Әлемдегі ең ұзын

  • Автор
Өздеріңз білетіндей, кей жағдайда қоғамдық көлікте қыстырылысып, кейде соқтығысып жатамыз.Сосын мен осы қоғамдық көліктер туралы мәліметтер жинадым .Ақыры, осындай қызықты мәлімет алдым.Сол жайында ойларыңызды білейін деп, алдарыңызға ұсынып отырмын.Қалай ойлайсыздар, біздің елде болса жақсы болар ма еді? 

Әлемдегі ең ұзын автобус Германияда. Жолаушыларды тасмалдау үшін арнайы жаңа көліктің құрылысын ойлап тапты. Ол Германия елінің Фраунгофердің институтында жүзеге асты. Auto Tram ExtraGrand сипатымен, оның рекордтық өлшемдері болып табылады. Бұл көліктің биіктігі-3,5 метрді, ал ұзындығы-рекордтық 30 метрден келеді.Бұл қоғамдық көлік 256-ты адамды сыйғызады. Осы техникалық деректерге сүйенсек-әлемдегі ең ұзын автобус деген атқа тұратын секілді.
Айтылмыш автобустың моторлы бөлігінде әдеттегідей қозғалғыштың ішкі жануы және электромотор жұмыс істеуі алғыр буданды қондырғы арқылы орнатылған.

SUN

әзілқой,әңгіме айтуға құмар жан

    Ұқсас посттар

    29 пікір

    asaubota
    мынау бұрылып болғанша
    Abilakim
    Қарағандыдағы ең ұзын автобус Майқұдықта. Нөмірі 44-ші автобус. Гармошка автобустар ғой баяғы. ұзындығы екі автобус, бір спирнтер мерстей болып қалар
    bi2
    ең ұзын деген тақырыпты көріп шошып кеттім басқа бірдеңе туралы ма деп…
    asaubota
    ойыңда сол шығар?  мен мысалы көрген кезде ойыма ұзын үйлер келді.
    bi2
    үйлерді биік дейді, ұзын деп көлденең дүниелерді айтатын сияқты маған…
    asaubota
    биік деген сөзді көп қолданбайды екенмін
    bi2
    биік деген негізі өте керемет сөз ғой, бәрінің биік болғанына не жетсін?
    asaubota
    біздің жақта нән, ұзын деп айта береді
    bi2
    нән деген біздің жақтың сөзі ед…
    asaubota
    мен де сол сіздің жақтанмын
    bi2
    а мен қай жақтанмын сонда?
    Abilakim
    ұзын үйлерде болады. Майқұдықта 20 подъезді ұзын үй бар. айналып шыққанша зайбың шығып кетеді.
    SUN
    үйдің қандай қатысы бар автобусқа??
    a63a1
    автобуспен айналуда бар мәселе
    SUN
    Ол үшін әуелі жолды кеңейту керек
    SUN
    Енді бұныңыз рас, кейде ашуланып кетесің ғой
    omarbirat
    Бұрылуы қиын ғой. Бір бағытта екі-ақ қатары бар жолдарға мұндай автобустарды мүлде кіргізуге болмайды. Біздің қалаларда кептелістің көкесін осылар жасайтын шығар
    Onlasyn
    Бұл қоғамдық көлік 256-ты адамды сыйғызады
    Біздің автобустарға да осынша адам сиятын шығар, аяқ жерге тимей кетеді ғой әйтеуір
    bazuka
    Оралда бар еді гармошка автобустер. №5 және №2 маршруттарда жүретін. ішінде 3 контролёр болатын. бірақ қаншалықты ұзын екенін білмим
    Armanjan
    тақырыбы шынымен алыстан көз тартып тұрады екен.
    ruben
    Осындай метробустары бар мегаполисте машине тепкеннен артық ыза келтіретін дүние жоқ шығар жолдарда.
    torgai
    Алды бір бағдаршамда, арты келесісінде тұратын сияқты ғой. Астанадағы 35 адамдық автобустарда 150 адам жүреді. 256 адамдық болса… Пайдалы болса болып қалар.
    FIFA_UEFA
    Көзбен қарағанда 30 метрден ұзын көрінеді екен
    SUN
    Onlasyn егер біздің көлікке 256 адам сияды десеңіз білмеймінбұны сізден бірінші рет естіп тұрмын.
    sakenspb
    алматыда автобусқа мінем деп қолымды сындырып алғанмын. бір жыл бұрын.
    ээх қайдасың алматыы.
    алматының қоғамдық көлігін қадағалайтын кім? департаментпа, қалай аталады өзі?
    мысалы қоғамдық көліктің салоны лас болады. алматының трамвайы, автобусы, трлейбусы дейсіңбе бәрінің салоны лас, шаң болады. остановкаға келіп тұрып алады, бес, алты, жеті минут.
    кімге шағымдану керек, кімге арыз жазу керек, айтыңызшы плиз
    SUN
    білмеймін
    бірақ, білетінім менің де осы қоғамдық көліктерге айтар шағымым бар.шынымен де лас болады және кейде бір-бірімен жарысып жолды жарыс алаңына айналдыратындар бар.бұл шын
    осы жайларға шара қолдану керек сияқты
    сіздер қалай ойлайсыздар???
    sakenspb
    отдельный пост жазу керек
    bazuka
    бұл туралы пост болып еді ғой, архив ақтарып көріңіз
    MickThatsMyNick
    Тақырыбын: "Әлемдегі ең ұзын автобус" десе…
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.