» ойыны танымал болды. Соған қатысып көргім келді. Бірақ, қатысу үшін Караван газетін сатып аласың да, газетпен бірге берілетін купондағы номерді айтып Хабарға телефон шаласың. Купон тек Алматыда ғана беріледі. Әсет деген бұрынғы керекші досыма айтып алдырдым сол купонды, ол маған номерін жазып жіберді. Сосын сол номер бойынша тіркелдім телефонмен, тіркелу кезінде оңайлау сұрақтар қояды. Кейін өздері хабарласып, тағы да сұрақтар қойып, егер дұрыс жауап берсең алдағы уақытта шақырамыз дейді.

Осылайша телефон арқылы өтіп, бір күні ойынға шақыру алдым. 7 қазан күні студияға кел деп хабарласты 2 қазан күні. Содан әзер деп ақша тауып, плацкартқа билет алып, 2 күнде Алматыға жеттім. Үлкен ақша ұтып алатыныма сенімдімін. Қайтарға билет те алған жоқпын. Содан ойынға да қатыстым. ТВ-дегінің бәрі өтірік екенін көрдім. Сол кезге дейін ойын тікелей эфирде және ақшаны сол жерде бірден береді деп ойлаппын. Маған айтқандары ойын алдымен эфирге шығады, содан кейін 6 ай ішінде аласың деді.

Қалтамдағы соңғы 2000 теңгені бөліп, бөліп 2 бәске тықтым футбол ойындарына. Сол бәстердің біреуі ұтты, 16800 теңге. Ертеңіне соны алдым да, купеге билет алып Ақтөбеге тайдым.

Ақшаны келесі жылы наурыз айында «ХХІ ғасыр көшбасшысының» финалына барған бөлемнің шешесі алып келді.

Барлық нәрсеге сене беретін ақкөңіл, ертеңді ойламайтын жайбарақат кездер еді сол кездер.

asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

92 пікір

Nurgisa
Ал кейбіреу дәл сол мезеттерде арнайы кеңсесіне барып, гуглды ашып отыр еді…
asaubota
ойын тікелей эфир деп ойладық қой  3 джокерімнің бірі сен едің, Гуглдың алдында отырған
Zhan
Туу,әйтеуір бір қыстырыла кетіп, Гуглда отырған өзің екенін өзің де айтып, админге де айтқызып, жаның жай тапты ма, ақыры?
Nurgisa
Ол кездің романтикасы бөлектеу еді ғой. Синергия жойқын, бірлік қызығатындай еді. Бекжанның отырысын қарасайшы! Тілегіне Искандердің өзі тамсанды емес пе?! Жақсы айтты, иә, Бекжан? Ал негізі, Zhan шектен аспайтын юзер
Zhan
Қалтамдағы соңғы 2000 теңгені бөліп, бөліп 2 бәске тықтым футбол ойындарына. Сол бәстердің біреуі ұтты, 16800 теңге. Ертеңіне соны алдым да, купеге билет алып Ақтөбеге тайдым.
Ойыннан ақша алмасаң да ақшасыз қалмапсың. Жалпы, осы сенің жолың болғыш емес, проста интиуицияң мықты жұмыс істейтін болса керек или қателестім бе?
asaubota
негізі былай жолым болғышпын деп есептеймін. тағдырға еш өкпелі емеспін. ал, интуицияға келетін болсақ интуиция барлық адамда бар, тек біз соны дұрыс қолдана алмаймыз.
Nurgisa
Қазір басқаша көзбен қарауға тырыстым, Арчи. Әсіресе, «берейтор», «дермене», "Қосанов" туралы сұрақтар керемет әсер етті… Отырысың тура Кузей, айтпақшы
asaubota
иә, қазір қараған қызық екен. ол кезде жастық албырттық та бар, қатты сенімділік, қимылдарда, сөздерде пафос та бар. Дулат Исабековтың Дерменесін бұрын оқыдым, ана жерде қазіргідей емес камера, жарықтан қорқу да бар, бәрі есіңнен шығып кетеді. Шыққан кезде кәдімгідей мең-зең болып шықтық, Бекжан екеуіміз далаға шыққан кезде бір де бір сұрақты есімізге түсіре алмадық, сенесің бе? сосын өзімнен де болды, ойын алдында анкета толтырған кезде қандай тақырыптарда сұрақ сұрамайық деп жеңілдік көрсетеді екен, мен өзімше болып «маған бәрібір» деп жазып жібергем. математика, астрономиялар келіп ауызды ұрып кетті ғо
Nurgisa
"қандай тақырыптарда сұрақ сұрамайық" деп алып, дәл соны сұрамай ма екен деп ойлап отырмын. Мысалы, ойнаушы екінші күймейтін сомадан асқан кезде  Ең үлкен соманы бір апай ұтқаны ғана есімде. Оның өзінде, көтермелеу болды. Валют Транзиттің екі туып, бір қалғаны шығар
asaubota
мен бір жағынан солай ойладым, әдейі сұрап қалар деп және ойынға келіп тұрғасын анау қиын еді, сұрамаңдаршы деп айтуды ұят көрдім.
Nurgisa
Кітап сататын арнайы дүкен болды университетімнің дәл қарама-қарсында. Сол жерде осы ойынға дайындайтын тест сұрақтар жинақталған кітапшалар болатын. Ерінбей сол жерде кітапты оқып алатынмын, бір күні қажетіме жарар деген студенттік үмітпен. Ақыры бұйырмады ойынға бару.
monti
соған қарағанда кішкене кезде, студенттікшақта адамдардың көбі тез, қиындықсыз көп ақша тапқысы келетін арман болған екен-ау
Zhan
кішкене кезде, студенттікшақта адамдардың көбі тез, қиындықсыз көп ақша тапқысы келетін арман болған екен-ау
Ойбай, Монти мен әлі де если че ғайыптан тайып, бір ғажайыптармен байып кетуді ара-тұра армандап қоямын. Сонда менің бұл қылығым әбестік пе? қалай байығанда десең, мысалы лотерея ұтып алсам, жасырылған қазынаны тауып алсам, алтын балық ұстап алсам деп. хехе…
vebred
Бірақ, мең-зең адамға ұқсамапсың…
Nurgisa
Арчи, саған айтып па едім: сол кездерде осы ойын елдегі жалғыз мотиваторлардың бірі боп тұрған кезінде Шымкенттің мұнай өңдеу зауытында істеп жүрген кезім еді. Жұмыста екінің бірінде бола бермейтін «восьмеркамен» бірнеше мәрте «бақ сынаған» едім  Әр қоңырауға әжептеуір ақша кетеді. Былай, жүз пайыз дұрыс жауап бердім ғой, адамдар телефон соға берсін деп солай айла тапқандары шығар… Айдың соңында бөлімшеміздің бастығы сөгіс жариялауға шақ қап еді  Біраз уақыт «восьмеркасыз» отырдық сосын.
Әзидолланың үйінде отырып көргенімізде сенімен бірге қарадық па осыны, есімде қалмапты?!
asaubota
мен Ақтөбеде қарадым.
omarbirat
Мен Алматының өзінде жүріп, әне барам, міне бараммен сол күйі телефон соққан да жоқпын, қатысудың жолын іздемедім де  Көп сұрақтардың жауаптарын тауып беріп отырғаныма, үйдегілер бармайсың ба деуші еді. Бір шетінен Ескендірмен таныстығым да бар еді.
omarbirat
Есесіне компьютердегі «О, счастливчик!» ойынынан талай миллиондарды ұтып едім, ойындағы бүкіл сұрақтардың дұрыс жауаптарын жаттап алып
sammita
ертедееееееее блогыңда жазбаңды оқып видеосын көре алмап едім, қазір жүктеп алам.
анкета толтырған кезде қандай тақырыптарда сұрақ сұрамайық деп жеңілдік көрсетеді екен
онысы жақсы екен.
Rozatai
Искандер «соңғы әрі нақты жауабыңыз ба?» деп басыңызды көп қатырмапты.
asaubota
ондай мимен жыныстық қатынасқа әлеуетті адам емес екенімді көріп тұр ғой
Rozatai
Бірде студияға әпенділеу кісі келді. Сұрақтарға артынан жау қуып келе жатқандай тез жауап береді, шұғыл шешім қабылдай салады. Біресе Ескендірге қарап, «Жартысын алып тастайық та» дейді («50/50 мүмкіндігін пайдаланам» дегені шығар). Тағы біраздан соң, «звондайық, звондайық!» («Досқа қоңырау шалу») дейді күлкілі тонмен. Біз ғана емес, эфирде Ескендірдің өзі ана кісінің аңғалдығына ішек-сілесі қатпаса да күліп отырды
vebred
Біздің Есекеңді сенің мысың басып отырыпты, онысы көрініп тұр, өзіне сенімсіздеу адамға ол секіреңдеп есіріп кететін еді ғой… Сондықтан, Ескендірді де, көрерменді де бір мойындатыпсың… Ал, Ескендір қазір бұл ойынды көрсе, әсіресе Валют Транзиттің жарнамасын суфлерсіз қалай оқып тұрғанын көріп, өзі күлкіге қарқ болар еді… ))
izbasar
Валют Транзитттің дәурені жүріп тұрған кез екен.
Daniar-Alan
… мен 5-мың алып қайтатын ем
serjan
Маладец, мен 2-cұрақтан кетеді екем.
Nurshat
Отандық телеканадың халы... Тікелей эпирде, бізден сонда практикада болған қыздарды көрермен арасынан көріп қалдым, зал іші практикант көрерменгетолы. тікелей эпир атының өзі арнаға адасып келген секілді… ол түсіріліп, монтаждалып, кесіліп(саяси мәні бар күбір-сыбырлар) болғасын, бір аптадан соң шығып жатса құана бер… сосын кадр көзінен өткен ақмақ бейнеңді көріп мәз бол ллліба… бізде тәулік бойы мемлекеттік тіл)))
ushkin
хехе ) сол ақшаны берді ме расымен? Аршат ағай емес, ана жерде басқа адам отырған сияқты )
Nurgisa
Шынымен Аршат ағайың деп сеніп отырсаң ба ана жерде отырған? )))
asaubota
52 мың берілді, шамамен 6 айдан кейін. эфирге 2,5 айдан кейін шықты. салықтан ұстап қалғандағысы сол 52.
ushkin
о қандай салық сонда? құпия болмаса… )
sammita
кез келген ұтыс, лотереядан ұсталатын салық, біршама сома ол. Сондықтан Бинго, СуперЛотодан миллион ұтпай-ақ қой
Mamyr
Мәссаған, қатысуға үміттілердің ішіндегі Оразәлі Байбеков деген менің әкем ғой! Бұл жайлы тіпті есімізден шығып кетіпті))) Еске түсіргеніңізге рахмет, Аршат. Мына видеоны көшіріп алудың жолдарын айтып жібермейміз бе, егер рұқсат болса?
Gastarbaiter
— Мен Иванды тергейін, Аманқұлды басқа біреу алсын.
— Неге?
— Қазақты тергесең туысқаның боп шығады.
Mamyr
"Өте күлкілі" деп баға берсем, риза боласыз ба?
Gastarbaiter
Мені қатты риза қылғың келсе, саған басқа жұмыс тауып бере алам
zhanibek_nurish
youtube-тің бетіне өтіп, keedvid.com-ды қолданып, көшіріп алуыңа болады
asaubota
videosaver.ru сайтына кіріп, мына сілтемені youtu.be/uR09QyWM58I қой да түсіріп ал
meirzhan
Админ үшін сіздің әкеңіз ойынға қатысаалмай қалды )))
Gastarbaiter
Миржа, қай тілде сөйлеп отырсың?
meirzhan
Тілім ауырғандықтан, қосыпсөйлепжверіппін.
Gastarbaiter
Жоға әзіліңдісс, «Админ үшін» дегеніңді айтамын. Админнің кесірінен дегің келген болар.
meirzhan
"Үшін" дегенді «ради» депте, сонымен қоса «из-за» деп те түсінеміз ғой. Мен «из-за» деп айтқым келген.
Gastarbaiter
Қарбызды қауын дейтін ШҚО-мын десейш бір сөзбен
asaubota
көрген кезде шошып кеттің бе?
Mamyr
шошығаны несі? Мәссаған сөзі шошығанда ғана айтылады деп кім айтты?
asaubota
жоқ, шошығанда қызық болып қалдың ба дегенім ғой
Ereke
Ареке 52000 теңгені алып не істедіңіз, қудыңыз ба, жудыңыз ба, әлде барлық ақшаны бар — ей деп ставка қойып жібердіңіз бе?
Gastarbaiter
Осы қазззақ деген.
Ereke
Енді ақшаның келгенін естіген достары «жумайсың ба?», теликтен шықтың ғой деп қаңғыруға ілік іздеп тұрады ғой
asaubota
6 айдан кейін келген ақшада не береке болсын және Хабардан ақшаны алған нағашы апама да сол ақшадан жартысындай керек болып қалыпты. обшым қолыма 20-30 мыңдай тигені. білмеймін, құртып жіберген шығармын. ол кезде жұмыссыз едім, күні және түні рулетка мен ставкада жүретінмін.
Gastarbaiter
«Планиметрия» дегенге залға сүйенбес едім (математика апай мықты болатын) бірақ Қосановты өлсем де таппас едім.
asaubota
Қосанов екенін біліп тұрмын, просто ана Байсейітов дегенге ойланып қалдым. Бахтияр Байсейітовтен басқа Байсейітов болып па еді соған бас қатырып қалдым, ал негізі ойымның бәрі ана Дерменеде қалып кетті. Дермене дұрыс дегенде бетімді жауып «бляяяяя» дедім өзіме жыным келіп.
meirzhan
Бөлең ол кезде жас болса да, молодес екен.
asaubota
ол Лидер 21-веканың чемпионы. мықты эрудит жігіт.
zhanibek_nurish
8-сыныптың География оқулығындағы Дермене тек Қазақстанда өсетін эндемик өсімдік деген мәлімет әліге дейін жадта сақталып қалыпты,
neoman
Апайың мықты болмаса да табатын ең. ПЛАНИметрияның жазықтық екенін, СТЕРЕОметрияның кеңістік екенін ағылшыннан аударып-ақ.
Берейтор мен Қосановты мен де білмейді екем
asaubota
ПЛАН сөзін сол жерде ойлана алмай тұрмын ғой тупить етіп. Берейторды да сол логикамен табуға болар еді, оған де құрттым.
Gastarbaiter
Енді… Апайым 9 сыныпта ма деймін, «Енді 3Д геометрия болады!, оның аты стереометрия» дегенде, «Апай осыған дейін не оқыдық?» -дедім.
Сонда ол айтты:
«Бұған дейінгі Планиметрия болатын, сәйкесінше 2Д геометрия» деді.
Мен «а-а-а» дедім.
zhanibek_nurish
қайда дайындалса да осы бағдарламаның сұрақтарын сәтті шығады,
dark_nazgul
Сатурн туралы сұраққа келген кезде балам энциклопедиясын ашып жіберіп, «Титан деген серігі бар» деп айқайлап жіберді. Өзінше саған қолдау көрсеткен түрі.
araika
Үзбей көретін едік бір кездері. Кейін мектепке алғаш комп келе бастағанда, осыны ойнайтынбыз
Мына кезіңіз маған бір танысымды көз алдыма келтірді, ол да басын қай салаға болсын тыға алатын жігіт еді.
Жарайсыз, керемет естелік!
Serzha
мен видео қарағанда калисто мен титанды сатурнның спутниктері деп ойладым, бірақ каллистоны калипсомен шатастырып отырмын. калипсо сатурндікі, каллисто юпитердің 4 ірі серіктерінің бірі (ио, европа, ганимед), негізі жақсырақ ойланғанда табуға болатын еді
asaubota
жақсырақ ойлана алмай қалдым ғой ана жерде, кейін ғой Каллистоның юпитер немесе Марстікі екені ойға келгені. егер қазір қатыссам ана кезіме қарағанда салқынқандылық танытар едім және камерадан да қорықпас едім.
Gastarbaiter
Мен де осы біліміммен жасарып кетіп, бірінші класқа барғым келед.
asaubota
мазгайоп
Gastarbaiter
Хатя бы бірінші курсқа. Жоқ қатябы емес, точно бірінші курсқа барсам
satibaldi
Мен алғашқы сұрақтарынан қорқам. Мультик кейіпкері жасырылад, ол оның замандастарына әншейін болғанымен, мен көрмеген болып шығады. Үйде телевизордан көріп отырып, алқашқы сұрақтарынан мұрттай ұшқам, дибровсстың.
Zilola
2005тiн 28шi кaрaшaсындa кaтыстым, уят болгaндa дaж 10дыктaн дa шыгa aлмaдым. Ауылдaгылaр корiп рeнжiп жур, ойнaй aлмaгaным ушiн eмeс, кол булгaмaгaным ушiн. Ойынгa кaтысу ыктимaлдыгын жогaрылaту ушiн, 10 кaрточкaсын aлып тiркeлдiм. Нeгiзi жaксы ойын. 40 миллиондa бaгымды сынaп корсeм eнд.
Gamk
"Қайтарға билет те
алған жоқпын" Не деген сенімділік? )))
asaubota
қатты настройда болғам, ондықтың іріктеуінен өтсем әрі қарай бірдеңе ұтам, сол жерде беред деген. видеоны қарасаңдар Ескендір де солай айтады, «шытырлатып санап берем» деп.
AKY
не деген жап-жас, симпотяшка))))))))))
Бекжан да))
serjan
бөлемнің шешесі
Нағашы апай (әпке, әпше, апай) деген түсінік жоқ па сендерде.
asaubota
ол жерде бөлем туралы айтылғасын шешесі деп жаза салдым қасына, нағашы апам ғо.
MickThatsMyNick
қазіргі 40 миллион шоуына қарағанда, осы бағдарлама жақсы ед. Мен де тіркелгем 40 миллион шоу сайтына, бірақ жасқа қойылатын талап 25-тен асу керек екен.( Негізі жас кезде әр түрлі сайыстар мен шоуларға қатысып қалған дұрыс! «Мүмкіндікті қолдандым, бағымды сынап көрдім», деп жас келгенде өкінбейсің.)
asaubota
Nurgisa екеуіміз шақыру күтудеміз
ken
Сол 40 млн шоуы қай қалада өтеді? Астанада ма, Алматыда ма?
asaubota
Мәскеуде түсіреді екен.
asaubota
бүгін дәл 8 жыл болыпты мына ойынға қатысқаныма
MERmukhanov
Ақшаны келесі жылы наурыз айында «ХХІ ғасыр көшбасшысының» финалына барған бөлемнің шешесі алып келді.
15 пайызын мемлекетке беріп, 68000 теңгені, менің шоудан ұтқан екі телефоным бар элджи, алып қайтқанбыз. Еще ақшаның бөлігін Барахолкада пайдаланып, Аршатқа кішкене қарыз алып келгенбіз.
asaubota
сендер бармағанда қалай алар екенмін сол ақшаны?
MERmukhanov
білмим  Бухгалтериядан дызылдап жүріп алды. Санап жатқанда, көөөөп ақша көрініп еді. Уақыт-ай десейш…
bizbike
Осындай адамдарды қызық көретінмін, Алматыда оқитын құрбым да билетсіз Ақтөбеге барамын деп вокзалға келіп тұратын, билеті былай тұрсын ақшасыз келетін еді ғой. Сосын шәкіртақы алып, оны бір күнде жойып жіберетін. Мен жас кезімде де сондай болдым, әлі де сондаймын, бәрін уақытымен кесіп-пішіп қойғанды ұнатамын, ал ақшам болмай қалса, суда жүріп, аяғым жерге жетпей жатқан сияқты сезімде болатынмын, әлі солаймын.
asaubota
ақшаны тез құртып тастаймын және ақшасыз жүрсем көңіл-күйсіз боп қаламын. ақша адамға шынымен энергия беретін сияқты
Anar70
«нағашы апама да сол ақшадан жартысындай керек болып қалыпты»… құдай-ау нағашы апа, жәй апа, ана апа, мына апа.....)))))))))))) и т.д. шексіздік…
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.