Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

  • Автор


Құрметі сайттастар, ұлттастар!

Ежелден еркіндік аңсаған халқымыздың негізгі, бас мерекесі құтты болсын. Тәуелсіздік чемпиондық атақ сияқты. Біреуге оңай, біреуге қиын жолмен келеді. Қалай келгенде де оны сақтап қалу ең қиыны. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Құрметпен админдерің.

asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

17 пікір

konvict
Әмииииин деп сәкеңдерше созып қояйын. Еліміз тыныш, мемлекетіміз береке, байлыққа толы болсын! Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!  көк туымыз көгімізде желбірей берсін!
sakenspb
амин! бірге болсын
007
Сізгеде тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Tyulpan
Рахмет, админ мырза! Тәуелсіздік тұғыры биііііііііііііііііік болсын!!! оңай жолмен келді деп айта алмаймын, кездейсоқтық бар… Ел қамын ойлайтын қазақтардың саны арта берсін!
Janasil
Құтты болсын! Бастысы қадіріне жете білейік.
Тәуелсіздік!
rymbek
Құтты болсын! Мәңгі болсын.
KILYZAMAN
Иә, сақтап қалу ең қиыны… Санамыз тәуелсіздігімзді саралай алатындай болғай!
bazuka
Мереке құтты болсын! Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
KILYZAMAN
Кешегі күн — бүгінгі күнге себепші. Ертеңгі күннің күңгірт болмауына себеп бола алатындай бүгін не амал-әрекет жасап жүрміз? «Аш бала мен тоқ бала» — ойынына бой алдырып жүрген жоқпыз ба? Иек қағу үшін — иек артарларымыздың жағдайын ойластыратындай халдеміз бе? Болашағымызға қиянтан нәрселерден аулақпыз ба? Түбі қорлыққа алып баратын нәрселерден түгел арыла алдық па?… Олар: Мәнсап, пара, жала деп кете беретін қорлықтар екенін бала шағамызға айта аламыз ба?..
MickThatsMyNick
Мереке құтты болсын, алға Қазақстан!  
нұр.кизеттегі мақалалардың бірінде пікірге қойылған минустарды көріп таң қалдым:

интернационал болғың келеді-ау, мынадан кейін ойланасың…
qyzylordalyq_jigit
сол ғо. АиФ, Время, Караван, т.с.с. газеттерінің, НТК, 31, т.с.с. арналарының, нұр.кз, закон.кз, т.с.с. сайттардың ұжымдары мен оқырмандары ділі қазақша нәрселерді қолдамақ түгілі оларға қарсы екенін, қарсы түгілі, ашық қарсы екенін, тіпті қазақша заттарға менсінбей қарайтынын әлі күнге білмейтін кісілер де бар екен-ау…
VKM
Тәуелсіздік күнімен, керекшілер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
rymbek
офф: Мақпал Исабекова орындаған «Батыл жүрек» мультфильміне саундтректі қайдан табуға болады?
ademi_alem
Тәуелсіздік күні құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс-ынтымақ, тыныштық тілеймін!
Makhabbat
… Тфу-тфу!
Тәуелсіздікке түкірдім,
Түкірікті түгел шашып бітірдім!
Менен бұрын айтқан екен бір ақын:
«Имансызға керегі не пітірдің?!».

«Тәуелсіздік» деген өзі немене?
Бізге оны біреу әкеп бере ме?!
Мен білмедім Тәуелсіздік не екенін,
Білер, бәлкім, бізден туған немере…

Келді бізге Егемендік, Еркіндік,
Дүр сілкініп, дүниені жел қылдық.
Қанаты жоқ күрке тауық секілді,
Көкке ұшам деп, қопаң-қопаң желпіндік…

Он бес жылда халқым қалай өзгерген?!
Озып шықты Мырқымбайлар өзге елден.
Әкімдердің амандығын тілеймін,
«Қазақ тілін үйренем» деп сөз берген.

Еге ─ менмін,
еркін күліп, жылаймын,
Бұ дағы бір бақыты ма Құдайдың?!
Астындамын ─ ауыр ой мен уайымның,
Үстіндемін ─ алтын менен мұнайдың…

Сол қалпында… біздің елдің шалдары,
Сол қалпында шоқпыт-шоқпыт шалбары.
Адам болса, болды, әйтеуір, баласы,
Аман болса, болды, әйтеуір, малдары…

Мен өмірді сүргім келген басқаша…
Қорқам, бірақ, біреу атып тастаса.
Жемқор мырза жерін сатып бітірді,
Таңғалмаймын, елін сата бастаса…

Зейнеткерлер заманды айтса, зар қағып,
Жезөкшелер күлер жұртқа, паңданып!
Баян Сұлу базарда жүр жан бағып,
Қозы Көрпеш вокзалда жүр жалданып…

Ауыл, ауыл…
Айдалаға тасталған,
Жетім ұлдай әкесінен жас қалған.
Жарты әлемнің жинап алған жарығын,
Астанамыз көрініп тұр аспаннан…

Өткен күнін ойлай қалса… жұрт тынар,
Мөлт-мөлт етіп мола үстіне шық тұнар.
Еске түссе, қорлық көрген ұлдары,
Жер-Ананың төбе шашы тік тұрар!

Тәуелсіздік тұрмаса егер тілімде,
Жүректегі жеңілдемес жүгім де!
Тілім менің тентіресе жұрт кезіп,
Тәуелсіздік, керегі жоқ түгің де!

Айта берсем, мен байғұста арман көп,
Арманыма алданамын, нанған боп.
Қазақстан тәуелсіздік алғанмен,
Қазақ тілі тәуелсіздік алған жоқ!

Айналайын,
халқым, мені жек көрме,
Өкпе-назым көп қой, сірә, өткенге!
Ақындардың патшасы еді бір көкем,
Патшалардың ақыны боп кеткен бе?!

Тәуелсіздік,
көп қой саған борышым,
Шамам жетсе, берем енді қол ұшын!
Мен ─ сондаймын, мақтай алмай, қиналам,
Кең пейіл жұрт, кешір мені, сол үшін…

Байтақ елді басқа ұлдарың мақтасын,
Даттаса егер, мені ғана даттасын.
… Тәуелсіздікке түкірдім,
Тіл мен көзден Құдай өзі сақтасын!!!
Тфә, тфә, тфә…

Алмас ТЕМІРБАЙ.
zholantai
сақтап қалалық, ел дамуы да сол дербестік аясында реттеледі
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.