Кішкентай қызықтарымыз

Блог - omarbirat: Кішкентай қызықтарымыз

«Екі күннен бері...» деген жазбадағы оқиғалар кезінде болған нәрселер:

***
Сенбі күні ай сайынғы әдетім бойынша ұлымды ертіп шаштаразға бардым. Алдымен Әлиді отырғыздым. Шашын алып жатқан кезде, қайта-қайта алдына түскен шашты қағып тастап, оЧм тыныш отырмады. Қайта-қайта «Тыныш отыр» деумен болдым.
Кезек маған келгенде ары-бері шапқылап жүрген. Екі-үш рет келіп, менің алдымдағы шашты қағып тастап өзінше мәз. Шашымды алып бола бергенде әйтеуір орындыққа барып отырды. «Еее, бағанадан бері жыбырламай, өстіп тыныш отырмай ма» деп қоям. Шашты алып болғаннан кейін қарасам, батырым ұйқыны соғып отыр :))

***
Келесі кейіпкер — бір жарым жастағы қызым. Ауылға шығар алдында әйелім қалтасына салған телефонды шығарып алып тастапты, мамасына білдіртпей. Мен телефонымды зарядсыз болғасын қалдыра салғанмын, бір телефон жетеді ғой деп. Ауылға дәукіменттерді апару керек болды да, бірақ керек қағаздардың бірін өткен жолы жеңгем сұрап әкеткен болатын. Жол бойы соны алып кетейік деп бара жатқанда телефон жоқтығын бір-ақ білдік. Сонымен не телефон жоқ, жеңгемді таппай, келіскен жерді біраз араладық. Таппағасын, ақыры жолға шықтық қой, неғылса ертең қайтып келерміз деп, ауылға ары қарай кете беруді ұйғардық.
Құдай оңдағанда, ауылдағы үйден керек дәукіменттің көшірмесі табылды. Өзі де сол көшірмесі ғана керек еді :))
Бөлісу:

4 пікір

asaubota
біздікі кеше мен жоқта шешесі телефонмен сөйлесіп жатқан моментті пайдаланып, ванныдағы менің қырынатыныммен иегін қанатып алыпты. бір жағынан иегі ауырып, бір жағынан шешесінен таяқ жеп еңіреп алыпты. мен келсем «раненый» ұйықтап жатыр :)
Nurgisa
Мдәә… өте қауіпті жағдай ғой. Мүмкіндігінше үшкірлеу заттарды қолы жетпейтін жерге қоймасаң бәле.
alisha
біз өткен жұмада бардық шаштаразға. Балам шашы саусағына іліксе болды: «Састаразға балайық» деп шығады. Осымен екінші мәрте барды. Бұрын өзім сыпырып тастаушы ем. Бірінші барғанда шаштараздан комплимент естідік. Дебютантқа ұқсамаймыз-мыс. Шашын өзімізше креативті етіп, өрнек салдырып қиғызбақ ек. Мен Еркештікіндей ирек салып беруін өтінсем, оныкі стрелка боп шықты. Екі құлағының үстінде арт жақты меңзеген стрелка тұр қазір. Оның алдындағысы таңбалы тастағы шимайлардан аумайтын бірдеңе еді.
omarbirat
Мен жұмыстан келгенде, бұлар құтырады. Күндіз мамаларынан қорыққаннан тыныш жүретін көрінеді.
Компьютерге отырсам, екеуі екі тіземе қарғып мініп алады да түспейді. Мен келгенде ғана компьютерге отырып, ойын ойнайды. Кейбір жерлерден өте алмаса, «Ойнап берші» деп маған ойнатып қойып, қасымда қарап отырады. Ойындары да анау-мынау емес: Call Of Juarez: Bound In Blood, GTA IV, Armed and Dangerous. Әріп танымайды демесең, компьютерді кәдімгідей меңгеріп алған :)