"Матрица" демекші

Көптен ойда жүрген дүние еді.
Әбіләкімнің постынан кейін әбден бекідім.
«Матрица» — Internews Kazakhstan Орталық Азияда жүргізіп отырған жоба. Мақсаты: Орталық Азия елдерінде жаңа технологиялар дамыту )құдай, не жазып қойғанмын), Орталық Азия халықтарының ІТ сауаттылығын арттыру.
Офис Алматыда, яғни, орталық біз. Біз арқылы Тәжікстан, Қырғызстан интернеті, сол елдердегі блогосфера, анау-мынау туралы хабар тарайды. Ол елдерге «Матрица» толық озвучкамен ғана барады. Ал Қазақстанда екі нұсқада жүреді: орысша, қазақша. Қазақша нұсқасы былай жасалады: сюжеттер дубляжбен, ал студия қазақ тілінде жазылады.
Сюжеттерді орыстілді журналистер әзірлейді, негізінен. Сондықтан да, көбінесе, орыстілді блогосфера, орыстілді интернет қамтылатыны түсінікті шығар.
Мен мұнда келгеніме бір жылдан асты. Оған дейін редакторлық қызметті Мират Миятов деген жігіт атқарған. Ал жүргізушілер Қалдыбек Жайсаңбай мен оның әйелі Әлия болған. 2010 жылдың аяғында команда толық жаңаланды, жаңа жүргізушілер келді. Қазір Қуат Ахметжанов пен Сандуғаш Картаева жүргізеді.
Енді, істің мәнісіне көшейін. «Матрица» — қазақтілді интернетке «рупор» бола алатын жақсы жоба. Мұнда бәрін қамтуға болады: блогтан гаджетке дейін. Неліктен соны пайдаланбасқа? Қазіргі таңда басшылық тарапынан маған толық кард-бланш беріліп отыр, тіпті бағдарламаны тұтас қазақша жасасам да өз еркім. Яғни, қазақ тілінде сюжеттермен толтырып. Бірақ, мен жалғызбын, біріншіден, екіншіден, уақытым жоқ.
Сол үшін, журналист қыз-жігіттер болса, осы тақырып қызық, жаза аламын, сюжет әзірлегім келеді деген жастарға есігіміз ашық.
Басты талап: мен оны твиттерде жазда жазғанмын, өте сауатты болу керек, менің редакторлық тегеурініме төтеп бере алатындай. Содан кейін, әрине, тақырыпты қағып тұруы тиіс.
Төлемақы туралы бір ауыз сөз. Бізде берілетін гонорар да аз деп айтпас едім. Күзде Айзат деген қыз келгенде, «Хабардың» «Таразысы» он минуттық сюжетке беретін гонорарының сомасын айтқан. Біздің хронометраж төрт минут, ақысы пропорционал екен.
Жұмыс, әрине, фриланс. Штатқа адам алуға асықпайды, офистің саясаты сондай. Бірақ аптасына бір сюжет әзірлеуге кететін уақытын журналист өзі жоспарлайды. Бастысы, монтажға толық бір күн бөле алуы тиіс.
ЗЫ. Күзде келген бір жігіт, оқыса өзі түсінер. Бастаған ісін аяқтамай тастап кетті. бір қыз да келген. Ол да жоқ болып кетті.
Сол үшін, тәжірибе жинайм, қазақ тілді интернетті дамытуға үлес қосам (пах, пафосты айтсаңшы!), қосымша табыс табам деген қыз-жігіттер болса, ҚҰШАҒЫМЫЗ АШЫҚ!!!
Айтпақшы, «запасқа» жүргізуші іздеп жүрміз. Әдемі, дикциясы жақсы, қазақша сауатты, ай-ти сауаттылығы да бар қыз бен жігіт керек. Әзірше запасқа. Ал егер, Қуат пен Сандуғаштан артық болып, басшылыққа ұнап жатса, тұрақты болу мүмкіндігі де бар.
Вобшым, велкам!!!
ЗЫЗЫ. менімен қалай хабарласуға болатынын бәрі біледі. ))))

dark_nazgul

Әзірше ештеңе белгісіз…

Ұқсас посттар

101 пікір

satibaldi
ҚҰШАҒЫМЫЗ АШЫҚ!!!
Әнеки, әні, тағы да айтты… Бекер ауыздың суын құртып…
dark_nazgul
dark_nazgul
ойбай, смайл мынадай екен ғой… өзімше, ұялып тұрған смайл екен деп қойсам… «бетті бастым, қатты састым»
Abilakim
құшақты ашып, кеудеге басып…
qisyq
Мен мұнда келгеніме бір жылдан асты. Оған дейін редакторлық қызметті Мират Миятов деген жігіт атқарған. Ал жүргізушілер Қалдыбек Жайсаңбай мен оның әйелі Әлия болған. 2010 жылдың аяғында команда толық жаңаланды, жаңа жүргізушілер келді. Қазір Қуат Ахметжанов пен Сандуғаш Картаева жүргізеді.
Mynau ne?
Gastarbaiter
Қуат пен Сандуғаштан артық болып

Бұл кісілерді таныстырып өтсеңіз, және кадр іздеуіңіз неге байланысты? Кеңею әлде басшылыққа ұнамаған біреудің орнын басу?
boztorgai
мәні бар жазба көріп отырғаным осы
qisyq
Бәрі құрысын, бәйге не болды?
dark_nazgul
қорытындысын шығардым ғой. Журналдағы қыз отпускіге кетіп қалды. Блогкжэмпта кездескенде, салтанатты түрде жеңімпаздарды марапаттаймын.
qisyq
Қайда қорытындысы? Керекке жарияланды ма?
satibaldi
деген жастарға есігіміз ашық.
Бөрікті жерге бір ұрып, жас деп кімді есептейтіндеріңді ашық айтып тастаңыз?
dark_nazgul
Жиырма беске дейін жасы бар, иығында басы бар…
dark_nazgul
Қазақша «Матрица
Қуат Ахметжанов — негізгі қызметі „авторадионың“ дикторы. Өте сауатты, жақсы маман.
Сандуғаш Картаева — ҚазҰУ студенттермен жұмыс істеу бөлімінің маманы. Сауатты, сұлу (бойдақ) қыз, оның үстіне магистрант.
ауыстыру себептерін толық ашып айта алмаймын, оның үстіне, тура қазір олардың орнына адам ала қояйын деп отырған жоқпыз.
Бізге керегі — ол екеуіның жағдайы келмей жатқан кезде, форсмажорда эфирге шыға алатын запастағы құрам. Ал келешекте, егер, жаңа қыз бен жігіт бағдарламаның дамуына үлес қосып, көрілім саны көбейіп жатса, онда мәселе басқа қырынан қойылады.
TOTY
Қуаттың ТВ саласында тәжірибесі жетерлік
dark_nazgul
оған ешкімнің таласы жоқ.
patick
Бағдарлама салалық болғандықтан, тақырып табу қиын шығар?
dark_nazgul
тақырып табу қиын емес. Менің өз қоржынымда қазір ондаған тақырып жатыр. Бірақ, игеріп әкететін адам жоқ.
patick
Жазға таман байқап көруге болады
kazprose
Сайттарыңыздың Матрица KZ деп тұрған жерінде қате бар екен. «Эфир уақыты» деген сөзді «Эфир ұақыты» деп жазып қойыпсыздар.
dark_nazgul
білем. қатені түзетуді қолға алмай отырған себебі, сайт жаңартылып жатқан, бертінге дейін. ал енді, веб мастер кетіп қалды, тағы орта жолда қалып қойды
dark_nazgul
Жалпы, сайттың да, бағдарламаның өзінің де қазақша нұсқасына салғырттықпен қарау басым. Әйтеуір эфирге шықса болды деп жатады. Сол үшін де, бар екенімізді, бізге керек екенін, істей алатынымызды дәлелдеу үшін де команда жинағым келіп жүр.
satibaldi

dark_nazgul
күлейін десем, қай жеріне күлерімді білмей отырмын… жай өтіп кетуге тағы болмайды...
kazprose
Менің телеканалда іс-тәжірибеден өткен достарым бар, хабарын айтып қояиын.
monti
Мен мұнда келгеніме бір жылдан асты.
короче, америкоттардың қайрымдылық акциясы.
жұмыс орныныз ұнамайд па сізге?
dark_nazgul
ұнайды, өте ұнайды. бірақ, толық жұмыспен айналысуға уақытым жоқ.
Gastarbaiter
Бір ғана осы сайтта мыңжарымға жуық жазбаңыз бар екен. Ұялсаңыз нетті
dark_nazgul
ой, үйде отырып, балалар ұйықтап жатқанда жазба жазу бір бөлек те, анааау Сейфуллин мен мәметованың қиылысына монтажға барған, арасында оператор ертіп съемкада жүрген бір бөлек қой…
KILYZAMAN
Енді, істің мәнісіне көшейін. «Матрица» — қазақтілді интернетке «рупор» бола алатын жақсы жоба. Мұнда бәрін қамтуға болады: блогтан гаджетке дейін. Неліктен соны пайдаланбасқа? Қазіргі таңда басшылық тарапынан маған толық кард-бланш беріліп отыр, тіпті бағдарламаны тұтас қазақша жасасам да өз еркім. Яғни, қазақ тілінде сюжеттермен толтырып. Бірақ, мен жалғызбын, біріншіден, екіншіден, уақытым жоқ.
— жұмысқа алшы… Редацияласаң болды — орфгрстилэптарды қалғаны табылады
dark_nazgul
келіңіз)))
KILYZAMAN
Кастинг қай жерде өтеді?
dark_nazgul
негізі бәрін продюсер шешеді. сонымен сөйлесу керек, офиске келіп.
KILYZAMAN
Ол қай жерде?
nurbergen_makym
Шал, Hi-tech-те кәсіби пікір білдіргенше, жекеге жазып үйренсейш, нақ
KILYZAMAN
Hi-tech — ке жалғыз кеткенше, дегенім ғо
dark_nazgul
мәметованың бойында, Сейфуллин мен наурызбай батырдың ортасында.
KILYZAMAN
Не деген дәлдік…
dark_nazgul
профессор Майтанов «дәлдік» деген жаман сөз деуші еді.
KILYZAMAN
Майды көп жеп дәлдіктен жүрегі айныған болар ол профтың...
TERISKEY
Жаны жәннатта болсын!
nurbergen_makym
Бекер шақырдың. Нi-tech-ті Қилызаман қазақшалайтын болса, жаңа өсіп келе жатқан бұл саланы жөргегінде тұншықтырдым дей бер…
dark_nazgul
ағай өзі де жастар арасында жұмыс істеген қиын болатынын түсінер деп, бетінен қақпап едім…
nurbergen_makym
Ал, енді, не болды? Белін буасың ба? Ышқыры бостау болмасын шалдың
KILYZAMAN
Жөні бар талпынысымды тастың талқаны еттіңдер…
dark_nazgul
фриланста жүріп ышқыр босатуға уақыты бола қояр ма екен? белін бекем буып келеді ғой, өзі де
KILYZAMAN
Түскі өміріме кешкі азық іздегенімді көре алмадыңба
dark_nazgul
көріп отырмын ғой, ағай… формат келіңкіремейді ғой, әйтпесе…
KILYZAMAN
формат келіңкіремейді ғой
— әне сөйтесіңдер…
KILYZAMAN
Айтпақшы, «запасқа» жүргізуші іздеп жүрміз. Әдемі, дикциясы жақсы, қазақша сауатты, ай-ти сауаттылығы да бар қыз бен жігіт керек.
— кекештенгенде, орысша ғана боқтағаным болмаса былай дұрыс сияқтымын
dark_nazgul
ағай, мен шынымен, жұмыс туралы айтқам… қылжаққа айналдырар деп ойламап едім… «Матрица» жасөспірімдер мен жастарға арналған бағдарлама. Формат — өз құрдастарымен сөйлесіп отырғандай болуы керек.
KILYZAMAN
Менде жұмыс туралы айтып отырмын. Неге осы ересектерді елемеудің ебін іздейсіңдер а?
nurbergen_makym
Лібә, қараш, мысалы, ернінен сүті кеппеген бала — саяси сараптамалық бағдарлама жүргізіп отырса, сен қарар ма, едің? Сол сияқты, саған да порноға түсуге болмайды… Не презентабельная ты теперь, поверь!
KILYZAMAN
Дерттің түрлері көп
KILYZAMAN
Презентабельныйлар жайлы ойыңды аша түссең…
Gastarbaiter
Кетей, нақ уж не-не порноға түсуге мүмкіндігі бар. Тұрғыш-ұрғыш болса, шаштың ағына қарай қоймайды деп болжап отырмын.
nurbergen_makym
Солайы солай ғой. Бірақ, күрең бесті ырық берсін бе, шіркін. Әсіресе, шалекең, ішіп алғанда
KILYZAMAN
Нұреке мұның артық енді… Модеміңнің көреген иісшіл немесе көреген екенін айтып әлек болма
nurbergen_makym
Енді, түнәу түндері торғайдай топырлаған қыздарға, қырғидай тиген жоқсыз ба?
KILYZAMAN
Сол түні Керекте болмағандығыңды мойындай аласыңба?
Gastarbaiter
Боқмұрындар, міне былай жасайд! деп шашыңызды гельдеп кірісіп кетсеңізші
Gastarbaiter
Айтып отырғаның рас болса, тіпті де бүкіл көзірлер қолында
dark_nazgul
әп әдемі ән еді, пұшық келіп бүлдірді…
Esdaulet
атақты мәметова 67 ме? SUN SITYнсс
omarbirat
Сол лохотрон ба, не бәле өзі? Қыбыр-жыбырлары саған таныс болса, тарқатып түсіндіріп жіберсең? Бір ай ызбандап зайып алымды шығарып еді. Іштей кетнағын айтып, әрең құтылдым.
Esdaulet
ия, лохотрон. типа осындай бағдарлама бар деп, купон толтырады. кейін ұттыңыз, жұбайыңызбен келіп алып кетіңіз дейді. ол жерде сен сияқты 3-4 жұп жүреді(өз адамдары), жеребе бойынша сыйлықтар таратқанда, именно саған путевка түседі, басқаларға тұрмыстық техника түседі. сосын путеьвка алуға ақша төлеуді сұрайды. жалпы принципі осы.
nurjanbay
Матрицаны ақтарып отырып http://scrumblr.ca/ деген сайт тауып алдым. қандай сайт екенін білгілерің келсе мына http://scrumblr.ca/kerekinfo деген сілтемеге өтіңдер. тақтаға кім не жазғысы келеді соны жаза беруіне болады. күшті.
satibaldi
Түрмедегі тоғыз серкені тап осы жерге жазып не керегі бар еді?(((
Abilakim
Жұмысқа артық дамбал әкеліп отыру керек болды
dark_nazgul
Айтпақшы, басқа қалада тұратын журналистер материал әзірлеп жіберсе де болады. Сюжетті толық монтаждап жіберсе болады, немесе жай материал жіберсе, мына жақта өзіміз монтаж жасаймыз. Сапасы жақсы болуы тиіс екені айтпаса да түсінікті шығар.
Бірінші жағдайда, әрине, гонорарды оператор, видеоинженермен бөлісуге тура келеді, ол жағын да ескерсін. Ал екінші жағдайда толық сюжеттің емес, материалдың ақысын алады.
Abilakim
ал, материал ештеңе жібермей тек аты-жөнін жіберсе ше?
dark_nazgul
мен эфирге шығатын материалды айтып отырмын. Өз қалаларыңдағы блогшылар туралы портреттік сюжеттер, айти жаңалықтарға шолу, мысалы, айтифрайдэй өте қалып жатса, түсіріп, жіберсеңдер болады. Қарап, көреміз.
Мысалы, Законың сотқа арыз бергенін бізге Отырар ТВ журналистері түсіріп, беріп жіберген.
satibaldi
Матрица демекші, жұмысқа қабылдарда бір қызыл, бір көк дәрі беретіндерің рас па?
dark_nazgul
беріп тұрып айтамыз: «синию не ешь — крякнешь». «а красную?» — «тоже не ешь — мяукнешь»
Gastarbaiter
Жоқ, сіз түсінбедіңіз, ойййй кетш
dark_nazgul
енді не? дуовит для мужчин емес шығар, айтып отырғандарың?
satibaldi
Мдааа… Веселенькая организация. Ногами ни-ни…
meirzhan
Сонда қаласаңыз, орысша мүлде жүрмейтін бола ма бағдарлама?
dark_nazgul
Қаласам, қазақша нұсқасы орысшасына тәуелсіз жүреді. Әйтпесе, біз қазір орвсша әзірленген нұсқаны аударып беріп жүрміз ғой.
dark_nazgul
Айтпақшы, сүйінші жаңалығым бар.
sheber.wordpress.com блогының авторы Елдар Құдайберген өткен аптадан бастап «Матрица» сайтының веб мастері болып тағайындалды!!!Қатарымыз толып жатыр!
Алла жазса, көшіміз енді түзелетін шығар.
satibaldi
Әлі жүрсің бе жалғыз өзің ойбайлап? Ұлтшылдардан неге көмек сұрамайсың, Қохаевадан мысалы?
dark_nazgul
өзіңізден қолдау болмағасын жүрміз ғой, жалғыздың үні шықпас деп.
dark_nazgul
Тағы бір жаңалық бар.
Біздің Қуат Ахметжанов «Хабар» және «Еларнаның» ресми даусы болып тағайындалды.
Вопшым, жігіт керек маған.
Gastarbaiter
Осы жерден іздегеніңізді, «керек» мүшелеріне көрсеткен сеніміңіз деп түсінуге бола ма?
dark_nazgul
иә. Таныс, бауыр, шәкірт, жақсы жігіттер болса, біз жаққа қарай жол сілтеп жіберіңіздер.
Gastarbaiter
Ок. Айлығы қанша? Ренжітпейміз, иманына сай деген жауаптар қабылданбайд.
dark_nazgul
айлық емес. аптасына бір бағдарлама (студия мен ЗКТ жазуға үш-төрт сағат уақыт кетеді) елу доллар. ақысы қолма қол. Записьтен шыға сала алып отырады.
dark_nazgul
Қуат Ахметжанов «Хабар» және «Еларнаның» ресми даусы болғандығын жаздым.
Сондықтан, ендігі жерде оның даусы өзге телеарна эфирлерінен естілмеуі тиіс екен.
Бағдарлама жүргізетін жігіт іздеп жүргенімізді де жазғанмын.
Біраз жігіт резюме жіберіпті, келесі сейсенбі бастарын қосып, тракт жазбақшымыз.
Әлі де ниет білдірушілер болса, менімен хабарлассын.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.