Arular.kz

Аспаны қабақ ашпаған Астана және "Құрылтай-2012"

Иә, дәл былтырғыдай блогшылар жарыса талай-талай жазбаларды жазып-ақ жатыр. «Тойдын болғанынан боладысы..» демекші, бір күнгідей болмай, зу етіп өте шықты. Астанада өткен құрылтайдың да блогшылар үшін орны бөлек болатыны даусыз. Препати, сәулетті университет, жинақы пәтерлеріміз, баяндамалар, шулап-шұрқыраған блогшылар, танысулар… тағысын тағы… оның бәрі көз алдымызда, қайталап жазудың қажеті жоқ шығар. Ең бастысы, Астаналық блогшылардың қолдарынан келгенше атқарған еңбегі еш кетпеді. Не керек, Талғат ескерткен соң, универ ішіндегі бассейнге түспей, абырой болғанда ешкім балконнан құламай, құрылтайды аман-есен өткердік!

Тек…

— Астана аспаны сол күндері тұнжырап тұрғаны болмаса...құрылтай керемет өтті!

— 22-і күні таңсәріде поездан түсе сала, пәтерлерге жауапты Әйгерім Кеулімжайды
ұйқысынан оятқаным болмаса… құрылтай керемет өтті!

— Препатиден оралғанда таксист қасына әкеп тұрса да, тоқтаған үйімізді «жыға тани
алмай» аздап далұрғанымызды айтпағанда ...құрылтай керемет өтті!

— Ойламаған жерден тағы да тайм-кипер «қызметін» атқардым. №8321 дәрісхананың ауасы
түстен кейін тарылып кетті. Еркебұлан 2 бөтелке суды үстелге қойып кеткеннен кейін
соған қарап тамсанып… отырғаным болмаса… құрылтай керемет өтті! Өйткені,
қасында стакан жоқ еді…

— Құрылтай күні түскі үзілістен кейін Есенгүл апай, шымкенттік Раушан үшеуіміздің
асханадан шығуын шығып алып, дәрісханаларды таппай, лифтімен ілгерінді-кейін
көтеріліп, ғимарат ішінде біраз «адасқанымыз» болмаса...құрылтай керемет өтті!

— Сағат тілі беске таяғанда...ішімнен «уһһһ» дей бергенде, тағы бір апайдың «менің де
20 минуттық презентациям бар еді» деп… орнынан тұрғаны болмаса… құрылтай керемет
өтті! Өйткені, Патик менің қасыма адам қосып бермеген еді…

— 23-і күні құрылтайдан кейінгі кеште, есікті ішінен кілттеуді ұмытып кетіп, таңертең
бір-ақ көргеніміз болмаса...құрылтай керемет өтті!

— Айжанның ақ қонжығын суретке түсу үшін жан-жақтан жұлмалағанымыз болмаса...құрылтай
керемет өтті!

— Әдетте, маған «балаңыз бар ма» деген сұрақ жиі қойылатын, ал пәтерде бірге тұрған
атыраулық Салта қойған сұрақ көптен бері мен үшін ұмыт болған… «Апай, жігітіңіз
бар ма?..» дегенде қапелімде аузыма сөз түспей қалғаны болмаса… құрылтай керемет
өтті!

— Иә, Астанада такси қызметінің Семейден арзан екеніне таңқалғаным болмаса…
құрылтай керемет өтті!

— Айтпақшы, бала күнімнен жауынды жақсы көретіндіктен, осы жасыма дейін менде қолшатыр
болған емес (бір қиялмен… жауын астында жүрген ұнайтын). Ұйымдастыру алқасы сыйға
тартқан қолшатырыма қарап, енді «қиялдан» «реалға» өтетінімді ойлап,қуанғаным
болмаса...құрылтай керемет өтті!

Айта берсе, сөз көп, одан да сайтта тіркелген суреттерді қызықтаған дұрыс шығар. Астанаға келген бетте құрақ ұшып қарсы алып, жер-жерге орналастырып, бар ынталарымен құрылтайдың өту барысын ұйымшылдықпен жұмыла атқарған Астаналық блогшыларға, қол ұшын берген Алматылық блогшыларға, ештеңеге қарамай «Құрылтай үшін» жан-жақтан Астанаға ағылған барша блогшылар қауымына айтар алғысым шексіз! Қатысқан да, қатыспаған да арманда!!!
" data-width="600" data-numposts="5">

54 пікір

avatar
Иә, Астанада такси қызметінің Семейден арзан екеніне таңқалғаным болмаса…
құрылтай керемет өтті!
Мәә, мен 200 теңгеге апарып таста деп таксилерді жылатып жүрсем
avatar
Себебі Бізде Шымкенттік таксистер көп
avatar
Тайм-кипер қызметін атқарған Тоты бейнебір мұғалім апайға ұқсап кетті ме ...
avatar
Стакан жайлы менде айтқым келген еді))))
avatar
пәтерлерге жауапты Әйгерім Кеулімжайды
ұйқысынан оятқаным болмаса… құрылтай керемет өтті!
Ұйықтап жатыр ма екен? Бәсее…
avatar
Еркебұлан 2 бөтелке суды үстелге қойып кеткеннен кейін
соған қарап тамсанып… отырғаным болмаса… құрылтай керемет өтті! Өйткені,
қасында стакан жоқ еді…
стақан жоқ деп тамсанып, аузынан ақ іше алмай отырғаныңызға қарап, сізді бір байбатшаның батшайымы деп ойлай беруіме бола ма?
avatar
Біздер де колбасаны түгелімен жұтып қоймай, жібін жемейміз десейш.
avatar
)))))))))) Қайдағы бала, саған қарап только жігіті бар қызға ұқсайсың)))
avatar
Тағы-тағы, кімде не бар, фотопосттардан басқа беретіндеріңіз болса, жолсөмкелеріңізді қағыңыздаршы, қалайық
avatar
CUT болса деген бір тілек, бір үміт, бір күдік
avatar
Астана аспаны сол күндері тұнжырап тұрғаны болмаса...

Білсеңіз күннің беті 22-наурыз күні бері қараған еді. Сіздер кете салып қайта күшіне енді.
avatar
— 23-і күні құрылтайдан кейінгі кеште, есікті ішінен кілттеуді ұмытып кетіп, таңертең
бір-ақ көргеніміз болмаса...құрылтай керемет өтті!
Қалай қорықпағанбыз
avatar
Барғанша Астананың ауа-райы уайым болып еді, қайтер екен деп… жаман болған жоқ, өздеріне жылы екен, ал біз үшін тым суықтаууу болды, әсересе желі…
avatar
Қап-ай, ә! «Алтын балық» жақты ертерек білгенде…
avatar
ол түні қорқуды ойлайтын күйде болмаған сындымыз…
avatar
ештеңеге қарамай «Құрылтай үшін» жан-жақтан Астанаға ағылған барша блогшылар қауымына айтар алғысым шексіз!
— лектерің көбейе берсе екен әліде… Құрылтайдың желісі жетпеген тақырып, көтермеген мәселесі қалмасына кәміл сенемін!
avatar
желісі жетпеген тақырып, көтермеген мәселесі қалмасына

Блогкемп-2015 "Қазақстан Республикасы заңнамасындағы рұқсат ету жүйесіне қатысты экологиялық новациялар" деген тақырыпта өтеді.
avatar
"Қазақстан Республикасы заңнамасындағы рұқсат ету жүйесіне қатысты экологиялық новациялар"
— құйқасы күйген мәселені әрірек шегергеннен не пайда?
avatar
Жақсы, онда Блогкемп-2014
avatar
Ол кешегі мәселе — кешеуілдетудің орыны жоқ!
avatar
Блогкемп-2015 "Қазақстан Республикасы заңнамасындағы рұқсат ету жүйесіне қатысты экологиялық новациялар" деген тақырыпта өтеді.
Қызылордада деЩ
avatar
ия Астананың желі суық болмағанда, болашағымды осы қаламен байланыстырып қайтар ма едім
avatar
а мен уже болашағымды осы қаламен нетіп тастадым
avatar
Қызықты етіп жазыпсыз.
avatar
Біраз қауым жиналып қауқылдасып қалған екенсіңдер ғо я. Бару керек еді еп. Біраз тиын-тебен шығын боған шығар…
avatar
Сені тағы да көргеніме сондай қуанышты болдым
avatar
Рахмет, мен де!!!
avatar
Қатысқан да, қатыспаған да арманда!!!
, иә, бармай, арманда кетіп барамын, десе де келер жылы өтетін құрылтайға қатысуға, қатарымыз молайып, аман-есен жетелік,
avatar
Тотыға құрметім шексіз. Келген сайын Құрылтай ісіне белсене араласып кетеді. Өңірлерден келіп, өздерін құрметті қонақ санайтын кейбіреулерге сабақ болса екен.
avatar
Тотыдан сол сабақ алып, үлгі алмасақ ұят!
avatar
avatar
күлкіңнен айналдым, Сатыбалдым менің!
avatar
Сол баяғы науқас қиял біздікі… Әлгі, өзіңмен… Таң атқанша...
avatar
avatar
Дағыстанның форттары көрінгенше қиқулап деймін де баяғы…
avatar
Кішкене келістіріп жазшы әй
avatar
Болдырдым дегеніңе қармай, тұқыртып қойып…
avatar
:Ұяттан жүрдай Смайыл пайғамбардың күлегеші:
avatar
иә сен дәл өзісің! Айтпақшы жұмыс қалай? Министрлік орнында ма?
avatar
иә сен дәл өзісің! Айтпақшы жұмыс қалай? Министрлік орнында ма?
Тағы қай бейбақ қаһарыңа ілікті? Айтпақшы, осындай сөз жазарда, фонда мына музыка ойнап тұрса, күшті болад, өзіңді құпия агент, ғасыр әшкерелеушісі сезініп қаласың кәдімгідей:
avatar
 жынды музыка кен! Жазып алдым өзіме, енді соны қосып қойып жазамыз
avatar
Иә, қастандық теориясы; бүкіл әлем қазаққа жауығып отыр деген мәндегі жазбаларды жазарда қосарсың.
avatar
Тоты, сізге рыспек қой!
avatar
Iya, men barganda vashshe kyzyk bolatyn edi ))
avatar
Қазнетке таудай үлес қосып жатырған қытайлық бауырларымыз екен. Соны анық біліп қайттым!
avatar
Постты оқып шыққан соң, «Ауырмайды жүрек»-ті бір тыңдап алсақ артық етпес
avatar
Bıyıl Qurıltay bolmay ma ne? Jılda osı waqıtta blogşılar şuwıldap jatuwşı edi, bäri birtürli jım-jırt qoy?
avatar
Мәселе сенде ғой дейм)
avatar
Aaa, demek basqa jaqta aytılıp jatqan boldı ğoy.

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.