...жәйләп қайтару...

  • Автор
Қала көшесінде жаман «Москвич» су жаңа «Мерстің» артына кіріп кетіпті(прямь кіріп кетпеген енді, соғылған ғой). Мерстен түскен жігіт москвич руліндегі шалға: «Шал, ГАИ-МАИ дегенді шақырмайақ-қояйық, уақытым аз,3 мың доллар төле» депті. Шал:«Балам, дәл қазір ондай ақша жоқ өзіммен, мына ауылға келіп мені сұрасаң бәрі таниды, қалаған уақытыңда келіп алып кет» деп мекен-жайын беріпті.Біраз уақыт өткен соң ақшасын алмақ болған жігіт шалды іздеп келіпті. Келсе, шалдың үйінің маңы қараң-құраң адам екен.Жігітті көрген шал:"Қарағым-ай, ақшаңды бір қайтарармын, көрмейсің бе қырық жыл отасқан кемпірім қайтыс болды, кейінірек кел«депті. Жігітте соншалықты ақымақ емес екен.»Ақсақал, мезгілсіз келгеніме кешірім өтінемін,қарызымның 1000 долларын кемпіріңіздің батасына жаздым«депті. Тағы біраз уақыттан соң келсе,үйдің маңы қараң-құраң адам екен. Шалдан ақшасын сұраса шал:»Қарағым, кенже ұлым үйленіп жатыр еді, ақшамды жұмсап қойдым, кейінірек келсеңші" деп өтініпті.Жігіт:"Қарызыңыздың 1000 долларын келіннің көрімдігіне бердім" деп кетіп қалыпты. араға біраз уақыт салып тағы келіпті.Келсе шал қора маңында малдарына шөп салып жатыр екен.Амандасқан жігіт:«Ақсақал, ақшам дайын ба? Осы уақытқа шейін тостым, енді маған сылтау айтпассыз» десе шал: «Айқайлама, нақ! Жәйләп-жәйләп қайтарып жатырмын ғой.Жақында кенже қызым тұрмысқа шығады» деген екен.

Ұқсас посттар

23 пікір

Nurgisa
Өтті  Мен соңғы келгенінде шалдың жаназасы шығарылып жатар ма екен деп жаман ойлап қойып ем…
araika
мен ең алғашқы келгенінде шал «кеткен» екен дедім, әр келген сайын солай ойлап отырдым, бірақ өлмейтін шал екен
Abilakim
ол шал кенже қызының тойын аман-есен көріпті деседі жұрт
sammita
Убааан «Бере алмаймын деп тұр ғо, жоқ қо, жоқ. Бар болса бермей ме?»
19852407
Шалдың қайтару тәсіліне респект!
Delhi
Екінші келгенінде шалдың жаназасын шығарып жатқан болар деп ойлап отырсам, олда мықты екен.
sammita
«міне, сен бірінші тұрсың. Егер сұрай берсең осы списоктан сызып тастаймын»)))
Abilakim
қай қойылымнан еді?
sammita
менің білетінім әнек. Қойылымдар ел аузындағы әзілден құралатынын ескерсек, белгісіз шығу тегі))
omarbirat
«Терісқақпай» деген марқұм болып кеткен театр бар еді. Соның бір қойылымында осындай бірдеңе бар болатын.
Zhan
 Ана бір мультфильмде борсыққа «Саспа, сыйлық табылады» демекші, шалың да еш саспайды екен, әйтеуір бір сылтау табам ғой дегендей
asaubota
— 5000 бере тұршы, қайтарам әбизөк
біраз уақыттан кейін:
— өткен де сенен 5000 алып едім ғой, тағы 5000 бере тұршы 10000 қылып қайтарам
біраз уақыттан кейін:
— 10000 бере тұрасың ба, өткендегіге қосып 20000 қылып қайтарам.
біраз уақыттан кейін:
— есіңде ме өткенде 20000 қарыз едім ғой, тағы жиыр…
— а жоқ, жоқ, қайдағы қарыз, қарыз емессің маған.
Zhan
аяқ астынан мына әңгімеге орай тапқан әнегің бе жоқ, бір жердегі архивтен қазып алдың ба?
asaubota
өзім шығарған анекдот саным беске жетпейтін шығар, көбінесе жаттап жүрем. мынау да сол жадта қалғаны.
qisyq
Он сом? Қайдағы бес сом, қумашы мен сенен үш сом алғам жоқ, мә, бір сомыңды ал да, қайқай, давай!
dark_nazgul
Қала көшесінде жаман «Москвич» су жаңа «Мерстің» артына кіріп кетіпті(прямь кіріп кетпеген енді, соғылған ғой)
Осыны оқығанда, шай пай ғана жасай алатын жыны бар шал туралы анек екен деп қалдым. ))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.