"ЛишьБыПікірлеу", опшым тақырыпты өздерің қойып алыңдар

«ЛишьБыПікірлеу» ауруының синдромдары жайлы ойымды толғап жібергім келіп отыр да
ПыСы: Этот пост содержит сцены насилия и жестокости. Не рекомендуются к просмотру слабонервным, бұқақақа

Мой Мирдегі фотолардың пікірленуі:


6 комментария
Пәленше1: Мяяя, керемет фото
Пәленше ответ для Пәленше1: Рахмет сизге
Пәленше2: Супер секси!
Пәленше ответ для Пәленше2: хихи
Пәленше3: Красавица
Пәленше4: Міне нагыз казак аруы
Пәленше ответ для Пәленше4: койынызшы уялтпай)
Пәленше4 ответ для Пәленше: шын айтам 
Пәленше5: Неткен коздер!
Пәленше6: Адеми екенсиз
Пәленше ответ для Пәленше6:

Ал суретке қарасаң мини юбка мен топик киген қазақтың ақбас пародалы сиыры тұрады

************
5 комментария
Пәленше1: Ырзам братан
Пәленше ответ для Пәленше1: Саган да респект Рахмет брат
Пәленше2: Машина кутты болсын!
Пәленше ответ для Пәленше2: хехе рахмет!
Пәленше3: +5
Пәленше4: Нагыз жігіт екенсин
Пәленше ответ для Пәленше4: )))
Пәленше5: Уважаю таких как я
Пәленше ответ для Пәленше5: спасиба)))

Суретке қарасаң көшеде кетіп бара жатып әдемі машина көріп соның қасында камерасы 1.3 мегапикселдік соткасымен жолдас баласының қолына зорлап беріп түсірткен бұжырбет өгіздің суреті

************
5 комментария
Пәленше1: Неткен табигат!
Пәленше ответ для Пәленше1: XDDD
Пәленше2: Адеми екен
Пәленше ответ для Пәленше2: спасибочки XDDD
Пәленше3: Кузди жаксы корем
Пәленше ответ для Пәленше3: XD
Пәленше4: Так печаально
Пәленше ответ для Пәленше4: мдаа уж (
Пәленше5: Еу, Паленше хабарласшы. Соткам 8702 568**15 кутем
Пәленше ответ для Пәленше5: Оширули тур гой

Суретке қарасаң, амалсыздан аватар қажет болып Google-дың бірінші сұрауынан жымқырып кеткен күзгі терезе алдында жылап отырған амига қыздың бояннн суреті
**************

Кейбір блогтардың пікірленуі:

Примернә мынадай өлең жазылады:
Ашық аспан, айдың жүзі көрініп,
Сағынғанда айды бейнеңе теңеумен келемін
Аппақ құсым едің сен менің
Сүйгенің едім мен сенің!

Жазбаңызды 8 адам пікірледі
Пәленше1: Пах, шіркін неткен поэзия!
Пәленше2: Шабытыңыз биіктей берсін! Нағыз өлең екен!
Пәленше3: Бәрекелді, өлеңіңізге тәнтімін, тағы да жариялап тұрыңыз
Пәленше4: Керемет өлең!
Мейіргүл: +10000000000
Пәленше5: Ағай, күзгі баллға өлең шығарып бере аласыз ба?
Пәленше6: Жүректен жазылғаны көрініп тұр. Респект менен
Ақзере: Ким Ир Ченді жүрек ауруынан өлтірген осы өлең емес пе еді?
Қарасақал: Ойбай-ай! Бұтым-ай, кететін жердің бәрінен кеттім Өлтірдің Анара

***************

Примернә мынадай казакша (қазақша емес) пост жазылады:
Бугин достарым уйге келди. Шай берип шыгарып салдым мен оларды. Подругам Паленгул, Палена, Паленя, Паленастасия, Паленай сендерди жаксыыы корем...

Жазбаңызды 7 адам пікірледі
Пәленше1: Күштііі екен
Пәленше: рахмет))
Пәленше2: Постыңыз керемет жазылыпты
Пәленше: улкен рахмет))
Пәленше3: Бәрекелді, сіздердей қазақ қыздары көбейе берсін
Пәленше: Рахмет, сизге
Пәленше4: Керемет)))
Пәленше: хехе))
Пәленше5: +10000000000
Пәленше: Рахмет
Пәленше6: Иааа, Паленше))) Куштии отырдык Oriflame каталогын ертен беремин)))
Пәленше: ОК)
Қарасақал: Керемет өлең, бұқақақа
Пәленше: Тусинбедим?
ҚараСақал: Сен жақсысың деп жатырмын
Пәленше: аааа)

**************

Примернә мынадай қазақша пост жазылады:
Өмір деген керемет Барлығына ризамын Ертеңгі күн тезірек келсе ғой Уряяяя, кеше базарға бардым. Ужас екен ғой базар деген, картошка сатып тұрғандар Барлығыңызға қайырлы түн, сәттілік

Жазбаңызды 7 адам пікірледі
Пәленше1: Өте мықты пост
Пәленше: рахмет сізге
Пәленше2: Жазарыңыз көбейсін
Пәленше: ертең тағы жариялаймын))
Пәленше3: Постың керемет екен шынында да. әсерлендірді
Пәленше: қуаныштымын
Пәленше4: Сізге де сәттілік) Менен респект
Пәленше: хехе))
Мейіргүл: +10000000000
Пәленше: Рахмет, саған Мейіргул!
Пәленше5: Жазу стилің ерекше сақталған. Осы қалпыңнан айныма! Керемет жазба, ұтымды ойлар
Пәленше: Үлкен рахмет, аға
Ақзере: Інішек, Шудан емессің ба?
Пәленше: Түсінбедім?
Aқзере: Сен жақсысың деп жатырмын
Пәленше: аааа)

***************

Абайкизеттегі мақалалардың пікірленуі:

Примернә, мынадай мақала жазылады:
Ұлт — мәселесі қазіргі таңда өте өзекті мәселеге айналып отыр. Ел боламыз десек, тіліміз бен салтымызды сақтауды ең алдыңғы орынға қоюымыз керек. Бұрыңғылар «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді.
6 пікір | 65 рет қаралды
Қонақ: Бәрекелді. Ұлтын сүйген адамның жүрегінде оның тілі мен салтына деген махаббат болуы тиіс қой. Тіліміз өлгелі жатыр. Оны дамытайық. Ел болашағы біздің қолымызда. Ахметтер біз үшін құрбан болған. Ел тағдырын көтермесек, баба рухы алдында ұяттымыз, ағайын!
Қонақ1: Мәке мақала өте мықты шығыпты. Ой салады екен. Өз ұлтымызды өзіміз сақтамасақ, ешкім құлықты емес. Биліктің жайы белгілі
Қонақ2: Дұрыс айтасың, бауырым! Үстімізде орыс, жанымызда қытай сығып жатқанда бірігіп ел болмасақ болмайды. Аттан, қазақ!
Қонақ3: masa.kz не үшін ашылмай жатыр?
Қонақ4: Дәл тауып айттың. Өз тіліне жаны ашымайтын мәңгүртсымақтардың жүрісіне қарап ішің ашиды-ақ.
Қонақ5: Қазақ деген ежелден ұлы халық. Тілімізді дамытайық. Абай мен Мағжандардың сара жолын үлгі етіп, болашаққа нық қадам басуымыз керек. Мақалаң үшін рахмет, айналайын.
Қонақ6: Жасасын арыстар ұрпағы! Жасасын Алаш елі! Жасасын Қазақ баласы!

***************

Примернә, тағы мынадай мақала жазылады:
Өткен жылы еліміз экспортты 1.8% ұлғайтты. Бұл жылғы экономикалық есептеулер нәтижесінде халық тұрмысы орта есеппен… жоспарланып отыр.
7 пікір | 53 рет қаралды
Қонақ: Нұр-Отанның кезекті сандырағы. Ұлт мәселесін ойлауымыз керек. Ұлттық құндылықтарсыз экономикаң бір тиын.
Қонақ1: Иә, Қонақ, өз ұлтымызды өзіміз сақтамасақ, ешкім құлықты емес. Биліктің жайы белгілі
Қонақ2: Дұрыс айтасың, бауырым! Үстімізде орыс, жанымызда қытай сығып жатқанда бірігіп ел болмасақ болмайды. Аттан, қазақ!
Қонақ3: masa.kz әлі ашылмай тұр ғой?
Абдіраш: Пікір алынып тасталды!
Қонақ4: Дәл тауып айттың. Өз тіліне жаны ашымайтын мәңгүртсымақтардың жүрісіне қарап ішің ашиды-ақ.
Қонақ5: Қазақ деген ежелден ұлы халық. Тілімізді дамытайық. Абай мен Мағжандардың сара жолын үлгі етіп, болашаққа нық қадам басуымыз керек. Мақалаң үшін рахмет, айналайын.
Қонақ6: Жасасын арыстар ұрпағы! Жасасын Алаш елі! Жасасын Қазақ баласы!
Қонақ7: Уаххаптардың көзің жою керек ең әуелі. Ойлан қазағым, оян қазағым!
Бөлісу:

29 пікір

meirzhan
Абай.кз-тің мақалалары мен пікірлері өртейді  Пікірлерді ұлшыл боттар жазатын сияқты.
Gulzhanat
ФБ дегі Қазақтардың арасында жүргеніңе қарап, сені де
ұлшыл боттар
ма еке-ен деп жүрсем. Уф-фф..
blackbeard
Рұқсатсыз қосып қойған ғой
janarbek
Абай,қз жақсы сайт
маған унайтыны админы бейтарап бағыт устанады.
сосын бет алды шектеу жоқ нағыз демократтық сайт деуге болады
Бірде Нұр ды мақтап жатса бірде сау тамтығын қалдырмай боқтап жаттады… жан жақты өзі)))
araika
Садық, өткен жолғы Рыспек деген сыныптасым өзіңе тағы да барғысы келеді.
blackbeard
4 күннен бері қоймай демалып жатырмыз
araika
Мәләдес, саған сеніп тапсырдым, бас-көз боларсың
AKA
 Не ғой… маған ғана шрифтер көрінбей тұр ма, әлде…
Gastarbaiter
окушылар мен малолетний далбайофтар го анассгин, оларга не деп ренжисн
— Оооо, мангыстау? уважаюююю
— Бейнеу го брат!
— Онда сиктир анасс, мен Макаттанмын!
— Болингенды бори жейд! Шырайлы Шымкаладан Шота!
— Шымкент пашолнак, незат наху…
— Ооо Шетпе, уважаююю
— Кетнак, мен Актаудан
— Ооо Актау форева, вместе мы сила, Озеннен Оркен!
— Ойнавайтам, мен ваще Тулькибастан
— Тфу, анасс, кайда барсан да южандар
Zilola
сенің фанатыңмын )))
satibaldi
Ақзере: Ким Ир Ченді жүрек ауруынан өлтірген осы өлең емес пе еді?
serjan
Мәссаған Сатыбалдының асқазан ауруы маған да жұққан сияқты.
shimaibek
Боямасыз…
shimaibek
Сөз жоқ болса да — Лишьбыпікірлеу смайл қо Йғаным…
zafar
Суретке қарасаң көшеде кетіп бара жатып әдемі машина көріп соның қасында камерасы 1.3 мегапикселдік соткасымен жолдас баласының қолына зорлап беріп түсірткен бұжырбет өгіздің суреті
manfan
мяя жынды жазыпсын!!! мықты пост екен! жазар көбейсін!
ushkin
Массагетте масқарамызды шығарғаның аздай, керексіз комменттерді керекке де тізіпсің ғой. Ай, Қарасақал, қолыма бір түсерсің! Дегенмен көтерген мәселең бұрыс демеймін
blackbeard
Сенің масқараңды қашан шығардым, қарағым-ау Келмей қойғаның үшін жаза деп ұға салсаң да болады
a63a1
көкейкесті пост бүгіндікке