Қариялар шатаспайды...

Алматыдан Есікке дейінгі жол бірталай. Ондайда серігің – музыка. Немесе радио.
Сол күнгі кешкі тікелей эфир тақырыбы – ауылдан қалған естеліктер туралы болатын.
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды.
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы
(Мұқағали) демекші, тыңдармандар хабарласып, әркім өз ауылының естеліктерінен, балалық шағының тәтті сәттерінен сыр шертіп жатты…
Эфирдің әдемі көңіл-күйін атам «бұзды»
— Ауыл жақсы. Естеліктер жақсы. Бірақ мен мына ауылдың қазіргі жағдайын айтпақшымын. Ауылға жеткілікті деңгейде көңіл бөлініп жатқан жоқ! Бөлінген қаржы тиісті жерлерге жұмсалып жатқан жоқ!
— Қария… дұрыс қой… Алайда бүгінгі тақырып…
— Сен қоя тұр! Тыңда! – деді атам зілді дауыспен. – Мен айтар болсам, қазіргі ауылдың жағдайы тіптен мәз емес. Ана жоғарыдағылар…- деееей бергенде… байланыс үзілді де кетті. Өзі үзілді ме, біреу үзді ме – жұмбақ. Кім білсін...
Ал жүргізуші жігіт болса, еш қаймықпастан хабарын ары қарай жүргізе берді. Қарияның тақырыптан шатасқанын айтып қояды…

Қариялар шатаспайды...


P.S.
Неменеңе жетістің, бала батыр?!
Кәриялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.

Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.

Арсыз күлкің тиылмас, жылауың да,
Айтысың да басылмас, ылаңың да.
Араздасып ағайын кетер еді,
Бір кәрия болмаса бір ауылда.

Біз кәрия болғанша,
Кім біледі,
Баламыз да шал болып үлгереді.
Бір-бірінен екі шал асамын деп,
Кім біледі?..
Бір-бірін бүлдіреді.

АҚИҚАТТЫ АЙҚЫНДАП ЖАРИЯЛАР,
БАРА ЖАТЫР АЗАЙЫП ҚАРИЯЛАР.
ДАУЫЛ ТҰРСА БҮЛК ЕТІП ТОЛҚЫМАЙТЫН,
БАРА ЖАТЫР САРҚЫЛЫП ДАРИЯЛАР…
/Мұқағали/
Бөлісу:

3 пікір

Abilakim
иә, ауылдарда қазір көнекөз қарияларда азайып бара жатыр. Соғыс көргендерді былай қойғанда, соғыс жылғы балалардың өзі азын аулақ қалды. Бұлардың өкшесін басып келе жатқан 60ты алқымдағандардың аузынан жақсы сөз шыққанын өз басым сирек кездестірдім. Айтатындары арақ ішкендері мен карта ойнағандары
Jacqabaies_Chirac
вроде норм адамдар...©
Abilakim
Мына жерде талқыланған екен қарттар жайлы.