Сайлауға барасың ба?

  • Автор
Ақтау қаласынан шығатын Лада.ТВ газетінің интернет-бетінде “Сайлауға барасыз ба? Кімге дауыс бересіз?” атты сауалнама өтуде.

Қарап отырсам, сайлауға қатыспайтындар мен қатыса қалған күннің өзінде өзге емес “Нұр Отанға” дауыс беремін” деушілер қарасы көп-ақ. Оның ішінде менің және әйелімнің де дауысы жүр. Яғни, қалыс қалушыларданбыз. Ал дәлірек ақпаратты суреттен қараңыздар.

Дегенмен, бұл тек lada.kz сайтының өзіндегі ғана сауалнама ақпары. Ал олардың Вконтакте атты әлеуметтік желісіндегі бетшесінде тағы бір сауалнама жариялаған (екінші сурет). Ол жердегі халықтың да басым көпшілігі, яғни 43.7 пайызы “Сайлауға бармаймын” деп жауап берсе, сайлауға барамын деп шешкендердің 26.6 пайызы “Нұр Отанға” бүйректері бұратындықтарын жасырмаған. Айта кету керек, бұл басылымның негізгі контингенті Маңғыстаулықтар немесе мен сияқты өзге облыста, өзге елде гастарбайтерлетіп немесе оқып жүрген маңғыстаулықтар боп табылатындықтан, бұл сауалнама көрсеткіштерін тек қана болмағанмен, көп жағдайда Маңғыстауға тиесілі деп қарастыру керек. Демек, менің шығарып отырған қорытындым, халық не сайлауға сенбейді, не мен сияқты “Бәрібір Нұр-Отанға беремін даусымды, ал Нұр Отан мен бармасам да өзіне тиесілі дауысты алады” деген сенімдегі адамдар деп білемін.
Ал енді төмендегі сауалнама арқылы сіздер жауап беріп көріңіздерші? Сайлауға кім барады? Кім кімге дауыс береді?

Ұқсас посттар

122 пікір

Marco
бүгінгі «нагрузкадан» кейін, дауыс бермес бұрын кәдімгідей ойланады екенсің)))
asaubota
прописка жоқ, бармаймын.

16 желтоқсанға дейін пропискасыз екенімді айтуға үлгермедім.
Nurgisa
Кабинеттесімнің бірі өзінің конституциялық құқығын іске асыру үшін Өскеменнен «открепительный» талонын алдыртып, қай жерде дауыс бере алатынын сұрастырып, сайланып отыр. Бей-жай қарауға бола ма екен дейді. Құлшынысы мықты. Бәрі өзгерістерді қалаймыз дейді, бірақ дауысын бермей, шет қалады дейді. Өйткісі жоқ.
Aldeken
билет алдың ба?
Nurgisa
Алғым келеді. Уақыт тапшы болды, бірақ. Енді бере алмайтын шығармын.
Aldeken
қиын болды-ау, басқалар сияқты алған әсеріңмен де бөлісе алмайсың.
saken
ЖСДП-ның қасына неге тек қана Жармахан Тұяқбайды жазған?
Мысалы мен сайлауға барсам ЖСДП-ға берер едім дауысымды, бірақ Тоқтар Әубәкіров үшін ғана.
manshukn
Биыл сайлауға дайындық та жақсы. Мында мынадай ақпарат бар, ел азаматтарының 78,3 пайызы сайлауға барады. Отандық үкіметтік емес ұйымдардың бірі өткен аптада, яғни қаңтардың 4-і мен 6-ы аралығында еліміздің барлық өңірінде сауалнама жүргізді. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 69,3 пайызы «сайлауға барып, дауыс береміз» деп жауап берген. Тағы 10 пайызы «сайлауға бармақ ойымыз бар» деген. Осылайша, бұған дейінгі сауалнамалармен салыстырғанда халықтың белсенділігі 8,6 пайызға артқан. Сұрақ-жауап еліміздің әр өңірінен барлығы 1500 адамнан алынған. kaztrk.kz/kaz/archive/election/El_azamattarinin_78_3_pajizi_sajlauga_baradi.html#go
Nurgisa
Осы, «яғни» дегенді соңғы кезде мүлде қате қолданатын боп кетіпті.
Отандық үкіметтік емес ұйымдардың бірі өткен аптада, яғни қаңтардың 4-і мен 6-ы аралығында
Өткен апта 4-інде басталып, 6-сында біте салмайды ғой, енді. «Яғниді» әсіресе телевизияда жөн-жосықсыз айта беретіндерін жиі байқаймын.
Аздап оффтоп боп кетті.
satibaldi
El_azamattarinin_78_3_pajizi_sajlauga_baradi.html
Қор болған html тілі-ай.
Abilakim
Пропискамда бар, сайлау учаскесі 50 ақ метр жерде, бірақ бармайм
Zhan
Сайлауға барыңдар деп қояды бастығым. Прописка да бар. Сонда да бармаймын. Немқұрайдылық емес, жай сол қаламай тұрған нәрсені бәрібір жасамаймын.
satibaldi
Прописка да, бәрі де бар, сайлау құқығым жоқ.
monti
сайлау құқығым жоқ.
неге жоқ?
satibaldi
Саяси сенімсізбін
direct
сайлауға барамын деп шешкендердің 26.6 пайызы “Нұр Отанға” бүйректері бұратындықтарын жасырмаған
Ну енді шай/лаваш пұлын сол жерден тауып жеген соң "қарындары" сонда бұратынын несіне жасырсын)))
AKY
барамын.
satibaldi
«Апарады» десеңіз — дәлірек болар.
FaraOn1
бютжетникпін… содықтан ОӘ сайлауға барыңдар мына мен мынаған дауыс беріңдер деп қойды ужеее
satibaldi
Әкім сені жеке өзі қарап отыр дейсің ғой
Кабинаға кіргесін бәрібір емес пе, подлянка істеп кет, сосын туалетке барып, ішіңнен рақаттанып күл
FaraOn1
тсссс тушшш бар құпямды ақтарып тастадыңы ғой
FaraOn1
пардон тастадыңыз
FaraOn1
ОӘ сүйтіп сәлем айтыпатыр деп айтты ғой әйтеуір нежный бұйрық)))
satibaldi
Таң тапай ушастік ашылуына барыңдар, гүл-мүл мен ручкі-қарындаш сияқты сыйлық алып, Хабарға ыржиып қайтасыңдар.
AKY
Президенттік сайлауға 18 жасымда бірінші рет барғанымда (таң атпай) миксер ме, үтік пе бәрбәле сыйлаған.
satibaldi
Дәніккеннен құныққан жаман
AKY
Бұл менің соңғы сайлауым еді деп өтірік айтайын ба
satibaldi
— Ох Әйгерім деген Сіз бе, 18 жасында Бәйменовке дауыс берген?
— Иә?
— Үтікті қайтарыңыз.
Aldeken
бергіштер өңшең…
дұрыс түсініңдер…
Nurgisa
 Сен де бересің бе Алдан? дұрыс түсін…
Aldeken
бермеймін. көңіл-күйім болмай тұр. дұрыс түсін…
Zhan
Түсіндіргіштердің түсіндіргенін түсінуге түсінігі жеткенін қарашы
Aldeken
AKY
Не күлкі? Не жырқыл осы сендердікі?
Aldeken
не ғо, жерлес, бергендер бермегендерді түсіне алмайды десем, ия?
AKY
жоға деймін де, бере салсаң нең кетед дейм дә?
Zhan
Не күлкі? Не жырқыл осы сендердікі?
Не да, АКҮ бүгін ғана білдім, Алдекең мен Нұрғиса бір-бірін жақсы түсінісіп қояды екен
omarbirat
Бармаймын.
AKY
Барыңызшы
direct
Барып қайтсін, Омекенің үйінде үтік/миксер деген дүния бар болса керек, содан бармайм деп отқаны))))
AKY
Оған бәрібір ондай сыйлық бермейді, ол үшін 18 жаста, және ең алғаш дауыс беруші болуы керек. Әрі бұл — президент сайлауы емес
Жай, барыңызшы деп айтқым кеп кетті, үйдің жанындағы тиіп тұрған жерге барып қайтуға болады ғое.
omarbirat
Оған бәрібір ондай сыйлық бермейді
Тем более не бар?
AKY
Өзіңізді жынД патриот, Отанның саясатына үлес қосушы ретінде сезініп қайтасыз  Барыңызшыыыы…
monti
Барыңызшыыыы…
 сенде қоймайд кенсің прям))))
omarbirat
Ол жерде не бар?
AKY
Күшті болады дейм, үтік береді
Gulzhanat
«Арайлап таңым, асқақтап тауы-ым!» деп, жатақхананы тік тұрғызып, аязға тоңдырып, таңғы алтыда сайлауға айдап апарып еді студент кезімде.Танымайтын ақбас ағаға дауыс беру үшін екі сағат кезекте тұрғанбыз.Ұмтылар еді ғой, «айдалғандар» тізімінің жартысы жоғалып кетіп, «фамилияң жоқ, значит бармағансың! отчислим!» деген сөгіс естімінімде…
monti
фамилияң жоқ, значит бармағансың! отчислим!
ажь так?
сосын не болд? өміріңд айтам?
satibaldi
Шартты жазасын өтеп шыққаннан кейін тоқыма фабрикасына орналасқан.
monti
ужсь сат атай жаман сөздер қай жернізден шығып атад осы
Gulzhanat
«Вилки нашлись. Осадок-то остался» ))
Ottegin
Сайлауға барған да, бармаған да арманда… Оны жақсы білеміз, ал «НүрОтарға» дауыс бермейтін сайлаудың болмауы да мүмкін екенін күні кеше білгендей болдық, дегенмен күн нұрынан жаралған тылсым күштің иесі демократиялық гармонияны қалпына келтіргені кімге дауыс беру керек екенін анық көрсетті емес пе? Сондақтан сайлауға бару керек… НұрОтанға дауыс беру керек! Бұл тәулсіздігіміздің мұраты. Жасасын НұрОтан!!!
balzaminka
барғым келсе де бара алмаймын. Қатты дауыс бергім-ақ келеді, президент сайлауына да бара алмадым
satibaldi
Консулға барып беруіңе болады ғой. Дауысты айтам.
monti
Чиннайда қайдан босын?
болсада, студенттер/жұмыскерлер көп орналасқан жерде етед ғо олар, Балзам Делиде сайлау учас. бар шығар а?
satibaldi
Жоқ, туристерден беріп жіберуге болады дейді.
balzaminka
жоқ қо дим, бар болса дауыс беруге шақырар еді ғо, осы былтыр Қазақстанның Индиядағы жылы ашылды ғо дим, соған шақырған
monti
Қазақстанның Индиядағы жылы ашылды ғо дим, соған шақырған
алғаш естуім, не шара бопт, сен қатыстың?
быйыл инеттен, қытайда студентерге сайлауға болады делінген
balzaminka
барсам нақты айтар ем ғо, барған жоқпын, себебі сол кезде қауырт шаруа болды ма сондай, әйтеуір барғым келгенмен бара алмайтындай болдым
monti
КЗ/И жылы ешқандай жерде жарияламад ғо дейм ага, мысалы, былтр, корея/кз біраз концерттер беріп, жақс боп қалдық
balzaminka
Индияның Қазақстандағы жылы болса білерсің
monti
күтеміз, саримен концерт көрсетіп кетсе кен
FaraOn1
Айтпақшы Идия демекші. бағана бір жерден Индияға қазақ әйелдерін кіргізу үшін қатаң талаптар қойылып жатыр деп оқып қалдым. обшем техосмотрдың кебін киіп шешіп жатыр))) бұрын барып алғаныңыз қандай жақсы
monti
ага менде кеше ТВ көріп қалдым ужас(((
бұрын барып алғаныңыз қандай жақсы
monti
бұрын барып алғаныңыз қандай жақсы
дегенде, бұл жерде турист ретінде қаралған ғо, ал оқуға басқашалай қарайтын шығар ниеттемін
balzaminka
әңгімені тарқата айтсаңыз  Не тексеріс? Не талап?
balzaminka
оһ, былтыр Делиге хат жазып тырысып-ақ бақтым ғо, консулдық есепке де алған жоқ
AKY
бергізбей қойды ма? дауысты айтам.
monti
да ты че
сондай саяси белсенділігіне таңым бар
satibaldi
Түсінесіз бе… Сондай натуралар болады өзі…
balzaminka
Астанаға жаңа көшіп келгенде президенттік сайлау болды ғо, сол кезде қатты жаман болғанмын. Қздан пропискадан шыққанмын, Астанада жоқпын, құдды бір бұл өмірде жоқ адам сияқты болдым, жамааааааааан
AKY
Біздерді жаппай Астанаға пропискаға тұрғызды сол жылы. Ұрсып-ұрсып, келген жақтарыңнан шығыңдар пропискадан деп. За то үтік алдым
balzaminka
бар ма ол? Өтекті айтам да
monti
За то үтік алдым
 сенде понтаватсь етіп қоймайд кенсің
monti
құдды бір бұл өмірде жоқ адам сияқты болдым, жамааааааааан
 ажь так, былтыр ғана бардым, ито, 1 аялдамалық жерге ерінер едім, машинамен апарып/әкеген соң, а че бы нет деп дауыс беріп кеттім
satibaldi
Тура Вешпайдың өзіне ме???
balzaminka
Вешпайда шаруам қанша, Е-ден келетін өзіміздің қазақ қо, қазір уже дым қызық
satibaldi
«Апам тіпті Монтгомериге хат жазган». © «Балкон».
balzaminka
мұны неге көтеріп отырмын десеңіздерші, онлайн дауыс неге бермеске?! Қанша азамат қамтылар еді
Ottegin
Аха… 1 хакердің дауысы қарапайым 10 мың дауысқа тең келіп, «НұрОтандық» гринголар құса бов өлер еді
monti
онлайн*** /да жуу тож идея, сен сияқты қатысқысы келетін адамдарға
Makhabbat
Өмірімде сайлауға барып көрмеппін
satibaldi
Кідәй-ай десейш.
direct
Сайлауға барасың ба?
Бармаймын.
2005 жылы, 4-желтоқсандағы Президенттік сайлауға қатысайын деп едім, сол күні сайлауға бармай түске дейін ұйықтағам. Бір жағынан ол күн туылған күнім еді, барғанымда сыйлыққа үтік/миксер алып қайтармедім деп қоят бір ойым)))
Жалпы, осы жасқа келіп 1 сайлауға болса да қатыспаппын. Өмірімнің соңына дейін сайлауға бармасам керек-ау шамасы)
AKY
ехх, сол сайлаудың толстовкілері жынД ед… Талай-талай походтарға киіп
FaraOn1
Талай-талай походтарға
біз походқа ауылдың сыртына природаға шығатынбыз, сіздер үйдің артына бара салады екенсіздер ғой
monti
о кезде түсітері басқа бопт
толстовкі
листовка таратқан үшін берді?
Marco
листовка таратқан үшін берді?
Қайдам, бір нұротандыққа «ептіваймайд бізге қайда» деп толстовка мен шарф алып кетіп ем. Реально, көктем мен күзе дачыда таптырмас киім болды, нақ
direct
Түүй, сенде бір, кәуаптың суретін көріп тәбетім ашылып отыр)))
Болды — бүгін түскі асқа кәуапқа тапсырыс беремін! Кеттім түскі асқа
Gazizkizi
Мен бармайм сайлауға… Менсіз де сайланады ғой сайланатын адам!
salta
«Нұр Отан» мен «Ақ жолға» дауыс бермей-ақ қойыңдар. Басқаларына қорықпай дауыс беріп шығыңдар. Алдыңғы екі патрия сандарды өздері әдемілеп тұрып бояп, көрдің бе мен қалай күштііі сурат саламын дид…
ken
әрине, бармаймын
dark_nazgul
Айтпақшы, сайлауға бармай қалған адамның даусы автоматты түрде басты партияға кететінін білесіңдер ме?
Өткенде «Сайгезге» Тоқтар Әубәкіров келгенде осыны баса айтып кетті.
Келесі дүйсенбі БолатӘбілов келеді дейді. Көреміз, не дер екен.
nurjanbay
"Әділет" партиясының плакаттарындағы үлкен қызыл жұдырықпен барлық "әділетсіздіктердің" быт шытын шығарып жатқан суретін көрдіңдер ме? сол "әділетсіздіктердің" арасында «facebook» пен «twitter» не істеп тұр? түсінбедім.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.