Android смартфонын Web-камера ретінде қолдану

  • Автор
Смартфонды компьютердегі кез келген және басқа да смартфондардағы браузермен вебкамера ретінде қолдануға болады.
Сол кереметке қол жеткізу үшін бізге Google Play-дегі тамаша қосымша қажет:
Жүктеп алу: IP Webcam
IP WebCAM сіздің смартфонды желілік камераға айналдырады. Бастысы Wifi-дың сигналы жақсы болу керек. Қосымша ашылғанда ең бірінші көретініміз баптаулар. Менюдегі «настройки видео» деген бөлімде бейненің сапасын, өлшемін, фокусты, жарқылды, т.б. баптауға болады. Ал енді қосымшаны іс жүзінде көрейік.
Өз қалауыңызша бейненің сапасын баптап алуыңызға болады
1. Қосымшаны ашамыз.
2. Экранды төмен сырғытып, «Запустить» батырмасын басамыз.
Қосымша ашылып автоматты түрде видеокамераны іске қосқаннан кейін URL-адресті смартфонның экранына шығарады.
Ол әр телефонда әртүрлі болады.
IT маманның кеңестері: Android смартфонын Web-камера ретінде қолдану
Смартфонның бетінде көрсетіліп тұрған адресті (http://192.168.0.102:8080) кез келген браузердің адрес жолына жазамыз. Содан кейін смартфонда көріп тұрған бейне браузердің де бетіне шығады.
IT маманның кеңестері: Android смартфонын Web-камера ретінде қолдану
Тағы бір ыңғайлы етіп жасалғаны — смартфондағы IP WebCam-ға қажетті функцияларды тікелей браузерден басқаруға болатындығы.
IT маманның кеңестері: Android смартфонын Web-камера ретінде қолдану
droidtar

Сайттағы жаңа қолданушы.
Өз сайтым:

    Ұқсас посттар

    10 пікір

    qonyrbai
    Жақсы дүние екен.
    droidtar
    Иа, керемет дүние. Және оны Skype-пен де қолдануға болады))
    qonyrbai
    Әзірге камера арқылы сөйлесетін адам жоқ. Алыстағы ағайынның уақыты жоқ па, әйтеуір, тек желіде жазысамыз. Кезінде М-Агенттің видеоқоңырауымен сөйлесуші едік. :)))
    droidtar
    Бұрын ол да қызық еді, бірак мен үшін М-агент өлген дүние). Оның жәшігін де қолданбайтын болдым)))
    qonyrbai
    :))) Мен жәшігін қолданам. Бірақ маңызды, сапалы сайттарға жынмейілді қолданам.
    Ispek92
    Жақсы жазба, біліп жүреміз, қажетке жарары сөзсіз
    droidtar
    Қажетке жараса болды
    qonyrbai
    Келесі жазбаңды күтемін. :)) Менікі андроид қой сол.
    droidtar
    Сенде қандай телефон? Мүмкін саған қажет қосымша болса, мүмкіндігімше сол жөнінде жазармын)
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.