Махаббат деген қандай-ды..,

Махаббат, отбасылық өмір, реніш-кешірім туралы тақырыптар қанша жерден «наболевшее- разжеванное- надоевшее» болса да, бәрібір "өзекті" болып тұрады ғой қыздар үшін.Кеше «шілтерлі орамал», «шынайы махаббат» туралы посттар болған еді.Іздерін суытпай, мен де құлай салдым.

«Любое сходство с лицами, ныне здравствующими или покойными является случайным.
Особенно с тобой, Дженни Бэкман.
Сука.»


Махаббат дәл мынандай немесе тура анандай болуы мүмкін емес.Ол әртүрлі. Солай.
Төменде — сүйген — сүймеген кездерімде жинап, сақтап жүрген түрлі ақындар мен блоггерлердің шимайларынан үзінді.

— Сен кетіп қалған күндері, жай көрші бөлмеге шығып кеткендей боласың маған.
— Ал сен көрші бөлмеге шығып кетсең де, маған кетіп қалғандай болып тұрасың.
***

Махаббат та сәби сияқты, тілегі таусылмайды,
Бейне бір өмірде одан артық нәрсе бар сияқты,
Бейне бір болашақ өткен шақтан ұзағырақ сияқты,
Бейне бір жан тыныштығы өлімсіз-ақ табылатын сияқты,
Бейне бір оның қиялы, өзі әкелген аурудан әлдеқайда шынайы сияқты,
Бейне біреу ендігі көмекке асығып келе жатқандай,
Бейне бір қажыған жүрек бұдан артық нәзіктікті, мұң-қайғы мен қорқынышты көтере алатындай.
***
Ол үш нәрсені сүйетін:
Вечерня әнін, ақ павлинді және мүжілген Америка карталарын.
Балалардың жылағанын, таңқурай қосылған шәйді және әйелдің ренішін сүймейтін.
… Мен оның әйелі болдым.
***
«Мен ешқашанда сенің терезеңнің тұсына «Солнышко (котенок, рыбка, зайка), мен сені сүйемін» деп жазбаймын. Маған Тэдди қонжықтары мен жүрекшелер ұнамайды. Үнемі сызықша — арқылы – сөйлескен ұнамайды. Суицидальный мұңды сөздерге оранып тұрған қанатты қыздардың суреттері ұнамайды. Мақпал түндерге де, жұпар иістерге де, жүн шұлықтар мен көйлектерге де, шәй мен кофеге де, жара мен тыртықтарға да түкіргенім бар. А, ұмытып барамын: кірпіктерге, көз жасына және мартиниге түкіремін.
Өйткені сенен бала сүйгім келеді. Өйткені интернеттен неше түрлі статустарды оқығанның орнына, сенімен бірге жүріп картоп пен ет қуырғым келеді. Өйткені мен сені қалаймын. Шашың жиналса да, жиналмаса да, оху… көйлек пен оху… шпилькада. Мен, дені сау, кәдімгі жігіт ретінде сені қалаймын. Бұл Жаңа жыл кешінде балауыз шамның жанында құшақтасып, шәй ішіп отыру емес…
Мен саған жұмсақ ойыншықтар мен роза гүлдерінің орнына, мүмкін, Довлатов шығармаларын, мұздатқышқа сақтап қойған алғашқы қарды, аяқ киім, сурет, немесе керемет наушниктер сыйлағым келетін шығар.
Маған сенің «мур», «чмоки», «ғажайып түстер көр» дегендерің қымбат емес. Одан да жек көретініңді айт. Саясат туралы сандырақтарыңмен ұйқы берме, тыңдамай жатқаным үшін жастықпен ұр. Тіпті болмаса ішіп ал. Аздап. Ыдыстарды қират, бәтеңкемнің бауларын үзіп таста, айқайла – мені сүйгендіктен және мендегі пох… зм жаныңа батқандықтан. Өзгермейтінім үшін, сені түсінбейтінім үшін. Мен сені сүйемін. Сен де мені дәл осы қалпымда және осы мінезім үшін сүйесің.
Саған ешқандай да «махаббат — құсық», немесе, балля, «ол ренжітті, жылатты» деген өлеңдер, ешқандай «удалить отовсюду» керек емес. Маған айт. Сосын тыныштал.Өйткені сен әйелсің, ал мен еркекпін.......»
***
«Екеумізге сәл сабырлық керек болатын… Егер уақыт бергеніңде… Сонда мен сен ұнататындай ет бұқтырып үйренетін едім (әлгі сарымсақ пен коньяк қосылған ше), Егер шыдамдылық танытқаныңда… Есіктен төрге дейін шашылып жататын носкилеріңмен достасып кететін едім. Енді аз тұра тұрғаныңда… Мен сені сөзсіз-ақ түсінуді үйренер едім. Сен менің тік мінезіме кешіріммен қарауды үйренер едің.
Егер мені сүйгеніңде…
Рахмет саған! Менімен бөліскен кітаптар үшін, әндер үшін. Жар басында тұрып алғаш рет сүйгенің үшін. Он бес қызғалдақ үшін. Маған есігін ашып беріп, сосын жалғыз тастап кеткен мына керемет әлемің үшін. Қала көшелерімен келе жатып, қолымнан ұстап жүрген кезіңде менен бақытты жан болмағаны үшін».

Закуска:
— Үйде жейтін не бар?
— Тоңазытқышта не бар, соны алып жей бер, сүйіктім
— Жаны-ым сол менің! Мұзды өзің пісірдің бе?
Бұл да Махаббат
Бөлісу:

14 пікір

balzaminka
көкьем келіп қалғандай
Gastarbaiter
Бір тоқ ішегім толғанып оқып келе жатыр едім,
оху… көйлек пен оху… шпилькада
Білә, бүйтіп боқтағанша боқтамай ақ қойшы әннәсті, түшкірейін деп тұрып түшкіре алмай қалғандай облом, епті. Әрі қарай оқыған жоқпын.
Gulzhanat
Точно. Ол жерін аттап кетуім керек еді…
araika
Аударма екені көзге ұрып тұр.
satibaldi
Бұ қаззақ 1998 жылдан кейін өз ойынан бірдеңе жазғанын сірә көріп пе едің?
Gastarbaiter
-Қаззақ тек өз ойынан жазып жүр еді бір күні қараса, оның херемет бірегей туынды деп несептеп жүрген көтбұтта жуындыларын б.з, д 7800 жылы бір папуас жазып кеткен екен тасын тасқа қашап отырып… Сол ішкеннен мол ішіп кетіп, ақыры түйгені сол, қаззақ кей салаларда самодеятельностьпен айналыспас бұрын, оған дейін жазылғанды игеруі кк екен.
Gulzhanat
Хех! Пикап мектебінің негізін қаладық дегендер қалай ішіп кетпей жүр екен?
Gastarbaiter
Ішіп кеткендері бар негізі Мистери тіпті психбольницаға түсті ғой
Gulzhanat
))
Онысын білмепін
Gastarbaiter
Пикап мектебінің негізін қаладық

Орыстың бір мұжығы есіме түсіп отыр.Алиса Ночіңдіссс
Gulzhanat
Аударма екенін білдірмей аудару тек профидің қолынан келеді енді…