Сегізінші наурызға дайындық

  • Автор
Кеше ғана көктем келді деп қуанып жүр едік, бүгін қар жауып, барлық көңіл күйді бұзды. Нұржан досым айтпақшы «Менің күткен көктемім бұл емес еді»…

Не де болса, бүгін көктемнің бесінші күні. Халықаралық әйелдер мерекесіне 3 күн қалды. Ал біздің ҚазҰУ бұл мерекені ерте бастап кетті. Бүгін БАЗ-да университетімізідің жігіттері қыздарға арнап «Ай мүсін арулар» атты ауқымды ән мен би кешін ұйымдастырып, жүрегімізге әдемі көктем сыйлады.

Ал Екпінніңде сегізінші наурызға дайындығы одан да ерте басталды деп айта аламын. Өткен аптаны мерекеге арнайы фоторепортаж бен материалдар дайындаумен өткіздік. Сәтті шығады деген үміттемін «Екпіннің» сегізінші наурыз күні жаңаланатын бетінен біздің madlen — ді жаңа қырынан көре аласыздар. Жіберіп алмаңыздар Блог - rakisheva: Сегізінші наурызға дайындық

Сонымен қатар, өткен аптаны тек мерекеге дайындық емес, қаламыздағы өзге де түрлі қызықты, мәдени іс-шараларға қатысумен өткіздік. Солардың бірі «Канн арыстандары» атты жарнама фестивалінің Қазақстандағы ресми өкілдігінің ашылуына байланысты өткен кішігірім шара. Онда біздің керекинфолықтарды да көріп біраз мәз болып қалдық.
Блог - rakisheva: Сегізінші наурызға дайындық

Олжас Қасымның, иә, иә біздің Олжастың осы жолы Екпінге берген «Интернет ақындары әдебиеттің салмағын төмен түсіріп бара жатыр» атты сұхбаты оқырмандарымызды біраз толғандырып та үлгерді.
Блог - rakisheva: Сегізінші наурызға дайындық

Ал Әлияның «Алматы-Дели-Гоа» атты Индия еліне жасаған сапары түрлі көркем фотосуреттерге толы болды. Үнді елін бір аралатып келді, және оның жалғасы әлі бар. Яғни Екпінің келесі сандарында Үндістандағы өзге де әсем құрылыстарды Әлиямен бірге аралаймыз деген сөз Блог - rakisheva: Сегізінші наурызға дайындық
Блог - rakisheva: Сегізінші наурызға дайындық

Жақында нәзік жанды, бірақ ауыр қызмет атқарып жүрген Ләззат есімді арумен танысқан болатынбыз, сонымен әңгімелесіп, біраз қызықты мәліметтер алдық  
Блог - rakisheva: Сегізінші наурызға дайындық

Және де осы аптада оқырмандарымызды қаламыздағы тағы да бір жаңа кітапханамен таныстырдық. Орталық ғылыми кітапханаға Кербез екеуіміз фоторепортаж жасауға барғанымызда кітапхана емес, құдды бір музейде жүргендей әсерде қалдық. Сондай тамаша ғимарат енді. Ерінбесеңіз, барып келіңіздер, бір көргенге ешқандай фотосуреттер жетпейді )

Блог - rakisheva: Сегізінші наурызға дайындық

Пы.Сы. Осы аптада ЕКПІНнің логотипі ауысты.

Тезірек шынымен көктем келсе екеееееееен Блог - rakisheva: Сегізінші наурызға дайындық

Ұқсас посттар

30 пікір

nnk
Мына кітапхана керемет екен
VKM
 тамаша. Жазып тұр
madlen
Жаңаланған өзімді қатты күтудемін
VKM
Біз де көрейік.
e_zhalgas
сені жаңасына ауыстырып тастады ма, жо-жоқ, жооооқ
sammita
Интернет ақындары әдебиеттің салмағын төмен түсіріп бара жатыр
sammita
бітті, @qisyq прозаға кет
e_zhalgas
ол өзі сол жақтың жігіті еді ғой
sammita
құс қайтатын күз-көктемде поэзияға кетіп қалатын))
a63a1
ОО Улжас Хасум
Мен ОлжасҚасым ©ОлжасҚасым
AKY
е-жалғастың жүрмейтін жері жоқ, вездесущий на
konvict
Мадленнің қасына тұрып алыпты өзі
konvict
Екпіннің сегізі күнгі нөмірін алып оқимын
satibaldi
«Екпіннің» сегізінші наурыз күні жаңаланатын бетінен біздің madlen — ді жаңа қырынан көре аласыздар. Жіберіп алмаңыздар
«Жіберіп қоймаңыздар» десеңіз — маркетинг тұрғысынан сәтті болар еді.
a63a1
жасыл фонға қара түс жараспайма қалай өзі?
sammita
Ләззат 22-де болса сырттай оқитын болуы керек ЖОО. Бірақ «ауыр қызмет атқарып жүрген» дегеннен гөрі, «жауапты» десе болады. Сот хатшысының міндеті қағаз-құжат, мәтін теру, хаттама толтыру, телефонмен хабарлау т.б. Өзі айтқандай сұрақ алу, әділдік, шешім шығару емес
sammita
Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары
1-9 наурыз аралығында Конгресс-Холл сарайында 8 наурызға арналған сыйлықтар көрмесі өтеді. Көрмеге Ресей, Украина, Беларусия елдерінің тауарлары қойылмақ. Көріп қайтыңыздар. толығырақ
kokbori
Сәмеке, көптен көрмей жүр едіңіз, сауданың маңайына кетіп пе едіңіз? Желілікмаркетингіңдссс
sammita
кімді көрмей жүрмін?
сыйлық ал барып сөйлей бермей.
kokbori
Көрінбейсіз деп сұрағанмын, әшкиіңніңаржағындағыңдсс? Сөйлемді соңына дейін оқуыңды жік жапар болып сұраймын @ Сатыбалды
sammita
көптен көрмей жүр едіңіз
kokbori
Менде түзелмей кеткен мыс, сен солай оқуыңды сұрағанымыз Сөйлемнің соңын оқысаң түсінерсіз деген үміт күдікке айналғаныңдссс
satibaldi
Ет те бола ма?
Zhan
2010 жылы әскери техникалардың КАДЕХ көрмесі өткен. Сол жерде ет болмаса да консервіленген еттер болды. Бәлкім ол көрмеде де ет табылып қалар. «Шапағатта» ет арзан бірақ.
sammita
енді әскерге қатысты көрме болған сон консерві өнімдері болады да)) 8 наурызға сыйлық алу керек, бірақ өзім бармадым(((
Шапағатта сиыр еті 1080 т, кеше алдым
sammita
сыйлықтар десем)))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.