Венеция маскалары

  • Автор
Венеция (Italian: Venezia, Venetian: Venesia or Venexia) — Италияның солтүстігіндегі қала. Венециядай соңғы бес ғасырдан бері өзгермеген күйінде тұрған екінші шаһар жоқ. Расында мұнда бәрі дерлік бәз-баяғы қалпында сақталған. Мұнда ешнәрсе өзгере-де қоюы қиын. Мұнда бірнеше ғасырдан бері, қалада жаңа ғимарат салынбайды, салам десеңіз де рұхсат етілмейді, құрылыс жүргізетін алақандай жер жоқ.
Венеция – аралдарға салынған қала.

Адамзат жетістігінің шыңдалуына ең бірінші себеп — соғыс. Иә, осы орайда Еуропаны дүркіреткен ғұндарды айтпау жөн болмас. Түркі Әлемінің (Тұран жазығының) талай қолбасшысы Әлемді дүркіреткен көрінеді. Сондағы, Аттила деген кім? Бұл сұрақтың жауабы өте көп болғанымен, барлығы бір арнаға түйісері хақ. Мәселен, Аттила бастап Еуропаға барған Гундердің тілінің Монғол тіліне соншалық ұқсас екендігін қайда қоямыз. Түптеп келгенде, Түркілер де, Монғолдар да — сол бір Ғұндар деп атап жүрген халықтың шекпенінен шыққан едік қой. Монғолдардың да арғы атасы сол Ғұндар ғой. Ал «монғол тілі» деген тілдің Түркі тілінің бір тармағы екенін Түрік (Анатолия) ғалымдары әлдеқашан өздерінше дәлелдеп қойған. Олар көшпенділердің даңғайыр тарихын «Түркілік» және «Монғолдық» деп бөлмейді. Монғол тілі деген — Қытай тілінің дыбыстау жүйесі өте көп ықпал еткен Түрік тілі, басқаша айтқанда, біздің «Монғол тілі» деп жүргеніміз — Қытайланып кеткен Түркі тілі еді ғой шынында… Осы жердегі, Түркі Әлемі мен қазақ ұлтының арасындағы үлкен байланыс — өз алдына бөлек әңгіме.

Солтүстік Италиядағы аралға Ғұндардан қашып барған Римдіктер, Қазіргі Венеция қаласын тұрғызған еді. Десе де, бүгінде біз бұл қаланы тұнып тұрған талант орталығы деп танимыз.



Венеция маскалары.



Әуелде, бұл бетперделердің пайда болуына, оба ауруынан емдейтін дәрігерлердің маскасы себеп болған. Құс тұмсығына ұқсас маска ұшынан аромат иісті майлар мен басқа да сұйықтықтар тамшылап тұратын, себебі ол аурудың жұқпауына көмектеседі деп ойлаған. Ал, үстеріне плащ киіп алатын болған. Мұндай көрініс тіпті адамға үрей туғызатын сияқты. Халық арасында бұл маскамен түрлі романтикалық кездесулерден бастап, ұрылардың қолданатын бетпердесі рөлін де ойнаған көрінеді. Маскалар тұрмыстық қолданыста және театрлардырылған көрініске арналып бөлінсе, оның ішінде әрқайсысына түрлі кейіпкер ретінде атаулар берілетін болған.

Ұқсас посттар

3 пікір

Daniar-Alan
масканың пайда болуы оба ауруымен байланысты болғанын білмеппін. қызық екен…
Жарайсың Нұреке
boztorgai
бес ғасыр бойы су деңгейінің де өзгермеуі назар аударарлық
ruben
Киімдері прикол ғо Венециялықтардың.
Осман вассалына айналмауы үшін басқа корольдіктермен барын салып ұйымдасқан Венеция ғо
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.