Қай шығарманы қайталап оқыр едіңіз?

  • Автор
Қазақ жазушыларының жазған дүниелері жетерлік. Іліп алары да бар, сүрте саларлары да жетерлік. Мына сауалнамада көрсетілген шығармалардың қайсысын қайталап оқуға қарсы емессіз. Сауалнаманың мақсатын сұраққа қатысты таза 35 пікірден соң жариялаймын. Жылдап күтуге де әзірмін.

Ұқсас посттар

39 пікір

Korkem
 бәрін-бәрін, сосын тағы жазылмай қалғандары қаншама…
Abilakim
жаза берсең көп қой
aza
Барлығын оқып шыққым келеді. Сосын Әбіштің Ханша Дариясын, Шыңырауын, Күйшісін, Елең алаңын, Үркерін тағы оқып шықсам ғой…
dark_nazgul
Әбіштің Ханша Дариясын, Шыңырауын, Күйшісін, Елең алаңын, Үркерін тағы оқып шықсам ғой…
мазахист
Sashok
Неге? Бұл Ә.Кекілбаевты мазақтағаның ба?
MERmukhanov
мазақ пен мазахизмді туыс қыл енді, сол қалды
мазахист, келісем)) және трайбалист па дейм...)))
Sashok
Басың ауыра ма, бірдеңе ғой. Маған вообще пікір жазбаш осы сен. Жұрттың бәрін өзің сияқты топас көресің ба?
Соңғы түзету:
MERmukhanov
әрине жоқ! Өзім сияқты топас көрмеймін! Халқым әлдеқайда менен өткен!!!
Sashok
Айтқың келгені мазохист шығар? Алдымен дұрыс жазылуын үйреніп ал, жұртты түзегішін.
MERmukhanov
Мен пікірге қосылушымын, қаз қалпында.
Бірақ орфографияны дарк назгүлдің 100 пайыз сақтау шарт емес қой, ә)))
Әйтпесе, жазбаш деген сөз олай жазылмайды. Үйреніп ал қалай жазылатынын! Гигок!!!
Соңғы түзету:
temir1986
Бексұлтан Нұржекеев дегенді тізімнен алып тастаңдаршы. Әзілхан Нұршайықовтың «аҚИҚАТ ПЕН АҢЫЗЫ» ғана қайта оқуға тұрады. Құланның ажалын, Жабайы алманы, Қайдасың Гаухарды да қайта оқығым келеді.
asaubota
Соқпақбаевтың "Өлгендер қайтып келмейдісін" неше рет оқығанымды білмеймін. «неге киносы түсірілмейді екен» деп ойлайтынмын. бірақ қазіргілер түсірсе бүлдіріп жібереді ау
Adiletshu
Мен екі рет оқыдым ғой дейм. Мен оқыған шығармалардың ішіндегі ең мықтысы
Abilakim
шоқтықты туынды
Sashok
Ох, күшті шығарма, бірақ ұмытып қалыппын.
ademi_alem
Оралхан Бөкей
Adiletshu
Мына тізімнен «Махаббат қызық мол жылдарды» ғана оқыппын. Енді қайталап оқымаспын. Дым ұнамады
zholantai
Әбіш Кекілбаевты қайта оқығым кеп тұрад, и оқим. сосын, болд
satibaldi
Мына шығармалар немене, қаззақ әдебиетінің альфалары мен омегалары, эйі мен зеті ме нақ? Басқа шығармалар қайда?
bake
Жол жүргенде көрші жолаушының қолынан кітап көріп сұрап алып оқығам, қызығына түсіп авторын есіме сақтай алмаппын, шығарма атауы «Сөнбес жұлдыз», кімдікі екен? Іздеп көрдім таба алмадым.
Sashok
Тақырыпты көргенде ойыма бірден «Балалық шаққа саяхат» пен «Жабайы алма» түсті. Көп қо, ұмытып отырм бәрін. Сосын «Боранды бекетті» қайталап оқып шығу керек ед. «Біздің жақта қыс ұзақ». Бұлардың бәрін бала кезімде оқып, ұмытыңқырап қалдым.
Соңғы түзету:
Sashok
«Боранды бекет» қазақ әдебиетіне жатпайды екен ғо.
bizbike
Абай жолы
Sashok
Қазақ әдебиетін түгел оқыдым, «Абай жолыңды» аяқтай алмадым. Құсық.
Ottegin
Мдя… Мықты айтылған
Sashok
Мынау бір жақсы сайт екен.
kokbori
Баққожа Мұқайдың "Өмірзая" деген шығармасы мықты. Бірақ ең мықтысы дей алмас едім. Маған пайдасы тиген, өмірімде әсер еткен туынды «Абай жолы». Содан соң баяғыдан айтып келе жатқан Балтабек Қыдырбекұлының (ұмытпасам) «Алатау» деген шығармасы ұнады. Бірақ «Абай жолынан» басқа еш кітапты қайта оқығым келмейді. Кітап оқуға желанием кетіп қапты)
araika
Сауалнаманың мақсатын сұраққа қатысты таза 35 пікірден соң жариялаймын.
Рафа стайл
toha9566
неге Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері жоқ
omarbirat
Ешқайсысын оқымадым
TOTY
"Қайдасың Гауһар?". Мына тізімді көріп, мектеп қабырғасында оқығаным енді есіме түсті.Қайталап оқу керек екен. Ауылдан көшерде былтыр талай кітапты сыймайды деп тастап кеттік. Ата-анамыздың жиған кітаптары еді.
AselRahimova
барлыгын кайтадан окыгым келеди.асиресе сайын муратбековтын шыгармаларын!!! окыныздар тагыда окыныздаааааааррррррррррррр!!!
satibaldi
Құсық шығармалар, айтып айтпай не керек.
zholantai
осы satibaldi ның оқыған, және қайта оқитын 100 кітабын білгім келед, бөліссейш
Ereke
Тұрсынқұлов, Қалаубек ағамыздың «Есіңде ме сол бір кез» кітабын оқыңыздар!
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы
totiya
мектептің кезінде оқығанмын бәрі естен шығып кетіпті. Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын қайтадан бір қарап шығуға болады. Өте қатты ұнайтын.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.