Бөтен әлем әңгімелері. Бастау

  • Автор
Жалғасы. Басы өткен жазбада.

Блог - ertegi: Бөтен әлем әңгімелері. Бастаурте-ерте-ертеде, Жер-ананың қазіргідей кемеліне келіп, ақылының толыспай тұрған шағында, алты материк енші алып бір-бірінен бөлінбей тұрған кезде жападан-жалғыз алып мұхиттың ортасында орналасқан Зарлы атты кәрі құрлық болыпты.
Блог - ertegi: Бөтен әлем әңгімелері. Бастау
Кәрі деп аталған себебі, басқа жерде саналы тірліктің нышаны енді байқалып келе жатқанда, Зарлы өркениеттің шыңына жетіп, маңызын сөзбен жеткізе алмайтын мәдениет пен өнеркәсіп негіздерін қалаған деседі. Сұңғақ бойлы, қазіргі өлшеммен айтсақ бойлары екі метрден асатын, жараған аттай шымыр денелі, бет-әлпеті әдемі зарлылықтар қолымызға тиіп отырған көненің көзіндей құжаттарға сенсек адам саналмаған. Тіпті, Зарлы тұрғындары да өздерін адам деп есептемеген. Оны айтасыз, сол дәуірде олар адамдарды жабайы, аң сипатты жануар қатарына қосқан, қолдарына түскен кісілерді жұмыс күші ретінде пайдаланып, адамдар тұратын жерден аулақ өмір сүргенді қалаған.

Әрине, бұл сөздің қаншалықты шындық екенін кім біледі, алайда, қазіргі Тынық мұхитының табанында шөгіп жатқан осы бір ежелгі өркениеттің белгілерінен айтылған тұжырымның ақиқатқа жақын екендігін түсінуге болады. Мәселен, 1996 жылы Еуропалық Көне Өркениеттерді зерттеу Орталығының ғалымдары Тынық мұхитындағы Маршал аралдарының маңынан белгісіз қалашықтың орнын табады. Елдімекен айналасында шашылып жатқан ыдыс-аяқ жиектеріне арбаға жегілген, кен қазып жатқан адамдар, оларды қарауылдап жүрген зарлылықтар бейнеленген.

Мүмкін Сіз ол неғылған археологиялық қазба жер бетіне шығып жатқан деп таң қаларсыз? Оныңыз орынды. Бірақ бұл сұраққа да жауап беруге болады. 1994 жылы Индонезиядағы Горонтало провинциясында күші Рихтел бойынша 7,7 балл жер сілкінісі орын алады. Осы табиғи апаттың салдарынан жер қатпарларында жатқан қалашық қалдығы су түбіне шығып қалған дейді ғалымдар.Әзірге Зарлының бар екенін дәлелдейтін бірден-бір бұлтартпас заттай дерек жоғарыда айтылған ыдыс-аяқ пен осы ежелгі қаланың орны болып отыр.

Жалпы Зарлы туралы тарихи мәліметтер өте аз. Тіпті жоқ десе де болады. Елдің аузындағы аңыз-әңгімелерді есепке алмасақ, ғылымдағы ең сенімді, ең ежелгі деген дерек көзі болып грек тарихшысы Ксаннфтың жазбалары саналады. Одан бөлек бертінде жазылған парсы ғалымы Бэхмэннің тарихи еңбектерінде Зарлы туралы там-тұмдаған дерек кездеседі. Бітті. Болғаны осы.

Алайда, тарихи фактілер мен ғалымдардың жазбаларынан бөлек, халықтың жады бар екенін ұмытпаған дұрыс шығар. Әсірелеу мен ұлғайтып көрсету бар болғандығымен, не болса да кез-келген сөздің түбінде белгілі бір деңгейдегі шындық жататынын ескерсек, ел аузындағы сөзді де ескермей тастаған жөн болмас.

Менің Сіздерге ұсынбағым сол аңыз-әфсаналардан тұратын ортақ хикая болмақ. Кішкентай Айжан туралы шағын әңгіме тек кіріспе еді. Көңіліңіз сенсе де, ақылыңыз сенбейтін қиял-ғажайып әлемге қош келдіңіз!!!

Ұқсас посттар

8 пікір

admin
рахмет, қызықтырып қойдың. блогың қызық блог болатын сияқты, қош келдің!
asaubota
неге жалғаспай қалды осы?
qisyq
Шабытым жоқ болып жүр
a63a1
шабыттанып жіберш
e_zhalgas
қамшыла өзіңді, көмектесед деп естігем
satibaldi
Атлантида — Зарлы
Арктика — Мұңлы.
Nurgisa
Гренландия — қарлы,
Әбіләкім — жынды )))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.