Сыйлық таңдауға кеңестер!!!



Ертең 8 наурыз, әрине, сүйіктілеріңіз мерекеге орай сіздерден күтіп отырған сыйлықтар туралы айтпай кетуге болмайды. Айтпақшы, әлеуметтанушылар қыз-келіншектер қандай сый алғанды ұнататыны жайлы зерттеу жасап үлгеріпті. Сонымен, дәл қазір 8 наурызға лайық сыйлықтардың ОНДЫҒЫН атап өтсек:

*ОНЫНШЫ орында гүлдер – бұл міндетті сыйлықтың бірі. Әрине, ол сіздің ханымыңыздың талғамына қарай таңдалады.
*ТОҒЫЗЫНШЫ орында шоколад- мейілінше бірегей, арзан, әрі танымал сыйлық түрі. Мұнда да сүйіктіңіздің тәттіні жақсы көретініне байланысты.
*СЕГІЗІНШІ орында — аксессуарлар мен әшекей бұйымдар. Өте қолайлы сыйлықтар десе артық емес. Мысалы, аксессуарларды әйелдер қауымы күнсайын қолданады, мысалы, бөкебай, былғары қолғап, қолшатыр, жібек орамал, сөмке, бояу құралдарын салатын дорба… тағысын тағы. Көптеген әйелдер әшекейлерді ұнатады, тек лайықтысын таңдай алсаңыз болғаны, ал сыйлығыңызды ұсынған сәтте оның шаттанған көздерін байқасаңыз, онда жолыңыздың болғаны!
*ЖЕТІНШІ орында — кәдесыйлар, жұмсақ ойыншықтар мен қарапайым тартымды заттар. Әсіресе балауса қыздардың асыға күтетін сыйлығына айналған оларды кез келген арнайы дүкендерден табасыздар.
*Ал Алтыншы орында — авторлық дизайнерлік заттар, сонымен қатар аяқ-киім, сәнді киімдер мен тұрмыстық техника. Үйге де көрік беретін заттарды сыйға тартыңыз,өйткені әйелдер өздерімен қоса, баспаналарын безендіруді де ұмыт қалдырмайды.
*БЕСІНШІ орында — парфюмерия. Бұл жерде де ханымдардың талғамына жүгіну қажет. Одан да сүйіктіңізге деп әрлеу салондары немесе бассейні бар фитнес кешеніне кіру абонементін сатып алғаныңыз тиімді.
*ТӨРТІНШІ орында — түрлі техникалық гаджеттер. Әйелдер көбінде жинақылықты құп көреді, сондықтан жаңа мобилді телефон, ыдыс жуатын машина, ас үй комбайнын армандайды. Мұндай сыйлықтарды аларда жұбыңызбен ақылдасып алған жөн шығар.
*ҮШІНШІ орында — қымбат тон немесе зергерлік бағалы әшекей, дәл осыларды кез келген әйел ерлер қауымынан тосатыны анық.
ЕКІНШІ ОРЫНДА — туристік жолдама мен демалыс орындарына саяхат. Күнге қыздырынып, жылы теңіз суына шомылып, экзотикалық, жеміс коктейлін ішсе, мейілінше саяхаттаса.Анығын айтқанда, туристик жолдама адамды сергітеді, қаншама жағымды әсер қалдыратыны даусыз.
Ал әлеуметтанушылармыздың зерттеуі бойынша ең БІРІНШІ орынға автокөлік ие болады екен. Ал жігіттер, «Сыйлық» таңдауда менің кеңестеріме құлақ асарсыздар деген ойдамын  

/Авторадио эфирінен ықшамдалып қазақ тіліне аударылды/
moxieclub.ru/ сурет сілтемесі
Бөлісу:

16 пікір

TOTY
8 наурызға сыйлық таңдаймыз!!!
satibaldi
Радиодан фото көрсеткені аздап күмілжітті…
TOTY
Ол менің қосқаным, Сатеке…
kokbori
Радиодан фото көрсеткені аздап күмілжітті…
araika
5-пункттағы жазылғандарға қосыламын. Расыменде, талғамға сай таңдалуы қиындық тудырады, сол себепті сән үйлерінен сертификат сыйлау ыңғайлы вариант.
adayqyz
5-пунк таңдамаңыздар. Талғамын табу қиынға соғады
dark_nazgul
мен биыл сыйлыққа ешкім ешқашан алып көрмеген зат алдым.
VKM
не екен, а????
dark_nazgul
жалюзи.
VKM
ол үйге керек нәрсе ғой)))общий ))))
Baisaldy
мен биыл ешкімге ештеңе силамадым