Ұлы арман, ұлы міндет, ұлы жеңіс. Олимпиададан не күтеміз?

Қазір, үлкен спорттың бәрі саясат пен ақша табу көзіне айналды деушілер көп. Сөз жоқ, Олимпиаданың төңірегінде де топан ақша жүр. Біреулер байып жатыр, біреулер саяси салмақ жинап жатыр. Бірақ мойындаңызшы, нағыз спорттың саясатыңа да, ақшаңа да, әлемдегі экономикалық немесе табиғи күйзелістер пен дағдарыстарға да түкіргені бар. Ұлы жеңістер бәрібір бола бермек.
Бұл жерде Олимпиада тарихында өшпейтін із қалдырған спортылардың бәрін түгендеп отыру қиын-ақ. Мен тек бірінші еске түскендерін жаздым.
Джесси Оуэнс (Берлин-1936)

Амеркалық қара нәсілді жеңіл атлет фашистік Германияда өткен Олимпиадада төрт алтын медаль алған. Ойындар басталмас бұрын арийлік ұлттың басымдығы туралы фильм түсірткен Гитлердің жымысқы пиғылын бір ғана Оуэнс тас-талқан қылады. Бірақ, өкініштісі фашистер осы Олимпиадада жалпы командалық бірінші орын шығады.
Баскетболдан КСРО құрама командасы (Мюнхен-1972)

Бұл оқиғаны білмейтіндер аз шығар. Финал. Алаңда АҚШ пен КСРО құрамасы. Сол кездегі саяси ахуал бұл матчқа қосымша интрига беріп тұр. Кездесудің соңына үш секунд уақыт қалғанда АҚШ 50:49 есебімен алда тұрған болатын. Бірақ Иван Едешко мен Александр Белов үшін үш секунд жеткілікті болды. Қорытынды есеп 50:51, КСРО чемпион!
Кэти Фримен (Сидней-2000)

Бұл жеңістің ерекшелігі неде дерсіз. Қара нәсілді қыз 400 метрге жүгіруде чемпион болды, тіпті рекорд жаңартқан да жоқ. Кэти Австралияның негізгі тұрғындарының тұқымы. Оның бұл Олимпиадаға жолдама алуының өзі аборигендердің арасында ерекше толқыныс тудырған. Ал, финалдық сынның көрсетілімі Австралияның ұлттық аборигендер телевидениесінің тарихында ең көп аудитория жинайды. Талай жыл езгі көріп, әлі де өркениеттің дәмін татпай жүрген мыңдаған адамның тілегі шығар, Кэти-абориген чемпион атанды.
Қазақ спортшылары туралы да бірер сөз. Сөзсіз ұлы жеңістердің бірі — сол Сиднейдегі Бекзат Саттархановтың чемпиондығы. Тек финалдық бәсеке емес, жалпы турнир бойы Бекзат марқұмның басымдығы көзге ұрып тұрды. Өзімнің қазақ екеніме қуанып, бойымды мақтаныш сезімі кернеген сәт еді бұл.

Тағы бір ерекше есімде қалғаны – Бейжіңдегі Илья Ильиннің жеңісі. Соңғы жаттығудың алдында ол қолын жарақаттап алғандай болып еді. Теледидардың алдында отырған менің жүрегім зу ете қалды. Бірақ, табандылық, жігер, батылдық… қорытындысы Ильяның мойнында алтын медаль.

Иә, қорыта келе, өткенде Бүркіт ахи біраз шошытып қойды ғой. Соның бәрі түлкінің боғы тәрізді бірдеңе болып, есте қалатын, реті келгенде немеремізге айтып беретін ұлы жеңістер көп болса екен.
Бөлісу:

45 пікір

Janasil
Сәттілік тілейміз!
kokbori
Бекзаттың өнеріне қарап отырып тағы да тамсанып қалдым. Мықты. Ара қашықтықты жақсы сақтайды екен.
Onlasyn
Бейшара-ай ((
Daniar-Alan
Көкбөрі бейшара???
Onlasyn
«Бейшара» деп, біз жақта қайтыс болған адамды еске алып айтады
VKM
 осындай тақырыптар ұнайды
nurziya
Олимпиада спортшыларын Құдай қолдасын!!! Ел намысы биік болып, төбеміз көкке жетсін!!!
Marco
Естеріңізде қалған сәттер болса жаза отырыңдар.
Adiletshu
Артаевтың ресейлік 2 дүркін олимпиада чемпионын сабағаны
bazuka
Сөзсіз ұлы жеңістердің бірі — сол Сиднейдегі Бекзат Саттархановтың чемпиондығы.
Жыладым сол кезде қуаныштан.
Сидней олимпиадасындағы Ольга Шишигина жеңісіде қатты әсер етті.
torgai
Олимпиада десе көк туды жамылып, шаршы алаңда жеңісін тойлаған Бекзат келе береді ойға
GulL
Ольга Шишигина жеңіп, туымыз көкке көтеріліп алғаш рет әнұранымыз шырқалғаны қатты әсер етті
Содан кейін Бекзат Саттарханов рингке шыққанда, үй-ішіміз болып телевизорға кіріп кетердей болып болысқанымыз
Бахтияр Артаев шыққанда да ең болмаса 1 алтын болса екен деп Құдайдан тілегенім есімде ))))
Тек қана сәттілік пен бағымыз шапсын!!!
Эх тек осы уақытта Лондонда емес екенім өкінішті
Rozatai
сіз Лондонда бұрын тұрған ба едіңіз? әлде,
GulL
Жоқ, осы жылы Олимпиадаға барамын деп былтырдан бастап жоспарлағанмын, сәті түспеді
alisha
Бахтияр Артаев шыққанда да ең болмаса 1 алтын болса екен деп Құдайдан тілегенім есімде ))))

Бахтияр жеңіске жектенде жаман босадым… біразға дейін пысылдап отырдым…
GulL
менде сол, кухняға барып жылағаным есімде хехехе
aza
Пысылдағаныңыз әсерлі шықты… Илья жеңгенде жас кетіватыр))) Өзім күліп отырмын!)))
Daniar-Alan
неткен сентименталды еді Адайдың алып жігіттері
Rozatai
Илья Ильин жеңгенде, орнымнан атып тұрып секіре бергенім есімде. Тып-тыныш отырған ағамды түртіп, «неғып отырсың, секірсеңші» деп айғайлағанмын
Daniar-Alan
Ермахан Ибрайымовтың көк туды жамылып "әруааааақққ" деп айқайлағаны
Daniar-Alan
не ғо жігіттер-қыздар. анабір басқа әнұран туралы немесе сол секілді тема қозғамаңдаршы, өтініш. рухты көтеретін пост болсыншы!!!
Adiletshu
Ауыр атлетикадан Арли Чонтай мен Фархат Харки олимпиадаға денсаулығына байланысты қатыспайтын болды дейді хабар арнасы
salamat
Бұл жігіттерге жұмсалған қаржының қайтарымы болмады.
Олардың жақында ғана азаматтық қабылдауы жолдарын кесті.
salamat
Қыздарымыз бен жігіттеріміздің мерейі үстем болсын!
Лондонда көк туымыз биікте желбіресін!
Marco
Мюнхен туралы видеоны өзгерттім, осынысы өте әдемі.
salamat
Ермаханның керемет жеңісін тікелей эфирде толық көрсету үшін Қымбат Досжан кешкі жаңалыққа кешігіп шыққаны да есте қалды.
Adiletshu
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 4 алтын алады деп ойлаймын. Алмас Өтешовтан қола медаль күтуге болады.
Adiletshu
Ауыр атлеттер сенімнен шықты
Rafaello
Парыгин құрамға соңғы болып ілініп, ойда жоқта сәттіліктің арқасында чемпион болып кетті

dark_nazgul
Мен ес біліп, олимпиада көргенім, сол көргенімнен алғаш есімде қалғаны Парыгиннің жеңісі. Қазақстанның олимпиадаға қатыса алатынын сол кезде білгем.
satibaldi
Ермаханның кубалықты мал қылғаны есімде. Лібә, мал қылды шешесс.
Adiletshu
Артаевтың ән ұранға қосылып жылағаны есімде
ruben
Бекзат марқұмның туды теріс жамылып алып қуанғаны есімде
Onlasyn
Қазақстан 1 алтын
Daniar-Alan
Екінші алтын! Шиншалло!
Marco
Винокуровтың бірінші сұхбатында «Армандар орындалады»-деп, қайта-қайта қайталай береді. Армандай білу керек
Janasil
Спортшылардың арманығой Винакуров секілді абыроймен кету.
Zhan
Күшті сараптама. Бір байқағаным, Бекзат Саттарханов көбіне сол қолмен бокстасады екен
mercedes
грек-римнен Асхат Ділмұхамбетов жеңіліп қалды