Құлаққап сыртындағы әуен...

  • Автор
Кеше аттуызда кетіп бара жатып осы жайлы жазбасам ба деп ойлаған ем… Бүгін жұмысқа келсем Аршат мырза осы сарындағы мақаланы «Керекке» бұрқ еткізіп үлгеріпті.
Иә, қазақтың қыздарының ішкі әдемілігі жоғала бастағандай.Ол жоғалса сыртқы әдеміліктің қоса жоғалатыны сөзсіз. Кеше мен мынандай жайттың куәсі болдым. Аттуыстың артқы жағында отырдым. Жанымдағы бос орынға құлағына құлаққап киген әдеміше қыз жайғасты.Жанындағы құрбысына орын берейін дедім де сағыз шайнасына жыным ұстап сазарып отыра бердім. Әлгі екі қыз айналасындағылармен істері жоқ.Музыкалары құлаққапты жарып жібере жаздап, біздерге де естіледі. Құдай-ау даң-дұң әуен.Бірде бір сөзі жоқ.Ұрып тұрған музыка. Жұмыстан ептеп шаршаңқырап қайтып келе жатқан соң "Қарындас жайырақ қойыңызшы андағы музыкаңды" дедім. Ол маған бағжиып,«Бұл қоғамдық көлік, ұнамаса таксимен жүр» деді, сөйтті де құрбысына «Мына кісіге ерегіскенде соңына дейін барайық, біздің музыка ұнамай отыр» демесі бар ма? Қызға тән қылық қалмапты. Менен басқалардыңда алакөздеп отырғандарында шаруасы жоқ. Папкамда «Халық сөзі» газеті бар еді. Соңғы нөмерін үйде оқырмын деп алған ем. Соны шығардым. "Қарындас, мен газет оқиын сіз бір шетінен ұстап отырыңызшы" деп өтіндім әлгі қыздың бір құлағындағы пәлесін жұлып алып.
-Не үшін мен ұстауым керек, оқысаң өзің оқы…
-Олай болса мен не үшін сенің музыкаңды тыңдауым керек, тыңдасаң өзің тыңдасаңшы.
Құрбысы сағызын шарт еткізіп үріп жіберді. Менің сөзім ұнамай қалған болу керек…

Ұқсас посттар

60 пікір

a63a1
сөз тапқанға қолқа жоқ!!!
asaubota
бірақ, сөзден ұтылмай сол күйлерінде тұра берді ме?
Abilakim
Одан әрі біоазға дейін тыңдады музыкаларын, түсіп бара жатып маған,«аға, жақсы демалыңыз» деді кекесінмен. Мен де "Қарағым күйеуге тиме өзіңді тәрбиелей алмай жүріп, бала тәрбиелей алмассың дей салдым. Сөз өтпейді оларға
seken
Кім кінәлі сонда? Адамдар дейміз, қоғам дейміз, заман дейміз! Бірақ өзімізден ештеңе іздемейміз.
Abilakim
адам ғой өзгеретін, заманды да өзгертетін біз
Altygradus
ужыс қалай қарғайсың
оны ақыл деп даже сенімен ерегеспеген мен де қабылдамас едім
Zilola
қарғыс па мынау? ужссс
Abilakim
қарғыс емес,қарғайтын қатын емеспіз ғой, ақыл деп ұғады ақылы бар қыз
Zilola
Қарағым күйеуге тиме өзіңді тәрбиелей алмай жүріп, бала тәрбиелей алмассың дей салдым
бұл сөзді ақыл деп ұғатындай сен жәй уақытта емес, ашу үстінде ойланбай айта салдың, демек қарғыс!
қарғыс емес,қарғайтын қатын емеспіз ғой, ақыл деп ұғады ақылы бар қыз
қарғыс пен өсектің көкесін көрсетеді еркектер, тек бірдеңе болса қатынға жаба салғанды жөн санайды!
Abilakim
не десеңдерде өздерің біліңдер.
Zilola
ааа еще, ақылы бар қызға сенің ақылың 5 тиын
alisha
Сол жерде отырған жолаушылар қыздарға емес, ессіздермен ерегесіп отырған еркекке тістерін қайраған болар.
Abilakim
әйтеуір кейін ойланып, ол сөзден қорытынды жасар деген үміт қой. Мен өзім кей күндері өз әрекеттерімді сараптап отырамын.сондай кезде артық-ауыс кеткен жерлерім есіме түсіп, кейін біреулерден кешірім де сұраймын.
Arnur
Қарағым күйеуге тиме өзіңді тәрбиелей алмай жүріп, бала тәрбиелей алмассың дей салдым.
Жүдә, қатты айтқан екенсің… Әй, бірақ шыбын шаққан \дай көрмейді-ау…
19852407
сүйек түгілі құлаққабынан әрі өткізіп айтыпсың
Gamk
Әбеке, мен музыкасына ғана емес, тырнағы мен киіміне де қараймын орын берерде.
zhazular
Осындай жәйттер көп-ақ. Қазақ қыздарының бәріне топырақ шашпаймын. Алайда ер адамдарға қарағанда еліктеушілік, жеңіл ойшылдық қыздарда басым. Себебі оның психикасы, физиялогиясы, анатомиясы бәрібір ер адамнан әлсіз жаратылған. Сондықтан көп жағдайда жұққыш, иілгіш, еліктегіш келеді. Бірақ мұның екінші жағы бар. жұғылған, иілген қыз осы бір білместікпен істеп жүрген ісіне берік, дұрыс деген көзқарас қалыптастырып алады. Енді бұл ойынан қайтарып көр. Шапшып шығады.
Жалпы, қыз "қыздығымен" ғана қыз емес. Сүйкімділігімен, ақылдылығымен қыз. Еркекті осындай қаситтер арқылы ақ ғашық қып, тәнті қып тастауына болады… бірақ әттең, көздегі оправа мен құлаққап ештеңені көрсетпейді, естіртпейді…
a63a1
майқұдықтың қыздары-ау шамасы ә?
Abilakim
Майқұдықтікі болғанымен қазақтың қыздары ғой
pende
Ескертуді басқаша айтуға болмады ма?
Abilakim
болмады дей салам осы жерден тоқтап
Aizhantabyn
ескертуде не тұр? Батпайды оларға мүлдем бәрібір…
Abilakim
Менің ескертуімді мындағы кейбір жандар қарғысқа балады, ана қыздардың не ойлағанын кім білсін? Мындағы ақылына көркі сайлар былай деген соң…
Altygradus
бәрібір қарғыстың аты қарғыс қалай айтсаң да.
ондай ауыр сөз айтуға ужыс, сен үшн қорқайын дедім
patick
сендер үшін ең ауыр қарғыс «күйеуге тиме» болғаны ма
Aizhantabyn
Қарғыс формулировкасы гір кір, ғыр қыр деген жұрнақ арқылы жасалады же. Сонда:
Қарағым күйеуге тимеГІР өзіңді тәрбиелей алмай жүріп, бала тәрбиелей алмаҒЫР болады.
Altygradus
мәселе онда емес, күйеуге тиме, немесе ертең өліп кет болса да, қандай сөз айтса да, ол қызды мысалы өмірі көрмейтін де адам, мүмкін сол бір жиырма минут қатар болған шығар, пыросто автобус ішінде қылығы ұнамай қалды екен деп қарғағаны біртүрлі көрінді.
Aizhantabyn
Қыздарға сын айтылған сайын, мін тағылған сайын біздер, қыздар, жақсы болуға тырысатын секілдіміз. Конструктивная критика болмаса, өсу жоқ.
Үйдегі ата анасы, апа ағасы айтты ма оған әдепті бол, мейілінше кішіпейіл бол деп, әлде айтпады ма, мәселе онда емес, мәселе көрген адам айту керек. Бүгін болмасын, ертең түсінеді деген үмітпен.
manfan
дұрыс айтасың… бірақ, бар бәлені қыздарға жаба бермеу керек қой. мысалы, осы күні автобуста қыздарға орын беретін баланы шаммен іздеп жүріп таппайсың. былай қарағанда, тәрбиенің ееееееңңңңңңңң қарапайым түрі ғой… ертең олардан туған бала қайтеді… жалпы біздің қоғамдағы қыздың да, еркектің де әдебі оңып тұрған жоқ.
Aizhantabyn
иә, рас. Өткенде жазып ем ғой орын беру деген жоқ деп.

Жала жабылып жатса басқа, реальный пример болған соң, шындық екенін мойындау керек.

Еркектерге бөлек, әйелдерге бөлек деп қоғамдық көлік линясын жіберсе ия?))))))))))))))))))))
Abilakim
кей қыздарға, келіншектерге орын берсең өзінен көрі мұқтаж адам кірсе сол орынды қайта босатпай жыныңды келтіреді
meirzhan
Алматыда теди-таксилер бар екенін естідім. Қыздарға арналған қызғылт түсті такси, жүргізушісі де нәзік жанды самурай емес.
апдейт: тедди емес леди-такси дегім келген, бірақ тедди деген нұсқа да жаман емес
meirzhan
осы күні автобуста қыздарға орын беретін баланы шаммен іздеп жүріп таппайсың.
— жамааан утрировать етіп қойдың (асыра сілтеу);
— Гамктың мына пікіріне назар аударайық:
"Әбеке, мен музыкасына ғана емес, тырнағы мен киіміне де қараймын орын берерде".
мүмкін орын беруге лайықтылар аз шығар.
Gamk
Әріптерді жөндеп жібер кәнекей. «Gamk»
meirzhan
қабылданып, ескеріліп, түзетілді ©
Aizhantabyn
ужас қой, тырнағың мен киімің, шашың мен түрің ұнамаса, ер адамдардан орын күтпе деген сөз бе?

Әр бір қыз (әйел) қыз болып дүниеге келген соң, орын беруге лайық (кемінде).

Орын берудің өзі кереметтей философиялық ой толғанысты талап етеді деп ойламаппын
meirzhan
Орын берудің өзі кереметтей философиялық ой толғанысты талап етеді деп ойламаппын
мына сөз өтті.
meirzhan
тырнағың мен киімің, шашың мен түрің ұнамаса, ер адамдардан орын күтпе деген сөз бе?
мында мәселе симпатия-антипатияда емес, мәселе мәдениеттілікте шығар, посттағыдай мәдениет болса орын беруге деген желание түсіп қалады емес пе. Бірақ негізі идеалда орын беру деген рефлекс деңгейінде болу керек. Бірақ ол идеалда ғой, ал шынайы өмірде…
Gamk
Қыздар ренжімесін. Сояу тырнақты жек көремін. Жыным ұстайды. Көз алдыңызға елестетіңізші: автобусқа бір «сайтан» мінді. Шашы еркектердікіндей қып-қысқа. Оны ала-құла ғып бояп қойған. Тырнақ сояудай. Қып-қызыл. Бетінің бояуын жаласа бес ит тояды. Қасы жоқ, оның орнында татуаж. Құлақта қос-қостан сырғалар. Танаудың үстінде сырға. Салп-салп етіп сағыз шайнағаннан қисаңдаған ауыз. Омырауы ашық кофта. Оның төменгі жағынан кіндік пен бел көрінеді. Төмен түскен ышқыр. Қандай ішкиім кигені көз алдыңда тұр. Оған қосымша Әбекеңнің айтқан даңғырлақ музыкасын қосыңыз. Бірдеңе десең бас салып, түтіп жеуге бар. Міне! Өзін сыйламайтын, басқаны сыйламайтын «сайтан» орын ұсынуыңа лайық па? Тиісінше ұшып тұрып орын беретін қыздардың сорты бөлек болады. Иншалла, керектегі қыздар сол сорттан болар деп сенемін.
Aizhantabyn
аға, ол қыздар орынға зәру емес те ғой))

мәселе сіздің не болмаса басқа ер адамның "қыз, әйел, келіншек" деген атауларға сай келетін образдар жайлы емес. Мәселе, ер адамдардың майдаланып бара жатқанында. Сізге тырнақты қыздар ұнамайды, орын бермейсіз, ал біреуге орамалды қыздар ұнамайды, орын бермейді.
konvict
Әр бір қыз (әйел) қыз болып дүниеге келген соң, орын беруге лайық қыз болуы керек(кемінде).
Мысалы, жақында автобуста бір қыз мінді. Жоқ, қыз емес екен. Мен оны қыз деп ойлаппын. Мини көйлек, кеудесі ашық. Шашы жалбырап тұр. Мен қарадым да қойдым. Сөйтсем ол үйленген екен, әрі екіқабат. Автобустағы үлкен кісілер маған ұрсады неге орын бермейсің деп. Мен не деймін. Қайдан білейін оның екіқабат, әрі үйленгенін? Егер ол өзінің үйленгенін білдіретіндей басында орамалы болса, екі қабат екенін сездіретіндей кеңдей көйлек кисе орын бересің әрине. Қалай ойлайсыңдар? Мен оның екіқабат, әрі үйленгенін қалай ажыратамын?
meirzhan
Шарик боп жүрген жоқ па не ол?
Бәлкім, олар өздерін ақтау үшін ұрысатын шығар. Соншама жаны ашыса өздері неге орын бермейді.
Мен менталитеті басқа жерге барып келгесін, Астанадағы бір автобуста орын бермей отыра бердім. Сонда бір апай «эх, жігіттер, орын бермейсіңдер ме» дегеннен кейін ғана орын бердім. Менімен қатарлас отырған жігіт те атып тұра келді. Сөйтіп, апай мен бір жас қыз орындарымызға отырып алды.
konvict
Анау қыз шарик болатындай дәрежеде емес екен. БАстамасы болса керек
meirzhan
Келесіде автобусқа отырғанда УЗИ-аппаратын өзіңмен алып жүр
konvict
УЗИ апаратын алып жүр демекші баяғыда қара әчки кисең бәрі көрінеді екен деп сондай әчкиім болса деп армандаушы едік
Gamk
Тақырыпқа тұздық.
_
Аптауызға бір кемпір мінеді. Қыс кезі болса керек. Бос орындар көп болса да, әжеміз отырған жігіттің жанына келеді.
— Балам-ай, үлкен кісіге орын бермейсің бе? Әлде әке-шешең айтпады ма?
— Ой, әже басқа бос орындар көп қой…
— Ал менің жылы орынға отырғым келеді балам.
TERISKEY
Орын беру туралы: Мында түріктерде аптауызда жастар жағы орын беру деген нәрсені білмейді ғой деймін ващеее.(не только ұлдар). Әнеукүні Истанбулда, сосын Бурсада үлкендерге орын ұсынсам шынымен бе деген секілді таңданып барып рахметін айтып отырып жатыр. Менен өзге бір де бірі үлкендер тұр-ау, орын беру керек қой-ау деген ой санасынан саңылау таппай тұрды, әбілдің…
asaubota
бұл туралы жазған сияқты едік.
мен де бермес едім Түркияда жүрсем. өйткені ол орынды уақытша сатып алдым және бұрын келдім. отыруға толық құқығым бар.
Aizhantabyn
заңды түрде сіздікі дұрыс, бірақ адами тұрғыдан (морально) орын беру дұрыс.)
asaubota
капиталистік қоғамда адами тұрғы бола ма? біз осындайдың салдарынан көп жағдайда өз құқығымызды білмей жататын сияқтымыз.
Aizhantabyn
құқықтарын шынымен білмейтіндер бар. Бірақ, мысалы мен орын берсем, құқығымды біліп, толық сезініп, сонда да аяғы ауыр келіншекті аяп, жасы үлкеннің жасын сыйлап орын берем)))

Капиталисттік қоғамда да адами қасиеттерді жоймауға тырысу керек ИМХО
asaubota
жоқ, жалпы дегенім ғой. бізде менталитет басқа. Түркияда ешкім орын да күтпейді, спокойно отыра бересің. бірақ әрине бүгінге дейін аяғыауыр әйел мен кәрілерге бермей көрген емеспін.
ken
ең дұрысы машинамен жүру керек
VKM
meirzhan
әсіресе пассажир болған жақсы
Gamk
Кейбір ішмайы ашыған қамырдай бұлтиып тұратын жасы үлкен бәйбішелердің оқушы қыздарын жандарына отырғызып, басқа жұртты қақитып қоятынына қандай уәж айтамыз?
Aizhantabyn
адамның сырт келбетіне сын айта береді екенсіз. (((
мысалы мен өз сіңлімді отырғ, ызам қашанда, өзім отырмасам да, өйткені оның қысымы жоғары, әлсіз келеді. Жұрттар қарайды әрине, жап жас қызды отырғызып, орын бермейді екен деп, алайда маған онысына бәрібір. Бәріне жағдайды түсіндіріп жатпаймын ғой.

Көпке құм шашпасаңызшы, ағасы…
Gamk
У ішуге кеттім.
Abilakim
Соңғы кірген күні:	15 мамыр 2012, 08:56

У кеш әсер еткен секілді
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.