Радиоэфир құпиялары

  • Автор

Радиода бұрын істеген адам ретінде, және енді радиоға оралмайтын шығармын деген оймен (бұндай жаңалықтан кейін ешкім шақыра да қоймас ) оның кейбір құпияларын ашуды жүн санап отырмын. Мүмкін бір үлкен құпия да емес шығар, просто ішіме сыймай бара жатыр даЧ. Бір жағынан жігіттер пішен тиеп тастағанша әңгіме болсын.

Дежавю
Радио тыңдағанда дежавю әсерінде болып көрдіңіз ба? Типі: «Білә, осы ән кеше дәл осы уақытта ойнап еді ғой» дегендей? Бұл дежавю емес. Былай:
«Радио-про» деген радиостанция бағдарламалары болады. Еріншек редакторлар (жүргізушілер) қолмен ән салып отыруды западло санайды да, бір тәулікке (немесе өзінің сменасына) жететін әндерді сол бағдарламаға жүктейді. Керек әндер тізімін жасағаннан кейін «сохранить» басып, бір жерге сақтап қоясың. Өзіңнің ауысымың басталғанда соны тауып, алып қоса саласың. Болды, робот эфирге әнді өзі жібереді, ал сен ұйықтайсың ба, сабағыңа кетесің ба — өз еркің. Әрине бұл жерде бастыққа да көп нәрсе байланысты. Немқұрайлы бастық болса (мысалы, эфирден хабары жоқ, тек жарнама тартып ақша табу жағын біледі) ондай мелочтарға назар аудармайды. Егер дұрыс бастық болса (бұрын жүргізуші болған, эфир кухнясын түсінетін) жұмысты дұрыс істемегенің үшін артыңнан айдап алуы ғажап емес.

Міне, осы роботтардың кесірінен әндер кезегі рет-ретімен ойнай береді, тіпті кейде күн сайынғы қайталану реті дәл бір уақытқа тап келуі мүмкін (мысалы, кеше сағат 10-00-де Тимати «Не сходи с ума», бүгін де 10-00-де дәл сол ән).

Әндер қоры
Радио БАҚ ретінде әндердің лицензиясын сатып алып, заңды түрде таратуы тиіс. Олай ойласаңыз — сіз лоқсыз. Әндердің басым бөлігі zaycev.ru секілді музыкалық порталдардан тігіледі. Базардағы дискттер де ойнатылады. Кейде, қонаққа келген әншілер 1-2 хитын сыйға тартып кетеді. Сөйтіп күн кешеді. Сондықтан: «Хитты біз бірінші жариялаймыз», «Ең үздік хиттар бізде ғана» деген слогандар — бұтақ кемірген әңгіме. Көпшілік әлем хиттары «скачать» кнопкасы арқылы Интернеттен алынады.

Мына жүргізуші жақсы әндер қояды, осы...
Радиожүргізуші — «Радио-про» компьютерлік бағдарламасы емес. Ол әнді өзінің көңіл-күйіне, талғамына қарап қояды. Микрофонның келесі жағында тыңдарман отырғанына олар бас ауырта бермейді. Сосын мына моменттерді білген дұрыс:
1. Дыбыс режиссері. Үлкен станцияларда әнді әйнектің келесі жағында отыратын режиссер қояды. Тойыс, кейде сіз жүргізушінің емес, дыбыс режиссерінің сүйікті әндерін тыңдап отыруыңыз мүмкін.
2. Музыкалық жүргізуші (редактор). Кейбір шағын станцияларда әнді жүргізушілердің өздері пульттің алдында отырып, өздері қояды.
Қалай болғанда да, сіз біреудің сүйікті әндерін тыңдап отырасыз

Біртүрлі дыбыстар
Радио қызметкерлері де адам екендіктерін айттым жоғарыда. Сондықтан, түрлі жағдайлар болып тұрады. Кейде дауыстың қарлығуы, себепсіз күліп қою, тұтығу. Бірақ оның бәрі қойна. Эфирде неше түрлі оқиғалар орын алады. Мысалы, ырбаңдаған қызметтесің келіп, сен микрофон алдында отырғанда құлақ шекеңнен салып қалуы мүмкін. Алдыңа тұрып алып, шешінуі мүмкін немесе басқа да күлкілі қимыл-әрекеттер жасауы мүмкін. Ондай «подлянка» радиода қалыпты нәрсе. Шыдауға міндеттісің, шыдамай эфирде жыртылып күлсең, немесе ауырсынып бақырсаң — жұмыстан қуыласың. Егер радио тыңдап отырып, жүргізуші тарапынан біртүрлі дыбыстар естісеңіз — сондай жағдай болып жатыр деп біліңіз.

Фотосурет: «День радио» фильмінен кадр

Ұқсас посттар

75 пікір

aza
Шешінуі мүмкін емес! Шешінеді!
aza
Шешінеді сөзіндегі екінші «е» ні алып тастауыма да болады)
Tyulpan
бір танысым айтатын еді жұлдызнаманы аударатынбыз қазақшаға деп. аударып үлгермесек аударып отырғылары да кемит шығар солардың, өтірік қосып айта беретінбіз деп )) жұлдызнамаға сенетін адамдардың түрі елестеп кетті ))
aza
Болғааааннн, болғааан, шееерррр, шеррр!
Tyulpan
сізде де сондайййй болған?.. ма ммаааааа )))
aza
Бір аптаға бір жұлдызнама аударсаң бітті, жұлдыздарын ауыстырып оқи саласың, бітті на)
Tyulpan
обал бопты әлгілерге ))
aza
Иә… Аянышты… Маған «поқи», жұлдызнама оқылса болғаны)
Tyulpan
))))
aza
Не дддеген әсем күлкі, құдай-ау)
Abilakim
ду қол шапалақ, бұндай жайттарды бұрындары студент кезде радионы 24 сағат қосып қоятын кездерде жиі байқайтынбыз
a63a1
Олай ойласаңыз — сіз лоқсыз
лоқ боп отқан жайым бар
MickThatsMyNick
ііі сол «жайт бар» ғой құртатын.)))
Nurgisa
Патик, өзім біле бермейтін бірер қызық дерек бар екен, рақмет!
Біреу білер, біреу білмес, Есен Елеукен ағамыз да Шымкентте радиодан бастаған. «Юмакс» деген радио болатын. Кейін жергілікті КВН командаларын жасақтаумен, шыңдаумен айналысты.
Ертай Нүсіпжанов деген «керекшіміз» де радиода істеді. "Қазағында". Түрлі қаладағы керекшілер оның тікелей эфиріне телефон соғып, эфирде сөйлесетінбіз. Сөйлескенде де, бір-бірімізді танымайтындай, «Сіз» деп сөйлесеміз. Қызық болушы еді. Кейде линияда басқа біреу болса, тіке Ертайға соғамыз, ол әлгі линияны ұстап тұрғанды ажыратып жіберіп, бізді қосады
asaubota
радионы алғаш рет көрсеткен Ертай еді

Кейде линияда басқа біреу болса, тіке Ертайға соғамыз, ол әлгі линияны ұстап тұрғанды ажыратып жіберіп, бізді қосады



радиодағы викторина жауаптарын біліп алып звондайтын жігіттерді де білемін.
sigma
Түнгі клубтарға талай флаер ұтып алғандар бар біздің үйде
007
телефоныңдағы әндерден жалыққан кезде телефоныңда радио болса жақсы құлаққапты салып алда жүре бер ішің пыспайды
asaubota
түрікше бір кино көргем радиохабар туралы. бағдарламаның аты Лузерлер клубы. 2 жігіттің негізгі жұмыстары бар, радиода просто кайф үшін тегін жұмыс істейді, бағдарлама қатты танымал болып кетеді. басшылық бұларға ақша төлегісі келеді, бірақ бұлар келіспейді, арақ-темекімізді төлесеңдер жарайды дейді. рахат отырып алып просто жәй әңгімелер айтып отырады темекі тартып, сыра ішіп. қыздар звондағанда сәлемнен кейін «сізбен жатып па едік?» деген сұрақтар қояды. секс туралы әңгімелер айтады, жалпы өмірдегі көп айтыла бермейтін тақырыптарды қозғайды. немесе жәй просто тиіседі адамға. сондай бағдарламаны мен де тегін жүргізгім келер еді



aza
Асау, мен Сізге жақсы көмекші болар ем… "Ұлиықшы" деген сөз сол кинодан ба еді?
asaubota
аха ұлу сияқты дыбыс шығарып қуады

ruben
«Жоғалтатын ештеңеңнің қалмауының өзі бостандық секілді» ©
— Үфф, ескі сүйіктімнің есіме түсіп кеткенін қарашы!
— Ол қайсысы тағы?
— Өщщ, онысы есімде жоқ.
bazuka
қалайсын?
стандарт))
alashaman
Е, е, е, радио, радио. 7 жылым радиода өтті менің. Талай қызықтары болады. Тікелей эфирге хабарласып алып, бас кететін әңгіме айтатындары да болады. Өз басым маған бір тыңдаушының «Таңнан кешке дейін Назарбаев, Назарбаев дей бергенше, ұлт туралы айсаңдаршы. Назарбаев не тындырыпты?» дегені бар. Қазақ радиосында бұл бас кететін жай. Ал, Астана радиосының орыс редакциясына бір қызды жұмысқа қабылдамақ болғанымызда косяк жасаған. Алғаш рет эфирге шыққан күні оқып отырған жаңалықтарынан қателкесіп кеткенде, сасқалақтап «БЛЯ» дегені бар. Сосын «блин, Масимов» деп бізді "қырып" кете жаздаған. АП мен Министрліктен телефон соққанда "құрыдық" дескенбіз. Бірақ, сол күні біраз шенеуніктер Ләззат Танысбайдың қайтыс болған анасын жерулеге қатысып жүріпті. Сөйтіп, құтылып кеттік. Ал, Жәнібек Амангелдіұлы деген құрдасым, тікелей эфирде өзінің атын ұмытып қалып, «Микрофон алдында Амангелдіұлы» дегені бар. Айта берсе көп қой
asaubota
тікелей эфирде өзінің атын ұмытып қалып

ондайда бола ма?

тағы жазшы косяктарды.
MickThatsMyNick
Жұмыстағы әріптесімді ауыстырып, тікелей эфирден жаңалық оқитынымды ұмытып кетіп, бір минуттың ішінде студияға жүгіріп кіріп, жаңалықтарды демімді баса алмай оқығаным бар. Бірақ екінші күні әріптесімнен оның орнына қайтадан шығуын сұрап, асықпай жартылай «переигрывать етіп реабилитировался».
bazuka
қай радиода жасайсыз?
ademi_alem
тіпті кейде күн сайынғы қайталану реті дәл бір уақытқа тап келуі мүмкін (мысалы, кеше сағат 10-00-де Тимати «Не сходи с ума», бүгін де 10-00-де дәл сол ән).
иә, иә, иәәәә Оқушы кезімде радио көп тыңдайтынмын. Сол кезде қай әннен кейін қай ән айтылатынын алдын ала біліп жататынмын. Бірдей айтып отырсам қасымдағы қыздардың бірі «Осы сенің көріпкелдігің бар ма, қалай алдын ала біліп отырасың?» дейтін. Қайдағы көріпкелдік, он екіден кейін әндер бірінен кейін бірі қайталанып айтыла беретін. )))))))))))
alashaman
Бірде бастыққа текс көрсетіп алуға барғам. Сөйтсем, «маңызды» деген сөздің алғашқы екі әрпін ауыстырып жазып жіберіппін. Бас редактор әйел адам еді. Үндеген жоқ. Тек әріптестердің бірі оқып, күлкіден өлді
asaubota
өлтіресің
alashaman
Рас айтам солай болды. Ең сорақысы бұл жазғандарымды мен бірден көргем жоқ қой. Бағдарлама дайындау кезнде тексті екі адам оқимыз. Бір жігіт, бір қыз., Алдымен сол қыз оқыды ғой. Әйнектің арғы жағында мен«жеңге» деп қалжыңдап жүретін бір саунд-оператор отырған. Ең алдымен сол күлді. Сөйтсек, әріптесім әріп қатесін көрмей, қалай жазылып тұр, солай оқыпты. Әйтеу, жақысы ол алдын ала жазылған еді. Менде сол запис әлі бар.
asaubota
Менде сол запис әлі бар.

ал айтқан екенсің енді бөліс. күтеміз
Tyulpan
радионың жанына барып, сіңлімді алдайтын едім. ол соооондай сенгіш, аңқау өзі. жаңалықтар болар кезде айтам, ана кісіге амандассаң қазір ол да саған амандасат, сені естіп тұр деп. ол амандасат. ан жақтан жүргізуші де амандасат )))))))
Aidakonya
мен куттыктау баг. хабарластым, бурын моб.тел. хабарлассан бирден косатын, айттым моб.тел. хаб. турмын деп, енди не кылайн дегендей болды да, кандай ан керек деди мен, Мейрамбектин анау ани дедим, косты куттыктадым, типа билмейтиндей — кандай ан арнагыныз келеди, — орысша бола ма? — жок, — агылшынша ше? — жок, карындасым тек казакша, — ок, так-так, онда бир куй немесе халык ани, а жок Каракаттын бир ани болса жаксы болар деп, тутканы койдым, 1-1 ))
Erkekyz
Мен кішкентай кезімде радиода жұмыс жасағым келетін)).
Aldeken
Менің жұмыс жолым да радиодан басталған. Студент кезімде, 8 ай Ақтөбедегі қалалық «Ақтөбе радионың» қазақ тіліндегі жаңалықтарын жүргізгенмін. Радионың косяктары жеткілікті болатын. Жаздың кезінде түні бойы қаңғырып келіп, жұмыстағы жалғыз ұйықтауға ыңғайлы орын эфиркадағы диванда ұйықтайтынмын. содан бір күні ерігіп жүріп, бастықтар жоқта, түні бойы ішіп келіп, минералкамды құшақтап диванда жүргізгенмін жаңалықтарды…
Ең қызығы, менің қосымша міндетім, күнделікті таңертеңмен ДВД, ПОжарка, ГАИ дегендердің пресс-сліжбаларына хабарласып, мәліметтер алатынмын. Бір рет ДВД-ның пресс-службасына хабарласып отыырып, «тааак, 2 адам тонау, 3 ұрлық, 1 хулиганка, мммм, немене кешеден бері кісі өлтіру болмаған ба?» деп ренжігенім бар. ))))))))))))))))
Nurgisa
Өзіңді ерекше аңызды… ой, маңызды адам сезінетін бе едің сонда?
Aldeken
жоға на, мен үшін күніне 4 рет эфирге шығып, айдың соңында алатын 10 000 теңгем маңыздырақ болатын…
Aldeken
сосын не ғо, радионың тағы бір алдауы:

Күн сайын тыңдап жүрген жүргізушілеріңіздің дауыстарының аса бір құбылмайтынына, қашан да таныс сол бір дауыс, қарлықпайды, знашит шемішкі шақпайд, темекі тартпайды, салқын сусын ішпейд деп ойлаған боларсыздар…
жепсіңдер… оның да техникалық жолы табылып қойған, дауыстың небір күшті фильтрлері бар, сіз микрофонға қарлығып, шиқылдап отырсаңыз да, даусыңызды құлаққа жағымды бір сарынмен шығаратын…
Marco
Бірінші курс. Жаңа ашылған «Толқын» радиосы. Сағат он бірде жаңалықтар оқуы керек. Сағат ондағысын әріптесім оқып, қағаздарды маған қалдырып кеткен. Сабақтан сұранып шығып, жүгіріп келдім де оқи бастадым. Соңында «Осымен жаңалықтар тәмам, эфирде болған Таңшолпан Мұхитдинова» дедім де, музыкалық редактор екеуміз кісінедік. Күлкіміздің жартысы эфирге кетіп қалды. Жазаланған жоқпыз! )))
Tyulpan
мында радио-журналистер көп пе деп қалдееееем ))
patick
Радиодағы бір приколды айтайын десем — мындағы жас балдарды шошытып алам ба деп… жігіттерге бөлек кездескенде айтармын. Пахомның да қатысы бар
MickThatsMyNick
Радиодағы әндер арқылы, жұмыста қандай тілділердің саны басым екенін білуге болады.))
Zhanetta
Қысқасы, мынаның бәәәрін күндіз оқып шықтым.Қол тимеді, соткадан шұқылап отыруға нерв жетпейтіні бар ды. Асылы, радио саласының «ыстығы мен суығын көрген» азамат жазған екен деп қалдым.Автордың қай кездері радионың тізгінін ұстап, қай кезде тастап кеткенін білмеймін, сондықтан,қазір жағдай басқаша екенін айтқым келеді… Басқа радиоларда қалай екенін білмеймін, біздің радиода өмір өзгерді.Рас, бұрын әр жүргізуші өз кайфы үшін, жұмсақ креслода шалқая жатып,«черные глазасын, свадебные цветыын, потому что есть алешка у тебясын, широка река, глубока рекасын, сағындырған ақмаржанын, аққайыңның қасындасын, аққайынға мен барамынын»etc эфирге қоя беретін.Рас, тыңдармандар да осыны ұнатады деп ойлайтын, соған сенетін, тема кетті деп екі әнді сводить етіп жібергеніне мәз болатын, ол әннің бірі қазақтың вальсі болып, екіншісі еурочарттың майлд рогы екенімен шаруасы болмайтын.Радиопро деген екі жылдан бері қолданылмайды, логерге таза жазбайтын болғандықтан шулап жүріп жаңасын алдық. (қалай, қайдан екенін техник жігіттер біледі).Әннің тура кешегі минутта қайталануы,өзгемейтіні болып тұрады, келісем. Ол сохранитьті басып қалудан емес, бір файлға жиналған пилоттың қойылуынан, себебі, тіс қаққан, жүргізушілер сақталған файлдың біреуі орын ауыстырса, бәрі ойнамай қалатынын, не пауза болатынын біледі, сондықтан, оған көп сене бермейді.Аудишнға арасына имидж салып тұрып, жапсырады қояды. Әндер қайталанады, хит әндерді һәм хит қылғымыз келетін әнді жиі қоямыз, (тыңдарман өзі кешірсін),әуелгісін онсыз да сұрайды, қайта-қайта. Қазір күндегісін күнде плэйпарақпен жұмыс істейді, әндерді форматқа қарап таңдаймыз, екі қазақша, бір орысша, екі шет ел әні (тек қана чарттардан), американың ТМst…, ресейлік прорадио компанияларымен келісім-шарт бар. Эфир барысына келсек, тізгінді өзі ұстап отыратын жүргізушілер бар, бізде тек қана солай, өзіміз техникпіз, өзіміз редактормыз, өзіміз МСміз.Шыны артында отыру деген жоқ. Бірде стерва жаңалық оқып отыр, соткамның үнін өшіруді ұмытып кеткен екем, эфир жүріп жатыр, мен тізгіндемін, анау оқып отыр, сол кезде нокиамнан Стиви Уандер шырылдай жөнелді, апам сөмкемен қоса соткамды микрофон асыра бетіме лақтырды, (өзі оқып отыр), менен де ручка ұшты оған, ол да бірдеңе лақтырды, менен блокнот кетті.Жаңалық біткен соң, түк болмағандай үнсіз шығып кетті, мен де отыра бердім.Кейін шығып, кешірім сұрадым, кінә менен, сөндіруім керек еді.Бірде әріптесім «Мен қазақпын» хабарын жүргізіп отырып, кішкентай қыздың тақылдап жауап бергеніне «Маладееес» дегені бар. Қобызды қоңыз деп, бір минут күлкі конвульсиясымен тоқтай алмағаным бар. «Ақ бантик» әнінен соң эфирге шыққанда Нұрқасымның иә, балалық шақ ыстық қой, бәріміз де есейеміз, «белгісін балалық шағыңның айтшы сен қай жерде қалдырдың ?» дегендей… деп келді де, ойына не түскенін қайдам, жыртыла күлгені бар, микрофонды сол жерден өшіріп, есін жиғанша күтуге тура келген. Микрофонды өшіруді ұмытып кеткен тағы бір әріптесіміз-секси дауыстың иесі келесі кезекке түсетін балаға «Азамаааат, мен болдым!!» дегенін естіп, тағы бір қатқанбыз. Әлгіндегі шалқая жататын креслолардан гүрс-гүрс құлағанымызды есептеу артық болар. alashaman жазған коммент те тарихта қалды.Қысқасы бізді әңгіме қылып, анау-мынау емес «Керекинфоға»!!! жазып, санатқа қосқандарыңа, коммент жазғандарыңа рахмет.
patick
Бұл жерде таза коммерциялық, жекеменшік радиолар туралы айтылып еді, ескертуге ұмытып кетіппін
Aikona
 өлдім, мындай позитив пост оқымағалы көп болып еді. Бір досым радиода істейтін, сол жақта ұйықтаймын, түнімен не бір түрлі кино көрем. Жаңалықтар кезінде әрең тұрып, әйтеуір сайттардан жинап қойған жаңалықты оқи салам дейтін
Abilakim
Кеңес өкіметі кезінде бір ағамыз ауа райын айтып отырыпты да «Бұл ауа райына сенбеңіздер, өтірік жазылған. Алматыда жаңбыр жауып тұр. Жаңа ғана үстімді шылқытып келдім» деген ғой. Жұмысынан шығарып жіберіпті.
alashaman
Ол Әнуарбек Байжанбаев қой. Сол үшін партиялық сөгіс алған көрінеді. Тағы бірде «Алматы уақыты 1 сом 37 тиын» деп оқып жіберіпті. Сөйтсе, алдында ғана бір жігітті бас жазуға бірдеңелер алып келу үшін жұмсапты. 1 сом 37 тиын беріп.
Marco
Сол «Толқын» радиосы ашылған уақытта қолымызда бір ғана компьютер болды. Оның ішінде дым өлең жоқ, эфирді минидисктермен немесе кәдімгі кассеталармен толтыратынбыз. Алғашында микшерді дұрыс қолдана алмай, касеталарды ауыстырғандағы тарс-тұрс дыбыстарды да эфирге жібердік. ))) Қазір ол радионың аты «First FM».
VKM
Осы тақырыптан кейін, радиоға қызығушылығым оянды.
araika
Мен үшін еееең пайдалы пост болды! Рысбек
asaubota
радио бағдарламаға бір рет қана қатысыппын. ұнап қалды. Zhanetta тіпті жұмыс ұсынғандай да болды, ең болмаса тағы да бағдарламаға шақырар ма екен деп үміттеніп жүрмін
Adiletshu
Жанеттаның күлкісі есімде)
Zhanetta
«Эфирде бұлай күлме!» деп мамам салып қалған ед, кезінде маңдайдан, ұмытып кеткем ғой, есте қалып қойса))
Zhanetta
Әрине, шақырамын, өткенде Жайдарманда кездескенде айтқан ем ғой)))
nurbergen_makym
Мен үшін ең қиыны хабарласқан тыңдарманның сөзіне күліп қоймау, жесткий прикол ұстап қоймау болатын…
patick
Эфирге музыканы, дыбыс эффектілерін, джинглдарды Винамппен жіберетін радионы да көргенбіз
Aldeken
2000 жылдары біз де сөйткенбіз…
konvict
Бәріміз FM радио тыңдаймыз ғой, AM-дікін тыңдағандар бар ма?
asaubota
бұрын тыңдайтынмын шетелдік радиоларды ұстап
nurbergen_makym
Лібә, араб па, парсы ма, әйтеуір, арабша трансляцияланатын толқыннан футбол (сияқты)) комментаторларын естіп, бұттан кететін ек
ken
ескі радио құралдарында АМ-дікін жақсы ұстайтын.
қазіргі цифровойларда ұстамайды.
Aldeken
AM-дікін тыңдағандар
Абай, не ғо, үйленсейші, а?
mampasi
облыстық радиоларда істеп көргендерің бар ма? Біз жақта облыстық телевидениенің ішінде болатын. Таңғы 6дан 7 ма 8ге дейін ғана қосылады, рахат. Уақытша біреудің орнына бір аптадай істегенмін. Таңғы алтыда барып ауа райын оқисын сосын ТВшниктерден алған жаңалықтар, сосын алдын ала жазылған біреумен сұхбат. ешкім тыңдамайтын шығар деп ойлайтынмын, сөйтсем таныстарым «сен радиода да істейді екенсін ғой» деп айтқанда таң қалғам, осындай құсықты да тыңдайтындар бар екен ғой деп.
nurbergen_makym
Оны айтасың, телефон соғатындар да бар
Gulistan
Радио жайлы қозғалған екен. Осы Патик айтқандай дежавю менде де болды. Күнде кешкісін «Ауырмайды жүрек» пен «Заман» тобының "Өмір-өзен" өлеңі сол бір уақытта бергенде еріксіз басымды шайқағам не деген сәйкестік деп. Сөйтсем, солай екен ғой.
Ал ТВдағы құттықтауларда берілетін өлеңдерді жиі-жиі ауыстыруға кім кедергі? Ол да робот-бағдарламаға бағынышты ма?
asaubota
позитив тақырыптардың бірі еді :)
DiasBisengali
Білә, өлдім күлкіден. :-)
Basic
ЖұлдызҒМ радиосында күнде дежавю)))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.